Қазақстан Республикасының тұнғыш Президенті күні – мемлекеттік мереке туралы түсінік беру. Қазақстан Республикасынының рәміздері туралы білімдерін кеңейту. Өзінің туған еліне деген мақтаныш сезімдерін дамыту. Ұлтжандылыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері:
Аспан шайдай ашылды,
Жерге сәуле шашылды.
Неткен ашық күн бүгін,
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Жүргізуші: Қазақстан халқы үшін 1- ші желтоқсан – елеулі күн. Бұл күні біздің еліміз тұнғыш Президент күнін атап өтеді. Ел Парламенті 1991 жылы 1 желтоқсанда Тұнғыш Президент сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. 1991 жылы 1- желтоқсанда жалпы халықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін қалаушы – Нұрсылтан Назарбаев тұнғыш рет Президент болып сайланды. Тәуелсіз қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгелденіп, тіліміз, дініміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды.
Жүргізуші: Балалар, Қазақстан Республикасының рәміздерін кім атап береді?
Балалар: Қазақстан Республикасының рәміздері: Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Гимні.
Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Туына кім сипаттама береді?
Балалар: Қазақстан Республикасының Туы көк түсті. Көк түс – бейбітшілік, ашық аспанды білдіреді. Қазақтың ою-өрнегімен өрнектелген. Бүркіт-қазақтың ой – ниетінің биіктігін білдіреді.
Тақпақ «Қазақстан Туы»
Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Елтаңбасына кім сипаттама береді?
Балалар: Қазақстан Республикасының Елтаңбасы алтын және көгілдір түсті. Әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын білдіреді. Тұлпар – биік арманның, қайраттың нышаны. Жұлдыз – мемлекетіміздің жұлдызы биік, жарық болсын деп биікте орналасқан.
Тақпақ « Біздің Елтаңба»
Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Гимнінің авторлары кім?
Балалар: Н.Ә. Назарбаев, Ж. Нәжмединов, Ш. Қалдаяқов
Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Гимні – салтанатты мемлекеттік ән. Оны айтқанда барлығымыз қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып айтамыз.
Қазақстан Республикасының Гимні айтылады.
Жүргізуші: Балалар, біздің еліміздің жері өте үлкен, кең байтақ. Сонымен қатар, біздің жеріміз өте бай. Қазір біз жеріміздің бейнесін құрастырамыз.
Құрастыру «Қазақстан»
Жүргізуші: Міне, балалар, мынау біздің еліміз. Еліміздің астанасы қай қала?
Балалар: Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы.
Жүргізуші: Біздің Астанамызды көркейтіп тұрған биік те өте әдемі символымыз не?
Жүргізуші: Енді, балалар, «Күннің шуағы» деп аталатын ойын ойнаймыз.
Дидактикалық ойын «Күннің шуағы»
Біздің мемлекетіміз қалай аталады? – Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасының Президенті кім? – Н.Ә. Назарбаев
Қазақстан қандай мемлекет? –Тәуелсіз мемлекет
Қазақстанның астанасы қай қала? – Астана қаласы
Біз қай ауылда тұрамыз? – Кеңес Нокин ауылында
Балабақшамыз қалай аталады? – « Аққу» балабақшасы
Жүргізуші: Елімізді 24 жыл басқарған Н.Ә. Назарбаев қазақ елінің туын көкке көтеріп, әлем танымастай етіп өзгертті. Ендеше Тұнғыш Президентіміз аман болсын. Президент күні баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіздік Туы әрдайым биікте желбірей берсін!