Мақсаты: отбасындағы сыйластық, достық туралы түсініктерін кеңейту, балалардың тіл байлықтарын жетілдіру, достар арасындағы сыйластық, достыққа тәрбиелеу, туған жерлеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Балалар, бүгін бізде ерекше күн!
Қонақтарымызбен сәлемдесейік!
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!
Балалар, бір-бірімізге, қонақтарымызға жылы лебіздерімізді білдірейік!
Аспанымыз ашық болсын!
Нанымыз көп болсын!
Көк туымыз болсын!
Елімізге тыныштық тілеймін!
Жүректеріңіз бақытқа толсын!
Болашағымыз жарқын болсын!
Атқан таңымыз арайлы болсын!
Тәуелсіз Қазақстанымыз гүлдей берсін!
Отбасында бақытты болыңыздар!
Әрқашан балалардың шат күлкісі естіле берсін!
-Балалар, бүгін сендердің көңіл-күйлерің қалай?
Менің көңіл-күйім жақсы, себебі менің көп достарым бар.
Менің көңіл-күйім жақсы, себебі мені бүгін балабақшаға анам мен әкем әкелді.
Менің көңіл-күйім жақсы, себебі маған атам мен әжем қызықты, ақылды ойын сатып әперді.
Мен қуаныщтымын, себебі анам бүгін маған ұнайтын әдемі көйлегімді кигізді.
-Балалар, кіммен дос болуға болады?
Балалармен дос болуға болады.
Үлкендермен дос болуға болады.
Жануарлармен дос болуға болады.
Көршілермен дос болуға болады.
Басқа елдің балаларымен дос болуға болады.
-Балалар, отбасы дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?
Отбасы – бұл бір шанырақ астында тұратын туған адамдар.
Туған адамдар бір-біріне жанашыр болады.
Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы.
-Отбасында кімдермен дос болуға болады?
Отбасында атамен, әжемен дос болуға болады.
Ата-анамен дос болуға болады.
Аға-інімен дос болуға болады.
Мен әпке-сіңліммен доспын.
Олай болатын болса, бүгін бізді Ақпар отбасы қонаққа шақырды.
-Балалар, қалай ойлайсыңдар, қонаққа барғанда үй иелеріне қуанышымызды қалай сыйлағанымыз дұрыс?
Қонаққа барғанда гүл немесе кәмпит апарған дұрыс.
Миша, сен кәмпитті, Лиза, сен гүлдерді ал, қонаққа барайық!