kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Сары алтындай - жайна күз!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Сары алтындай - жайна күз!" ертеңгілігі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Сары алтындай - жайна күз!"»

«Сары алтындай – жайна күз!» ертеңгілігі.


Қарашы күз келді, күз келді . Жапырақ жауыпты іздерді. Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар, балалар! Бүгінгі «Балапан» тобының балалары дайындаған «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын. Жауабын шеше алар ма екенсіңдер?!

Жұмбақ:

Жиын – терін болатын,
Қамбаға астық толатын,
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл, деп ойлайсың?


Балалар: Күз мезгілі


Жүргізуші: Балалар, дұрыс таптыңдар. Қазір күз мезгілі. Міне, біздің де балабақшамызға Алтын күз мерекесі келіп жетті. Алтын күз мерекесін тойлауға сендер дайынсыңдар ма?


Балалар: Ия, дайынбыз.


Жүргізуші: Қане , кім айтады , күз айларында қандай өзгерістер болады?


Балалар: Күн суытады, жел соғады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі.


Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар. Ал енді балалар, күз туралы қандай тақпақ жаттадыңдар? Келген қонақтарымызға өз өнерлеріңді көрсетіңдер.

Ортаға:

Дарын:

Нұрға бөлеп өмірді,

Жырға бөлеп көңілді.

Жарқыраған сәулелі ,

Күз әуені төгілді.

Әуенге еріп сиқырлы

Айтылды ән боп сиқырлы,

Күзгі әуені жастардың.

Жүрегіне нұр құйды.


Ерғанат:

Қуандырып біздерді
Кел жемісті алтын күз,
Өлкемізге күз келді
Кемелдеисін халқымыз.


Жасмин:

Алтын, сары, қызыл,
Алуан - алуан жапырақ
Күзгі бақтар күлімдеп

Көз тартады жалтырап.

Сабина:

Жер берді жемісті,

Күз келді келісті.

Күз байлық береке

Алтын күз мереке.


Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар! Біздің топтың балалары тақпақ айтуды ғана емес, көңілді ән де біледі.


Хор: «Көңілді жаңбыр»


Жүргізуші: Балалар біз мерекені бастап кеттік. Бірақ тойымызға біреу жетіспейтін сияқты. Ол кім? Білесіңдер ме?


Балалар: Ол Алтын күз ханшайым.


Музыка әуенімен залға Алтын Күз кіреді.

Күз:

Алтын түске боялды,
Тау мен қырда дала, түз.
Келдім міне ортаңа,

Менің атым Алтын күз.

Жүргізуші: Қош келдің Алтын күз! Төрлет. Балалар сізді тосып отыр.

Күз:

Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар. Иә, мен Алтын күзбін. Қараңдаршы, айналаның бәрін Алтын түске бояп қойдым.
Балалар сендер де осында келіп қалыпсыңдар ғой!

Жүргізуші: Ия, Алтын күз біздің балалар «Алтын күз» меркесіне өз өнерлерін көрсетуге келді. Сіз де балаларымыздың өнерін тамашалаңыз.

Балаларымыздың сізге арнаған тақпақтары бар.


Ілияс:

Жеміс мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген


Айша:

Бәреу астық түсірді,

Біреу астық ұшырды

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсініп.


Амир:

Келді міне күз

Айнала сары түс.

Керемет, тамаша,

Қандай әсем күз.


Батырхан:

Как осенние грибы

Зонтики мы носим,

Потому что на дворе

Наступила осень.


Күз: Балалар, тапақтарың тамаша екен.

Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге жұмбақтар жасырайын. Шешуін дұрыс таба алар ма екенсіңдер?



 Жаздай інге тығылып

Жатқан қызыл түлкіні

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні (Сәбіз)



Жерге тырс-тырс тамады

Сайға қарай ағады.

Шешуін кім табады? (Жаңбыр)

 

Ағайынды бәрі

Шықса жасыл

Түссе –сары. Бұл не? (Жапырақ.)



Күз: Дұрыс таптындар, жарайсындар! Недеген керемет ақылды балаларсыңдар!


Жүргізуші: Алтын күз, біздің балалар тақпақ мен ән айтуды ғана емес биді де тамаша билейді. Сіз балалармен бірге жапырақтар биін билеуге қалай қарайсыз?


Күз:

Жарайды. Келісемін. Келіңдер балалар, би билейік.


Би: « Жапырақтар»


Күз: Қандай тамаша! Бойым сергіп қалды.


Жүргізуші: Балаларымыздың тағы да дайындаған тақпақтары бар.


Айғаным:

Думан толы асқарлы,

Күз мезгілі басталды.

Күз әуені кеп жетті.

Әнге бөлеп жастарды

Ән салыңдар, күліңдер,

Жайнап күндей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық,

Би билейік ойнайық

Тамерлан:

Көбейді құт береке,

Астық толы қамбамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.


Сафиянур:

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.





Алан:

Жеміс-жидек пісті

Қамбаға астық түсті

Қызу жұмыс басталып,

Жинап алды жан салып.


Үнтаспадан желдің дыбысы естіліп жапырақтар ұшады.
Жел: Мында не боп жатыр, неге менсіз тойлап жатырсыңдар.


Жүргізуші: Тоқта, тоқта Асау жел, сен оданда бізбен бірге мерекені тойла.


Жел:

Мен күзгі желмін

Орманды аралап

Бұлттарды қуалап

Жапырақтарды шашамын.



Сендерде Күз мейрамы болып жатқанын естіп келдім. Мен де мерекеге қатысқым келеді.



Күз: Ашуыңды баса көр.

Тентек жел шашып кетіпті
Жапырақтарды сан алуан
Тезірек жинап алайық.

Олай болса Тентек жел, өзің шашақан жапырақтарды жинатып балалармен ойын ойна.



Жүргізуші:

Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап



Ойын: «Жапырақтар жинау»



Ойынның барысы: Балалар музыкалық әуенмен жерге шашылған жапырақтарды жинаулары қажет. Қай команда көп тереді, сол команда жеңімпаз атанады.


Жел: Неткен шапшаң балалар. Мен жапырақтарды ұшырғанша сендер жинап қойдыңдар.





Жан:

Кун суытып
Жапырақтар түседі.
Астық - жеміс жиылды.
Қамбамызға құйылды.


Расул:

Осень, тучи и дожди.

Сонце ты не уходи,

Осень, осень золотая

К нам на праздник приходи.


Жания:

Сау - сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілді
Қоңыр тартып атырап,
Көкте құстар тізілді.


Шерхан:

Еңбек қызу қырларда

Бидай толы қырманда.

Алтын таулар секілді.

Сап-сары болып тұрғанда.

Дария:

Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр етеді.
Атқарады мырза күз

Уылжыған жемісті

Күзге біз ризамыз

Аянбаған ел үшін.

Жел:

«Жел дауылды шақырады,

Бұлт жауынды шақырады» - демекші дауыл болып кетпей тұрғанда мен қайтайын.

Қош сау болыңдар балалар!


Жүргізуші:

Жетті міне, Алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз.

Жиып-теріп болған соң

Той жасайды халқымыз.- демекші келесі кезекті әнге берейік.


Ән: «Күз келгенде»


Жүргізуші: Біздің ата-аналар да тек отырмасын деп, оларға да ойын дайындадық. Олардың да көңілдері көтерілсін.   Ендігі кезекте ата-аналармен ойын ойнап көрейік.

Ата-анамен «Жапырақ қимақ» ойының ойнайды

Жүргізуші:

Ата-ананаларымыздың шеберліктерін, жылдамдықтарын байқап көру үшін жапырақтар қиғызайық

Жүргізуші:

Күз жомарт дейміз біз,

Жемісін жейміз біз.

Тосамыз жыл сайын

Берекелі күз айын


Күз:

Иә мен жомартпын.
Мереке басы ән болар,
Береке басы дәм болар.

Деп сендерге құр қол келген жоқпын.


Балалар, өнерлерін үстем болсын. Сендерге әкелген сыйымды тарту етейін.
(себет толы жемістерді береді)


Берекелі бақ дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болыңдар, балалар,

Келгенше жыл айланып.



Жүргізуші:

Күз арқылы білеміз
Жомарттықтың салтын біз
Біз өзіңді сүйеміз

Балалар: Рахмет саған Алтын күз!

Күз қоштасып шығады.



Жүргізуші

- Астық , жеміс жиылды

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйымды, - демекші


Құрметті ата - аналар, қонақтар, балалар мерекелік ертеңгілігімізді аяқтағалы отырмыз.


Жүргізуші: Берекелі, мерекелі жомарт күздің сыйлаған сыйы, әрбір отбасының ақ дастарқанынан арылмасын, еліміз аман, заманымыз тыныш болсын! Келесі күзге дейін кездескенше!











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Сары алтындай - жайна күз!"

Автор: Серғазина Ақерке Алтайқызы және Наукина Шынар Адылхановна

Дата: 18.12.2017

Номер свидетельства: 445072

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) ""Арайлы, Алтын к?з" ерте?гілігі"
    ["seo_title"] => string(33) "araily-altyn-kuz-iertien-ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "264841"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1449771055"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "«Б?гін мені? ту?ан к?нім !» "
    ["seo_title"] => string(26) "bughin-mienin-tug-an-kunim"
    ["file_id"] => string(6) "171612"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423683351"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства