kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Открытое мероприятие на тему " Қош бол, жылы ұям"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сценарий проведения выпускного в детском саду

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«сценарий новый 2019 выпус кной балапан»

«Балабақшамен қоштасу сценарий»

«Қош бол ,жылы ұя» ертеңгілік іс-шара

 Музыка әуенімен бір тәрбиеші шығады.

Тәрбиеші: Балдай тәтті балалар,

                  Алдыңда білім,мектеп бар.

                   Өнерлі де даналар.

                   Өтті қызық көп күндер,

                   Бір белестен өттіңдер.

                   Өсті міне бойларың,

                   Өсті ақыл ойларың.

                  Қуанышқа ортақпыз,

                  Құтты болсын тойларың !

Балалардың аты-жөні айту.

Тәрбиеші: Бітіруші түлектерімізді қарсы аламыз!

1. Бикенов Тамерлан

2. Сабыржан Аяулым

3.Жарылқап Қорлан

4. Сахария Асылжан

5. Ақболат Інжу

6. Ибраева Амина

 

Тәрбиеші: Таудай биік талабың,

Жақсы  көреді сабақты.

Тақпақ айту өнерін.

Асылжан:

Біз бақытты баламыз

Жетіліп ой санамыз

Бақшамызбен қоштасып

Мектепке кетіп барамыз.

Амина:

Мектепке енді барамыз

Үлгілі оқушы боламыз

жақсы оқып сабақты

Кілең бестік аламыз.

Інжу:

Сен үйреттің сөйлеуді

Сенде ойым есейді

Мектепке барам мен енді

Балабақшам қош енді.


Тамерлан:

Чтоб росли мы смелыми

Добрыми,умелыми,

Знаем,все вы нас любили

И хорошему учили.

Аяулым:

Бала бақша есігін

Үшке тола ашқанбыз.

Балапандай өсіріп,

Мәпелейді  бақшамыз.

Қорлан:

У нас сегодня праздник

Радостный ,веселый

До свидания детский сад!

Здраствуй ,школа!

Тәрбиеші:Қоштасып мен бүгін балалықпен,

                      Қоштасамын сиқырлы балабақпен

                       Танысып мектеп деген әлемменен

                       Достасамын біліммен,даналықпен,- дей отырып балалардың орындауында


Ән:« Менің балабақшам »


Тәрбиеші:Қоштасып мен бүгін балалықпен,

                      Қоштасамын сиқырлы балабақпен

                       Танысып мектеп деген әлемменен

                       Достасамын біліммен,даналықпен.

Музыка әуені ойналады. Маша кіреді.


Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы бізге көңілсіз болып Маша келіп тұр екен.Маша сен бізге қайдан келдің?

Маша:Аюдан келемін.

Маша:Сәлеметсіздер ме кішкентай бүлдіршіндер!Мен сендермен бірге мектепке барып білім алып,үлкен азаматша болғым келеді.Бірақ маған аюдың тапсырмаларын орындау керек.Сол тапсырмаларды орындасам мектепке бара аламын.

 

Тәрбиеші:Балалар машаға тапсырмасын орындауға көмектесейік.Біздің балалар мектепке дайын.Тапсырмаларды орындау қиын емес. Аздап ойлансаң,жауабы дайын. Қазір мен аюдың 1тапсырмасын оқимын.

Ендеше біз сіздермен таным саласы бойынша математикалық ойын ойнайық.

Балалар екі топқа бөлініп отырады.

1 тапсырмасы: 1 ден 10ға дейін тура және кері санауды екі тілде.

2 тапсырма:

Тәрбиеші:Ал ендеше есепке қаншалықты жүйрік екенімізді көрсетейік.

Бес алманың үшеуін

Досың сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады? (2)



Алма ағашта бес алма

Қандай тәтті жесе алма

Бесеуінде жеп қойсам

Қалады сонда неше алма? (0)


Тал бойында тізіліп

Бес жапырақ тұр еді

Жел соқты да үзіліп

Ұшып кетті екуі

Ілініп тұр әлі

Жапырақта нешеуі? (3)

Тәрбиеші: Көктем жаздың  кереметі көп екен,

                      Көбелектер әсем гүлдің сәні екен

                      Шақырайық олай болса дәл қазір,

                     Қыздарымыздың биін тамашалайық.

Би: «Қазақтың қыздары»


Тәрбиеші: Бақша біздің панамыз,

                      Мектеп біздің анамыз

                      Ұлағатты ұстаздан,

                      Оқып білім аламыз.


Аюдың 2 тапсырмасы. Құрастыру.Әңгіме құрау.


Тәрбиеші: Жаңа өмір басталсын,

                     Үміт сенім ақталсын

                    Ұмытылмай балбақша,

                    Көңілде мәңгі сақталсын.

Ән: « Балдәурен ».


3 тапсырма:Жұмбақ ,мақал-мәтел жарысы:


1.Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

2. Жақсы бала – еңбекшіл

   Жаман бала – себепшіл.

3. Ойна да күл, оқы да біл.

4. Көп біл, аз сөйле.

Тәрбиеші: Мүмкін бізге ата-аналр да көмек береді. Қане кім көп мақал-мәтелдер біледі.

1.Қабат , қабат қаттама,

Ақылың болса аттама .

                                   ( кітап)

2.Ізі жол болып қалады,

Алтын жинап алады.

                                     ( қалам )

3.Жоқ өзінде бас та,  қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

                                      ( сызғыш )

4.Ортасында шегесі,

Жіп жіңішке денесі.

                                   ( қарындаш )

4 тапсырма: ата-аналарға құру аппликация




Тәрбиеші: Қазір балалар сендермен «иә, иә», «жоқ, жоқ» ойынын ойнаймыз.

                       1.Мектепке біз барамыз ба?

                       2.Кілең 5-тік аламыз ба?

                       3.Айтқан тілді аламыз ба?

                       4.Ақылды бала боламыз ба?

                       5.Нан жейміз деп жылаймыз ба?

                       6.Ертеңгісін тұрамыз ба?

                       7.Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?

                       8.Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

                       9.2 алғанда жылаймыз ба?

                      10.Оқушы біз боламыз ба?

Айғаным бір би.


Тәрбиеші: Ата-аналармен «иә, иә», «жоқ, жоқ» ойынын ойнаймыз.

Ата аналар тақға өз жауаптарын айта отырып гүл күлтерін тақтаға ретімен орналастырады.

1.Балаңызға әрқашан тірексіз бе?

2.Сабақ оқып,есепке сіз жүйріксіз бе?

3.Тамағын уақыттылы бересіз бе?

4.Төзімділікке әрқашан төзесіз бе?

5.Сериал көріп жатасыз ба?

6.Ұрып,нұқып үйретуге барасыз ба?

7.Оқыту мұғалімнің жұмысы деген сөзді айтасыз ба?

8.Сен оқыт мен оқытып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?

9.Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?

10.Бала үшін асулардан асасыз ба?



Тәрбиеші: Біздер үшін еңбек еткен шаршамай

                      Баршаңызға рахмет айтар балалар,

                      Балабақша көркі болсын әрқашан

                      Кейінгі бүлдіршін балалар.

Інжу:

Жазу жазып үйреткен

Әріптерді оқытқан

Санамақты жаттатып

Санауды бізге үйреткен

Жақсы болсақ қуанған

Қате болсақ кешірген

Тәрбиеші апайларыма мың алғыс!

Аяулым:

Ақ төсекке жатқызған,

Тәтті тамақ жасаған

Бала болып ойнаған,

Гүлнар апайға мың алғыс!


Амина

Орын берген бақшадан

Меңгеруші апай жақсы адам

Сондықтан да біз үшін

Артық өзі басқадан

Асылжан:

Үйренгенбіз өнер біз

Шетімізден шеберміз

Бал татыған әндерді

Үйреткен ағайымызға мың алғыс!

Тамерлан:

Іш ауырса ,

Тіс ауырса ,

Бізге дәрі береді.

Бақшамызда барлық бала,

Дәрігерді жақсы көреді.

Қорлан:

Томпиған дәмді бауырсақ,

Бізге арнап пісірген.

Шебер қолды аспазшы,

Қалады есте Апайлар.

Айғаным ән.

Тәрбиеші: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді

Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды

Бізден ұшып қанат қағып есейдіңдер

Өздеріңмен қоштасатын күн туды-дей келе «Вальс» биін қабыл алыңыздар.

Тәрбиеші: Балапандарымыздың қоштасу әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Қош бол, балабақшам »

Әннен кейін меңгерушіге сөз беріліп, дипломдар табыс етіледі. 

Сыңғырлаған қоңыраудың дауысы шығады.


Тәрбиеші: Міне балалар, сендер енді мектепке барасыңдар, кітап алып, оқып білім аласыңдар! Балабақшаны ұмытпай келіп тұрыңдар! Сіздер- еліміздің ертеңісіздер, Отанымыздың болашағы сендердің қолдарыңда! Ата-аналар! Мәпелеп отырған балапандарымыз аман болсын! Бүлдіршіндерімізге ақ жол тілейміз!

Ақ жолдың үстімен шығарып саламыз. 











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Открытое мероприятие на тему " Қош бол, жылы ұям"

Автор: Мансурова Сания Аргыновна

Дата: 09.04.2019

Номер свидетельства: 506580


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства