kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ша?ын орталы?та?ы "Аяулы анашым" та?ырыбында?ы ерте?гілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ырыбы: Аяулы анашым
Ма?саты: Бала бойына осы т?рбие са?аты ар?ылы с?йіспеншілікті, жылылы?ты ?ялату. Ата-анасын ??рмет т?тып, адал да парасатты ?л мен ?ыздары болу?а т?рбиелеу. Ата-ана берген жа?сы т?рбиелерін н?тижелі етуге уа?ыздау.
Ж?ру барысы: І.Кіріспе 
ІІ. К?рініс
Топ б?лмесі. Бекзат тере? ойда. Б?лме ішінде ерсілі-?арсылы ж?р. Сол кезде ?ыдыр?лі келіп: 
-Бекзат, неге к??ілсіз ж?рсі??

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ша?ын орталы?та?ы "Аяулы анашым" та?ырыбында?ы ерте?гілік »

Тақырыбы: Аяулы анашым
Мақсаты: Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу. Ата-ана берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге уағыздау.
Жүру барысы: І.Кіріспе 
ІІ. Көрініс
Топ бөлмесі. Бекзат терең ойда. Бөлме ішінде ерсілі-қарсылы жүр. Сол кезде Қыдырәлі келіп: 
-Бекзат, неге көңілсіз жүрсің?
Бекзат: Е-е Қыдырәлі, мен келе жатқан 8наурыз мерекесін қалай өткізсек екен деген ойдамын. 
Қыдырәлі: Онда тұрған не бар? тақпақ , ән айтып, би билеп құттықтаймыз. Міне, мен би билеп берейін, ал сен тақпақ айт. 
Бекзат: Жоо-жоқ! Мұның жарамайды. Жыл сайын би билеп, тақпақ айта береміз бе?
Қыдырәлі: Сен қызықсың, тақпақ айтпай болмайды. Ақындар ана туралы ең әсем, ең жылы сөздерді арнаған. Балалар да дайындалып жүрген, оларды да шақырайық, кімде қандай өнер бар екенін білейік.
Бекзат: Жарайды, шақырайық.

Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын ашайық.

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген алтын қазық, алтын бақ.

Айналайын анашым,
Аялайсың бағасың.
Сен үшін балалармен
Ән шырқайық бәріміз.

Бекзат: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар. Сіздерді 8 наурыз мерекесімен құтықтаймыз. Мерекелік ән шашуымызды қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Адам үшін ең қадірлі, ең аяулы жан-Ана. Ол бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақанын жылы жүзімен ыстық құшағы, мейірімін, махаббатын арнайды. Құрметті аналар, әжелер, ұстаздар, қыздар мерекелеріңіз құтты болсын. Ендігі кезекте балалар аналарына арнап өлең жолдарын арнайды. 

1. Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар қасиетті аналар.

2. Анаң болса қасыңда,
Басқа бақыт не керек.
Аналардың жүрегі
Мейірімді керемет.


3. Ақ анашым аппағым,
Өзің жайлы тақпағым.
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де. 

Хор: «Ақ мамам»
Би: «Ана»

Жүргізуші: Қариясы бар үйдің қазынасы бар деген. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, Ризаның орындауында «Асыл әжем» әнін қабыл алыңыздар. 

4. Әсем би әрбір елдің рәсімі екен,
Өнерпаз ортамызда басым екен.
Өнерін қуаныштан кім аяған,
Жаңа биді сіздерге шашу етем.

Би: «Көбелек» қыздар тобы
Көрініс: «Бір уыс мақта»
Ән: «Мама» орындайтын Еркебұлан

Аналармен ойын:
1. «Аялы алақан» 
Ойын шарты: Бір ананың көзін байлап, балалардың ішінен өз баласын табу қажет.
2. «Сиқырлы орындық»
Ойын шарты: 5 орындық қойып 6 ана шығарып ойнату. 
3. «Ғажайып кәмпиттер»
Ойын шарты: кәмпиттерді араластырып ішіне сұрақтар жазылған кәмпитті суырып жауап беру. 

Шалқып тасып әніміз
Жадырасын жанымыз.
Аналарды құттықтап,
Ән салайық бәріміз.
Хор: «Құттықтаймын мама, туған күніңмен»

Тобымыздың балалары
Ешкімнен де қалыспайды.
Өнерлерін көрсетуге
Ешқашан да қалыспайды.
Ән: «Ойыншықтар» қыздар тобы

Өмірдің иесі сен ғазиз Ана
Келтірген дүниеге небір дана
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің асыл кілті сонда ғана.
Ән: «Жан ана» орындайтын Алтынай 
Аналар ақ тілекті сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін.
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге,
Қол соғып қарсы алайық «Жігіттер» биін.
Би: «Жігіттер»

Құлақтан кіріп бойды алар, 
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар, 
Әнді сүйсең менше сүй,-деп Абай атамыз айтқандай Инабаттың орындауында «Көңілді күн» әнін қабыл алыңыздар. 

Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып қанекей би билеші,
Қол соғып демеу берсе көрермендер.
Би: «Флешмоб» 
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»

Қорытынды 
Жүргізуші: Құрметті аналар, әжелер, қыздар, ұстаздар сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ.
Ана десем шешек атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жанары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

Аналар қалқып бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарыңа.
Салтанатты кешіміз аяқталды,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа,- дей келе бүгінгі даярлық а мен ә сыныптары балаларының әзірлеген «Аяулы анашым» атты мерекемізді аяқтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілейміз. Ендігі кезекте ұстаздар мен аналарға сөз кезегін береміз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ша?ын орталы?та?ы "Аяулы анашым" та?ырыбында?ы ерте?гілік

Автор: Жумабаева Молдир Аскергалиевна

Дата: 08.05.2015

Номер свидетельства: 209310


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства