kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработка утреника "Жомарт күз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка утреника "Жомар күз" для средней группы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Разработка утреника "Жомарт күз"»

«Алтын күз»

Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау.

Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген.


Жүргізуші:

Қарсы алайық бәріміз,

Жасымызбен кәріміз.

Қырдан кепті қыдырып,

Алтын күзде нұр төгіп!!


Тілегім аман болсын ел іргесі,

Жомарт күз қайта келді берекелі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,

Жомарт күз ырыс- береке ала келді.


Құрметті ата- аналар, балалар, қонақтар! Сіздерді «Алтын күз » атты ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз. Алтын күз мерекесіне балаларды қарсы алайық.

(Әдемі сазды әуен ойнап тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарына жайғасады.)


Жүргізуші:

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!... Бүгін біздің зал қандай әдемі, қаншама түрлі-түсті жапырақтарға толы.Балалар, бүгін бізде қандай мейрам?


Балалар: Күз мейрамы!


Жүргізуші: Олай болса, балалар күз туралы дайындаған тақпақтарымызды айтайықшы.


Шерхан:

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді .

Кел жемісті Алтын күз ,

Кемелденсін халқымыз.


Темірлан:

Шоғы толған гүлдей жайнап

Жарқырайды Алтын күз.

Сайрандап күліп ойнап,

Келіп кетті қыркүйек.

Арсен:

Ойнаймыз күзде біз,

Достықты білеміз .

Айырып болмасың,

Туғандай боламыз.


Али

Өнім үйіп тастадық

Оқуды да бастадық.

Берекелі алтын күз

Ашық болсын аспаның


Ислам:

Біреу астық түсірді,

Біреу астық ұшырды.

Жатқан мезгіл күз екен,

Алдым соны түсініп.


Дария :

Қазан айы молшылық ,

Дәулет қорын қалаған .

Заңғар көкке қол соғып ,

Құстар ұшып барады.

Музыка ( тарсылдаған жаңбырдың дауысы естіледі)

Жүргізуші : Ой, балалар! Естіп тұрсыңдар ма? Жаңбыр жауайын деп тұр ма?!

(Жаңбырдың даусымен залға бұлт кіреді)


Бұлт: Сәлеметсіңдер ме, балалар!


Балалар: Сәлеметсіз бе!


Бұлт:

Күзгі көк бұлт мен болам

Көтеріліп теңізден,

Аспанға биік барамын

Қаласам қазір сендерге

Жаңбыр болып жауамын!



Жүргізуші:

Жаңбыр жаумай тоқтай тұр

Дабылыңды соқпай тұр

Саяғыңды түгендеп,

Үйіріңді сопай тұр!

  • Біз сен жайлы ән білеміз және осы әнді саған сыйлаймыз


Ән: «Жау,жау, жаңбыр»


Бұлт: Рахмет, балалар! Қандай әдемі ән! Сендер жаңбырдан қорықпайсыңдар ма?

Балалар: Жоқ! (жүргізуші білдірмей қолшатырды алады.)

Бұлт: Аяқтарыңды сулаймыз деп қорықпайсыңдар ма?


Балалар: Жоқ!


Бұлт: Қалай сендер барлықтарың батылсыңдар?


Жүргізуші: Міне, біз қандай батылмыз! Келіңдер балалар қолшатырдың астына тығылып қалыңдар

(қолшатырды жазып, балаларды астына тығылуға шақырады)


Бұлт: сендердің ойнағыларың келді ғой, мен сендерді тез ұстап аламын.


Ойын «Қолшатыр»


Жүргізуші мен балалар:

Жаңбыр,жаңбыр, жау, жаңбыр!

Жаңбыр келіп жауады

Тамшылары тамады.

(музыка қосылады балалар жүгіріп ойнады, билейді. Музыка тоқтасымен барлығы қолшатырдың астына жиналады.)


Бұлт: Балалар, сендер барлығың жылдам екенсіңдер, шапшаң екенсіңдер. Мен сендерді ұстай алалмадым.


Жүргізуші: Бұлт сенімен өте көңілді. Балалар сенімен ойнады, күлді, бірақ бізге әлі де біреу жетіспейтін сияқты. Бізде күн жоқ екен. Қане балалар, бәріміз мейрамымызға күнді қонаққа шақырайық. (балалар орындарында отырып, қолдарын шапалақтап, аяқтарын топырлатып, күнді жақырады.


Музыка (әсем әуенді музыка ойнайды, қонаққа Күн келеді)


Күн:Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер мені шақырдыңдар ма, достарым?


Балалар: Иә!


Күн:

Мен жарқырап төбеде

Нұрын төгіп тұрамын

Шуақ шашып бәріне

Бала жанын ұғамын.


Бұлт:

Күн, күн, тоқтай тұр!

Сөзіме менің құлақ түр

Ішім толы суға,

Сусыз өмір бола ма?

-Ендеше мен бәріне керекпін, мен мықтымын!


Күн: Жоқ. Мен мықтымын!

(Бұлт мен Күн дауласып аяқтарын топылдатады)


Жүргізуші: Тынышталыңдар, дауласпаңдар! Балалар, Күн мен Бұлтты татуластыру үшін біреу келе жатқан секілді.


Музыка (Сиқырлы музыка ойнайды Күз келеді)


Күз

Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл жарқын жан

Сары алтынға малынған,

Алтын күз деген мен болам.

  • Сендер мені күттіңдер ме?


Балалар: Ия. Күттік.


Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Алтын Күз! Сені шақырған біздің балалар. Алтын Күз, сен бізге көмектесші. Бұлт пен Күн екеуі кім мықты, кім бірінші деп дауласуда.


Күз: олар неге олай дауласады? Қане, балалар, Күн мен Бұлтты татуластырайық. Ол үшін ойын ойнайық


Ойын: «Тамшылар мен жапырақтар»

(Кілемге тамшылар мен жапырақтар шашылады. 2-4 бала шығып, бірінші себетке тамшыларды, екінші себетке жапырақтарды жинайды.) (Күн мен Бұлт көмектеседі)

Күн: Сендер жапырақтар мен тамшыларды теңдей етіп жинапсыңдар. Табиғатқа жылуын шашқан күн де, шөлдегенде жауын болып жауатын Бұлт та қажет.

Бұлт: Олай болса кел Күн дос болайық. Көк аспанда саған да мағанда орын табылар.

Күн: Сау болыңдар балалар!


Жүргізуші: Алтын Күз саған арнап балаларымыз ән,би , тақпақтары бар дайындаған. Ортаға балаларды шақырайық



Асанәлі:

Еңбек қызыл қырларда,

Бидай толды қырманда .

Алтын таулар секілді,

Сап — сары болып тұрғанда.


Жансұлтан:

Алтын сары , қызыл , көк
Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақтар күлімдеп,

Көз тартады жалтырап.


Сабина:

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.


Руслан

О, алақай, тамаша!

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма едім жатып ап!


Жания

Сара ала тон жамылған ,

Күз атамыз секілді .

Қойны толы дәмді нан,

Тәттісі көп не түрлі


Күз:

Жарайсыңдар, балалар!

Бәрі де көңілді.

Орманда да әр жерден

Саңырауқұлақ көрінді


Жүргізуші: Қарсы алыңыздар, балаларымыздың орындауында саңырауқұлақтар биі!

Би: «Саңырауқұлақтар»

Жүргізуші: Өте тамаша, балалар! Ал енді қонақтарымызға да ойын ойнатып сынап көрейік.

Ойын «Ұйқасын тап» деп аталады.


1.Пісетін кезі дәл күзде

Мезгілсіз оны үзбе

Аузыңнан кетпес бал дәмі

Оның аты (шабдалы)


2. Кіп-кішкене болса да,

Ағаштың басын иеді.

Жемістерін айырып,

Танисың ба (Шиені)


3. Жапырақты тасалап,

Өсетін жері бақша-бақ

Күрең қызыл шіркін-ай

Оның аты (Таңқурай)


Жүргізуші: Күзге дайындаған тақпақтарын айтуға балаларды шақырамыз


Айғаным

Күз болғанда

Алма, алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сылдыр сылдыр түседі.


Айназ:

Қыстың жақын қалғаның,

Жапырақтар сезгендей.

Желмен ұшып барады ,

Жерге қонып үлгермей .

Жапырақтар жамырап ,

Сайға барып бекінді .

Анасынан ажырап

Қалған бала секілді.


Алина

Ұшты талдан жапырақ

Сары көбелек секілді.

Аспанда жай шатырлап,

Тамшы жерге секірді.


Батырхан:

Жер берді жемісті,

Күз келді келісті.

Күз — байлық береке,

Алтын күз — мереке.

Даяна

Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.


Сұлтан

Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.


Милана

Құстар қайтты қыс болды,

Сұр бұлт жапты аспанды .

Жапырақ түсіп гүл солды,

Қараша ызғары басталды


Жүргізуші: Келесі кезекті күз туралы әнге берейік.


Ән: «Күз келгенде»


Жүргізуші: Балалар, міне, біздің мейрамымыз да аяқталды. Бірақ Күз бізбен қоштаспайды. Біз серуенге шыққанда онымен әлі кездесеміз


Берекелі бақ – дәулет

Арта түссін тойланып.

Сау болайық бәріміз,

Келгенше күз айланып




















































2015 жыл




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Разработка утреника "Жомарт күз"

Автор: Серғазина Ақерке Алтайқызы и Наукина Шынар Адылхановна

Дата: 30.04.2017

Номер свидетельства: 412431


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства