Просмотр содержимого документа
«Рухани жаңғыру бойынша «Жеті қазына» интеллектуалды ойын»
Рухани жаңғыру бойынша «Жеті қазына» интеллектуалды ойын
Тақырыбы: «Жеті қазына» интеллектуалды ойын
Мақсаты : Балалардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау. Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары интеллектуалдық балалардың дарынын ашу, белсенділіктерін арттыру, білімдерін көтеру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп бәйге кезеңі.
Ойын шарты: Бұл кезеңде сендер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысасыңдар. Берілген сұрақтарды мұқият тыңдап алып, әр ойыншының қолында нөмірленген карточка болады. Қай ойыншы карточкасын бұрын көтерсе, сол жауап береді. Жауаптарың дұрыс болмаса, келесі бала жауап бере алады. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. Ең төмен ұпай жинаған екі ойыншы ойыннан шығады.
Сұрақтар:
Қазақтың ұлттық ойындарын ата?
Қазақтың ұлттық аспаптарын ата?
Қазақтың ұлттық тағамдарын ата?
Қазақтың ұлттық киімдерін ата?
Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін ата?
Қазақтың билерін ата?
Қазақтың үш данасын ата?
Жеті қазынаны ата?
Жеті күнді ата?
Жеті атаны ата?
2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағында өмірдің,
Айыра біл, үш тіліңді – дей келе кезекті сайысымыз «Жеті жұрттың тілін біл».
Шарты: Мұнда сендерге жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Қай ойыншы карточкасын бұрын көтерсе, сол жауап береді. Барлықтарыңа табыс тілеймін!
Жұмбақтар:
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама (Кітап,книга, воок)
Футболшының алаңдағы ойын заты (Доп - мяч - ball)
Жеті қазынаның бірі, адамды қорып жүретін досы (Ит - сабака - dog)
Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады (Қоян - заяц - carrot)
Алыстан қарасаң, аппақ,
Татып көрсең, тәтті - ақ (Қант – сахар - sugar )
Жұдырықтай қызыл шар,
Тілді үйірген шырын бал (Алма – яблоко - аpple )
Мамықтай ұлпа, қанаттай ақ
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады (Қар - снег – snow)
Жылт – жылт еткен
Жылғадан өткен (Су – вода - water )
Сергіту сәті «Қара жорға» әні
3 - кезең: «Қызықты тоғыздық»
Шарты: Бұл кезеңде сендерге музыка қойылады, ал сендер қандай музыкалық аспапта ойнағанын тауып алыңдар. Тапқан топқа 5 ұпай беріледі.
4 - кезең: «Жорға»
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір сайыс болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын,- деп біз енді ойынымыздыңсоңғы кезеңіне келдік.
Шарты: Бұл кезеңде әр бала отан туралы мақал-мәтел, тақпақ, ән айту керек. 1 минут уақыт беріледі. 1 сұрақ 5 ұпай болып есептеледі. Ұпай саны көп ойыншыдан бастаймыз.
Қорытынды: Әділ-қазылар алқасына сөз беріледі Ойынға қатысқан балалардың арасынан көшбасшы анықталады - ол ұпайы ең жоғары сайыскер. Барлық балаларды белсенді қатысқаны үшін мадақтау.
№ 13 бөбекжай-бақшасы
«Жеті қазына»
Интеллектуалды ойын
Рухани жаңғыру бойынша «Жеті қазына» интеллектуалды ойын