kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ша?ыра? отбасылар сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

ша?ыра? отбасылар сайысы бала бакшада ?тті 

негізгі ма?саты ата-аналармен  балалар арасында?ы ?ам?орлы? мерейлілікке м?н беру.

Ба?ша мен бала арасында?ы жа?сы ?арым- ?атынасты жа?сарту 

балаларды,ата- ананы сыйлау?а,атананы ??рметтеуге да?дыландыру

Отбасында?ы ?лкен ??ым ша?ыра? екенін мол санасына ??ю 

Балаларды? тілдік ?орын дамыту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ша?ыра? отбасылар сайысы»

«Шаңырақ» отбасылар сайысы

Мақсаты: Отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, халық педагогикасын оқу-тәрбие барысында қолдану, ұлттық тәрбиені дамыту, балаларды татулыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сайыстың жүру барысы:

Жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ата-аналар,жарысқа қатысушылар мен балабақша ұжымы! Бүгінгі «Шаңырақ»отбасылар сайысына қош келдіңіздер!

Бала – біздің болашағымыз. Сондықтан да балаларды кішкентайынан ата-аналарымен біріге отырып, мейірімді, білімпаз етіп тәрбиелеу біздің басты міндетіміз. Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Олардың бар тілеуі балаға бағытталған. Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған ата-аналарымызды ортаға шақырайық. Олар: «Ақ босаға» тобы –

«Асыл мұра» тобы –

Жүргізуші: Сайысымыз мынадай кезеңдерден тұрады:

  1. «Сөз анасы-сәлем»

  2. Тапсырмалар мен сұрақтар

  3. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер»

  4. Жағдаяттар

  5. «Қазақтың тыйым сөзі – ұлттық тәрбие көзі»



Жиналыппыз бейсенбіде бәріміз де,

Үлкен-кіші, жасымыз, кәрімізде

Төрлетіңдер қадірменді қонақтарым

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге

Әр отбасына рет нөмірі беріледі (қоржыннан асық алу арқылы).Содан кейін сайыстың басталуына ақ әже келіп шашу шашып, бата береді. Сайысқа сәттілік тілейді:

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің

Ықыласпен қол жайсаң

Ақ тілекті төгейін

Асу-асу, асуда

Бақыт берсін басыңа

Дендеріңе саулық тілеймін

Отбастарың аман болсын

Шаңырақтарың биік болсын

Керегелерің кең болсын

Бүгінгі мынау сайыстарың

Осы ұрпаққа өнеге болсын! Аумин!

Жүргізуші:

Кері кету есігін біз ашпайық

Шаңыраққа біз ұранды тастайық

Ең бірінші кезегіміз танысу

Ал,қанеки «Шаңырақ» сынын бастайық

І кезең: «Сөз анасы-сәлем» деп аталады.Әр отбасы өздерін таныстырады (топтың аты, ұраны).

«Ақ босаға» тобы: «Ақ босаға» тобымыз

Ашық әркез жолымыз

Жарысудан қашпаймыз

Мүдірмейміз, саспаймыз

«Асыл мұра» тобы: Топтың аты- «Асыл мұра»

Келдік міне жарысуға

Арамызда ептілер бар

Сөз береміз қалыспауға.

ІІ кезең: Тапсырмалар мен сұрақтар. Ұлттық киім киген қыз бала қоржын алып шығады. Әр отбасының балалары қоржындағы нөмірленген асықтарды алады, асықтарды алу арқылы тапсырмалар беріледі.

№ 1. «Шілдехана» салт-дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз.

№ 2. «Қырқынан шығару » салт-дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз

№ 3. «Бесікке салу » көрініс

№ 4. «Иткөйлек» салт-дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз



Жүргізуші: Өнерпаздар жарысып сан-салалы

Жиын десе, той десе жан салады

Келесі кезеңіміздің құрметіне

Әуелеген әсем ән жолданады.

Музыкалық үзіліс: Терме.

Жүргізуші: Жарайсыңдар барлығыңда дер едім

Асып бір төгілсінші кемелің

Ырза болып қане, біздер көрейік

Тамашалап шаңырақтың өнерін

ІІІ кезең: «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер»

Ата-аналар қол өнерден жарысады.

IV кезең: Жағдаяттар.

№ 1. Үйге келгенде балаңыздың қалтасынан бөтен ойыншық шықты, сіз не істер едіңіз?

№ 2. Таңертең балаңыз сабаққа бармаймын деп жылап отырып алды, сіз жұмысқа асығып тұрсыз, не істер едіңіз?

№ 3. Балаңыз сүрініп бетін жарақаттап алды, бірақ сізге сыныптас бала ұрды деп келсе, бұл жағдайда не істер едіңіз?

№ 4. Қонақ келгенде балаңыз сізді тыңдамады, жүгірді, секірді, келген адамдардың мазасын алды, сіз не істер едіңіз?

Музыкалық үзіліс:



V кезең: «Қазақтың тыйым сөзі – ұлттық тәрбие көзі».

№ 1. а ) «Үйде ысқырма!», «Үйдегі жан басын санама!» деген тыйым сөздердің мағынасын ашыңыз.

ә ) Ана тілінің мәртебесін қалай көтереміз? Сіздің көзқарасыңыз?

№ 2. а) «Нанды бір қолыңмен үзбе!», «Нан уағын тастама!» тыйым сөздерінің мағынасы қандай?

ә) Отбасында өз ұлтыңызды құрметтейтін қандай игі дәстүрді жалғастырып келесіз?

Сайыс соңында қазылар алқасының қортындысы тыңдылып, қазылар алқасының шешімімен «Ең тәрбиелі» және «Ең әдепті» отбасылар номинациясы бойынша марапатталды. 1. Халық банк есеп шотына 4402 5735 5787 7505 өзіңізбен бірге жеке куәлікті н/е карточка арқылы апарып аудара аласыз (Біздің ИИН: 881 025 300 586).
2. Терминал арқылы QIWI кошелектің яғни 8 707 198 42 12 нөміріне аудара аласыз. (единица ретінде емес)
Ақтөбе облысы, Алға ауданы
№1 Алға мектеп-бақша
бастауыш сынып мұғалімі
НАЗАРОВА САЛИМА ЖАКСЫЛЫКОВНА
1."Ө дыбысы мен әрпі" (сауат ашу 1сынып)
2."Өсімдіктер әлем" (дүниетану 1сынып)
3."Құстардың тіршілігі" (дүниетану 1сынып)


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ша?ыра? отбасылар сайысы

Автор: Мамбеталиева ?алия

Дата: 01.03.2016

Номер свидетельства: 300914


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства