Просмотр содержимого документа
«Ша?ын орталы? т?лектерімен ?оштасу кеші. »
Шағын орталық түлектерімен қоштасу кеші.
Залға жүргізуші кіреді.
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті аналар, әкелер, аталар мен әжелер. Бүгін біздің біраз көңіліміз алаңды, себебі бүгін қоштасар кез жетті.
2 жыл бұрын сіздердің қарақат көзді бүлдіршіндеріңіз былдырлаған тәтті тілімен,
икемсіз келген түрімен,
киінеде алмай шешіне де алмай,
келген еді шынымен.
Уақыт қандай шапшаң еді
Әнде салып, би билеп, жүректерді тербеп
Үйренді бәріне, барлығыда керемет .
Бүгінгі мерекенің себепкерлері шағын орталығымыздың түлектерін қарсы алыңыздар!
Балалардың аты- жөні аталып залға бір бірден кіреді. (Оралханова Айым Мейрамханқызы)
Және де келесі жылы әлі балабақшада қалатын жұлдыздарымыз
«Балдаурен» әніменбалалар қолдарында шарлары шеңбер бойымен айналып кіреді. Шарларын биікке көтеріп, қолымызды оңға солға қозғалтамыз. Қыздар ұлдардың ортасынан 8 жасап өтеді. Іште бір шеңбер оңға, сыртта щеңбер солға жүреді. Жарты шеңбер жасап тұра қалады. Шарларын аспанға ұшырады.
Еркеназ: Балабақша, балабақша Шаңырағы шаттықтың Балабақша қорғанышы Балғын сәби жастықтың Қуанамыз сыйлаймыз Қуаныштың мың гүлін Бақшамызбен қимай біз Қоштасатын күн бүгін Сырым.Т: Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кезімізді біз бастайық
Жүздеріңнен көркем шаттық орайын
Босын солай әр бір,күнің әр айың
Тахмина: Бұл құшағы тым ыстық
Балабақша бастапқы
Мұнда жақын туыстық
Мұнда тұңғыш дос таптық. Жүргізуші:Уақыт деген зымырап өте шықты, кешегі бүлдіршіндер бүгін міне, түлектер болып, бірінші қоштасу кешіне келіп отыр.
Тахмина- Балалар, ал сендердің естеріңдеме, алғаш келген кезде қандай едік?
Алихан: Мен анамнан қалғым келмей жылап кіретінмін.
Алимжан:Мен қасық ұстауды білмей, тамақты Бұблұл апай беретін еді.
Ермұхан:Осының бәрін маңдайымыздан сипалап, еркелете білген екінші аналарымыз- тәрбиешілеріміз ғана көтере білді.
Ән «Тәрбиеші» («Әдемі» балалар әнінің әуеніне салынып айтылады)
Еркеназ- Акниет
Бізге тәртіп үйренткен
Ән салдырып, билеткен
Бәрімізге болып пана
Атандың екінші ана
Доспен тату ойнауды
Мерекені тойлауды
Бойымызға сіңіре білген
Көптің қамын ойлауды
Қ-сы: бәрі бірге Тәрбиеші тәрбиеші
Музыка сүйемелдеуімен ерке ханшайым жылап келе жатады. Артынан шыты бар патша жүгіріп жүріп, жасын сүртеді.
Патшайым:Қуанышым менің, қызым-ау, неге жылайсың?
Айтшы жаным әкеңе, нені қалайсың?
Ханшайым: Отырғым келмейді үйде,
Әдемі көйлектер киіп күнде.
Жұмыс істегім келеді
Ел қатарлы менің де!
Патшайым: Тағыда басталдыма! Патшаның қызы жұмыс істейді дегенді қайдан естідің? Көрші патшалықтан ұят болады! Жоқ жоқ жоқ!
Ханшайым: Болды! Мен қаладым! Жұмыс істеуге барамын!
Ішім пысып кетті, Болады солай бітті!
Патшйым:ал, жарайды, жарайды.
Қандай жұмыс берсем екен,
Оқымау үшін сабақ тектен.
Ханшайым:мен... менн... Балабақшада жұмыс істегім келеді.
Патшайым: қызымау оның не?
Қолыңнан сенің келеме?
Ханшайым: Ал менің тәрбиеші болғым келеді.
Тәрбиешілік бәрінің қолынан келеді.
Фу Не қиындық сабақ беру
Балаларды ойнатып, тәрбиелеу.
Патшайым: Ал көрейік онда,
Қалауыңды орында.
Әй нөкерлер келіңдер,
Қызыммен дайындалып көріңдер!
Екі нөкер үстел мен, ақ қағаз, қарандаш алып шығады. Үстел басына отырады. Ханшайым:қазір ... бізде тіл дамыту болады. Жаңылтпаш жаттаймыз. Менің соңымнан қайталаңдар? «Шеше, шеше, неше кесе сынды кеше».Ал енді сен қайтала! (нөкер қайталай аламайды.) Түктеде білмейсіңдер! Олай болса тыңдаңдар да, естеріңе сақтаңдар. «Ерте, ерте, ертеде ммммммм»
Патшайым: Ой, қызым, тәрбиеші болмай –ақ қой!
Жүргізуші: сұлу ханшайым, тәрбиеші мамандығы өте ауыр, тәрбиші болу үшін, бірінші өзіңе сабақ оқу керек.
Патшайым: жарлығымды менің тыңдаңдар, тыңдаңдар!
Тәрбиешілердің бәрін Алғыс хатпен марапаттаңдар!
Қуандық:Жақсылыққа құмармыз
Жақсы адам болып шығамыз
Таза сәби жүректен
Қабылдаңыз мың алғыс
Тәрбиешім Маржан апай
Інжу:Бізге тәртіп үйреткен
Ән салдырып билеткен
Таныстырған ең алғаш
Ойыншық пен суретпен
Тәрбиешім алғашқы
Айнур апай
Ханшайым:Мен қаладым,
Бәрібір жұмыс істеуге барамын.
Ммммм тәрбиешінің көмекшісі боламын!
Балаларды тамақтандырамын
Ыдысты да жуамын,
Былай бір сүйкеп, былай да сүйкеп
Еденді де жуармын.
Сосын болды үйге қайтамын.
Патшайым: Ал көрейік онда,
Қалауыңды орында.
Әй нөкерлер келіңдер,
Қызыммен дайындалып көріңдер!
(Нөкерлер үстел, тәрелке, еден жуғыш алып шығады.)
Патшайым:өте керемет, қызым!
Жүргізуші:Мұныңыз не, ханшайым?! Тәрбиешінің көмекшісі осылай жасайды ма екен? Жайдан жай тәрбиешінің көмекшісі атанған емес! Тәрбиешінің көмекшісі уақытында үстелді жасап, жинайды, тазалықты қадағалап, тәрбиешілерге де көмектесіп үлгереді.
Жүргізуші:Ұқтынба, ханшайым, бәріде тектен- тек емес!
Патшайым:жарлығымды менің тыңдаңдар, тыңдаңдар, тыңдаңдар!
Тәрбиешінің көмекшілерінің бәрін Алғыс хатпен марапаттаңдар!
Арнур:Төсек орын тап таза
Аппақ жуған сүлгісі
Тазалыққа үйреткен
Булбул апайға мың алғыс
Ханшайым: Бар шығар енді балабақшада жеңіл жұмыс?
Ал менің аспазшы болғым келеді.
Тамақ жасау бәрінің қолынан келеді.
Фу Не қиындық картоп аршу
Башақ жасап, көже жасау.
Патшайым:Ас-паз-шыыыы! Ешқашан!
ХаншайымПринцесса: Боламын, боламын! (Еркелеп)
Патшайым: Қолын бір сілтейді.
Патшайым: Ал көрейік онда,
Қалауыңды орында.
Әй нөкерлер келіңдер,
Қызыммен дайындалып көріңдер!
Нөкерлер үстел алып келеді.
Ханшайым:кеспені аламын, ,
Бұрышты қосамын,
Тұз бен қантты қосып
Қазанға саламын
Міне енді дәмін көреміз. Кел бері! Нөкерлер қашады. Әке, неге олар дәмін көргісі келмейді!
Патшайым: Қызым, меніңше олар әлі өмір сүргілері келеді.
Жүргізуші:Ой ханшайым, егер аспазшылар осылай тамақ дайындаса, біздің балаларымыз не болар еді?
Ханшайым:иа, асханада қиын.... мен одан да ...
Медбике болғым келеді.
Емдеу бәрінің қолынан келеді.
Фу Не қиындық укол салу
Жап жасыл қылып, зеленка жағу.
Патшайым: Ал көрейік онда,
Қалауыңды орында.
Әй нөкерлер келіңдер,
Қызыммен дайындалып көріңдер
Жүргізуші:жоқ, жоқ, дайындалуға да рұқсат беремеймін. Денсаулық- зор байлық. Медбике болу үшін білім мен ептілік қажет.
Патшайым:Иа, қызым, денсаулық ойыншық емес.
Патшайым: Жарлығымды менің тыңдаңдар, тыңдаңдар, тыңдаңдар!
Медбикені Алғыс хатпен марапаттаңдар!
Ермұқан:Бал татыған әндері
Мың бұралған билері
Үйреткен сазгер өнерге
Айнаш апайға мың алғыс.
Нурали:Денсаулыққа болаттай
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбігер
Қамқоршымыз дәрігер
Гүлбаршын апайға мың алғыс
Ханшайым: Ал, жарайды, онда!
Менің әдіскер болғым келеді.
Әдіскерлік бәрінің қолынан келеді.
Фу Не қиындық қағазды
Таратып жүресің оңды, солды.
Жүргізуші: Ханшайым, сен тіпті елестетеде алмайсың. Әдіскердің жұмысы ең ауыры және жауапкершілікті талап етеді. Жылдық жоспарды құру керек, ұжымды басқара білу керек, жаңашыл технологияларды блуің керек, жаңа әдістемелік құралдарды меңгеруің керек! Ол жұмысты да меңгере алмассың.
Патшайым: Жарлығымды менің тыңдаңдар, тыңдаңдар, тыңдаңдар!
Әдіскерді Алғыс хатпен марапаттаңдар!
Ақниет:Ұстаздардың ұстазы
Тәрбиенің ұстасы
Меңгеруші апайға
Ырза әкем,шешемде
Бізде мұнда әрдайым
Бәрі-бәрі дап-дайын
Қамымызды ойлаған
Айнур Калиаскаровнаға
Мың алғыс!!!
Ханшайым: Онда мен директор боламын. Ұжымды саған оңға, саған солға деп басқара саламын.
Жүргізуші: Ой ханшайым, сен бар болғаны 5 минут директордың орынына отырып көрші. Бірден есікті тарсылдатып, ата- аналар келеді. Меңгерушілерің жан- жақтан сұрақтарына жауап сұрайды. Телефоныңа да маза жоқ. Елестетіп көрші өзің.
Патшайым: Жарлығымды менің тыңдаңдар, тыңдаңдар, тыңдаңдар!
Мектеп директорын алғыс хатпен марапаттаңдар!
Ханшайым: балабақшада жұмыс істеу үшін осыншалықты білімді, төзімді болу керектігін білмеппін!
Патшайым: Эх, қызым, қырсықпа
Балабақшада қызмет ету
Патшалықтың жұмысы ма?
Жүргізуші:Тыңдаңыздар, өзің ештене білмесең, қайтіп басқаларға үйретпексің. Оданда кел, біздің кешімізде бірге бол.
Патшайым: Рахмет сендерге, бізді кешке қалдырып, қызымды ақылға шақырғандарыңа. Мен әлемдегі ең мықты ұстаздардан қызыма білім алдыртамын.
Жүргізуші:Балалар, сендер патша мен ханшайымға би билеп беріңдерші.
Би «Гүлдер»
Жүргізуші:
Ұл, қыздары көңілді,
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Тақпақ айтсын шаттана.
Мөлдір:Бүгін қызық бүгін той
Біздер үшін біліп қой
Әнге салып би биле
Жалғастырып ойды ой
Алихан:Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біз мектепке барамыз
Еркежан:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі
Алтын ұя,ақ босағам киелі,
Қанат қақтық білім алып өзіңнен
Күллі бала басын саған иеді.
Әлижан:Өтті қызық көп күндер
Бес жасқа да жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір елестен өттіңдер
Мирас:Өсті ақыл –ойларың
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың
Аяжан:Шашымдыда тарадым
Айнаға да қарадым
Ерте тұрдым ұйқымнан
Мен мектепке барамын
Інжудің әні «Мен қазақтың қызымын»
Жүргізуші:Иа, биыл күзде мектепке барасыңдар. Сендер бүгін балабақшамен қоштасасыңдар. Ал сендер, балабақшадан не үйрендіңдер. Мектепке дайындықтарың қалай екенін ойын арқылы тексереміз. Айтпақшы ұмытып кетіппіз ғой, сендерге мектептен сиқырлы сандықша беріп жіберген екен ғой. Бірақ сандықты қалай ашамыз? (Кілтпен)
Кілттің қайда екенін білесіңдер ме? Мен де білмеймін. Сандықта бірдеңе жазулы тұрған сияқты. Мұнда жұмбақ жазылған екен. Жауабын тапсақ кілттің қайда екенін білетін шығармыз.
Ұшамын тауда қалқтап, Қолың жетсе алып бақ Қызыл-жасыл түсім бар Соңымнан кәне, ұшыңдар. Бұл не балалар? (Шар)
Мүмкін кілт шарлардың ішінде шығар. Қанеки, кім мерген.
Ойынның шарты: Балалар кезекпен сары, жасыл, қызыл, көк шарларды атып, ішіндегі тапсырмаларды орындайды.
1шар көк- ішінде қызыл түсті алма?
-мынау не, балалар? Ол неге жатады? Қандай табиғатқа жатқызамыз? Неліктен?
-Пішіні қандай?
-Ал түсі ше? Қызыл түсті шарымыз қайда тұр?
-Ендеше қызыл түсті шарды жаруымыз керек.
2- шар қызыл- ішінде сары түсті сандар болады.
-Тура санату, кері санату, реті бойынша санату.
3-шар сары- ішінде жасыл түсті жапырақ.
-Балалар, қазір бізде қай жыл мезгілі? Қазір жапырақтардың түсі қандай болып келеді? Жапырақ сөзін буынға бөлейікші. Бірінші дыбысы қандай екен. Жапырақтың түсі қандай?
4- шар жасыл- ішінде кілт.
Ура, бәрекелді. Кілтті таптық. Қызық екен ішінде не бар?
-Балалар,сендер сұрақтарға жақсы жауап бергендерің үшін сендерге алғыс хаттар беріп жіберіпті.
Тәрбиешілер балаларға мақтау қағаздарын таратады.
Қоштасу әні
Жүргізушілер: Ал енді қазір, «Балбөбек» тобымыздың кішкентай бүлдіршіндеріне сөз берейік.
Тілектер
Алимжан:Қош, бол достар, сәт сапар,
Үлгілі бәрің болыңдар.
Жақсы оқып әрқашан,
Тек «5»-тікті алыңдар.
Бақытжан:
Мектепке енді барыңдар Оқып, білім алыңдар. Қашық емес арамыз Бізге де келіп тұрыңдар
Балауса: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
Дендеріңсауаманесенмықтыболсын!
Аружан:Мектепесігіәрқашандаашықболсын!
Біріншігебаратынқадамдарыңқұттыбосын!
Жүргізуші:
Келесі құттықтау сөз кезегін мектебімздің директоры
Қайырбек Мұстафаевичқа береміз.
(Ата-аналарға сөз беру)
Жүргізуші: Құрметті біздің балалар, міне осымен сендердің соңғы балабақшадағы мерекелерің аяқталды. Міне, балаларымыздың жүректері лүпілдеп мектепке қадам басқалы тұр. Бойларындағы бар өнерлерін сіздерден аямай барынша тырысып көрсетті. Сіздерге ақ жол тілеймін, бөбектер. Сапарларың оң болсын бүлдіршіндер!