?май ана: Бар бол б?рекелді,?рендерім
Ж?ргізуші: Дана хал?ымыз бата мен ел к?герер,жа?бырмен жер к?герер деп бекер айтпа?ан ?ой,к?не атамыз бен анамыздан бата с?райы?!
Просмотр содержимого документа
«Открытая мероприятя-"Наурызым жа?а г?лім!" »
Наурызым - жаңа гүлім Ән-күй бөлмесі ертенгілікке сай безендірілген көңілді әуенмен балалар кірді. 1.Әбунасыр Сүйінші,сүйінші алақай,алақай наурыз келді.Наурыз келді! 2.Нағима Наурыз құтты болсын,ақ мол болсын! Би: «Наурыз тобы» Жүргізуші:Құрметті қонақтар балалар балабақша ұжымы.Сіздерді Наурыз мейрамымен құттықтаймыз.Наурыз тек қуаныш,бақыт,жақсылық пен молшылық әкелсін! Хош,келдің Наурызым ардақты Халқым саған бар үмітін арнапты Жылда осылай берген жасарып Гүлге бөлеп,нұрға бөлеп аймақты Наурыз келсе құт келгені халайық Есік ашып, шашу шашып Ел болып қарсы алайық. Шашу шашу (Ата-аналар Заңғардың әжесі,Қарақаттың әжесі) Құтықтау сөзі балабақша меңгерушісіне беріледі. Жүргізуші:Ал,енді Наурыз тойын бастайық,өлең бимен,әнмен тойға шашу шашайық 1).Арсен: Ассалаумағаликум! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! 2)Салауат: Уағалейкумассалам! Ұлыс оң болсын! Пәле жала жерге кірсін! (құшақтасып көріседі) Ән: Наурыз тойы. Альфинур: Тамаша.тамаша Наурыз келді жараса Бұл Наурыз,бұл наурыз Қуаныш баршаға. Заңғар: Күттіріп келген жаңа жыл Бізбен бірге тойлашы Дастарқанға елімнің Береке,ырыс сыйлашы. Нұрайна: Наурыз келді далама Наурыз келді қалама Наурыз құтты болсын Ақ мол болсын! Жихан: Ата-бабан тойлаған Наурызым армысың Қызығына тоймаған Дарқан дана қарлы шың. Ерасыл: Күн мен түн теңелді Жер шуаққа бөленді Соны тойлар ел енді Көрініс: Күн мен түн Күн – Ажар Мен әлемге шуақ нұрын шашқан күнмін Жаңа күн туды жадырап Мал өсті төлі жамырап Ұлыстың ұлы күнінде Шаттыққа толы шаңырақ Түн-Әбумансур Әлемді тіршілік иесін ұйқыға шақырып тыныштық сыйлайтын – мен түнмін. Түрді де қыстың түңілігін теңелді күн мен түн бүгін. Алақай Наурыз келді деп Кісінеп қырда жүр құлын. Айтыс:Нағима-Жалғасқан екуі бірге: Оу,халайық,халайық Әсем әнге салайық Наурыз тойын көңілді Бірге қарсы алайық. Жалғасқан:Меніменен айтысар Қыз құрбылар қайсың бар Қолдан келсе әзілдеп Маған сынды айтыңдар Нағима: Айтысуға өзіңмен Шығып тұрмын алдыңа Күн аттарын білмеушең Жаттап оны алдыңба Жалғасқан:Құрбым кімге күлесің Өзің нені білесің Беске дейін қиналып Санай алмай жүресің Нағима:Бәтеңкеңнің бауында Байлай алмай жүруші ең Үйрендің бе жейдеңді Теріс қарай кеюшеі ең Жалғасқан:Өзіңе әуелі қарашы Ойыңда не түйгенің Намысыма құрбы жан Наурыз күні тимеген Екеуі бірге: Ұлы наурыз бәріңді Татулыққа шақырған Тоқтатсақта айтысты Сөз қалғанба ақыннан Ән: «Көктем» Жүргізуші:Аластау – халқымыздың әдет - ғұрып бойынша «Өткен күндерде ауырлық. Пеніш сырқат бәрі жылда.ізде,жанған отта қалсын» деген ниетпен орындалатын басты рәсімнің бірі. Аластау рәсімі: Ата-ана Сәуленің әжесі Алас,алас Мың бір пәледен алас Жүз бір қатерден алас Көзі жаманның,көзінен алас Тілі жаманның,тілінен алас Ниеті жаманның ниетінен алас Жер ана күш қуат бере гөр тәу тәу! Атар таң ақ ниет бере гөр тәу тәу Самал жел леп бере гөр тәу тәу! Би:Жорға Алдар көсе: Ортаға әндетіп алдар көсе келеді. Сәлеметсіздерме халайық амансыңдарма? Балалар бұл жерде қандай мереке болып жатыр? (Наурыз тойы) Жүргізуші:Амасызба алдар ата кімді іздеп жүрсіз? Алдар көсе:Алдайтын адам іздеп жүрмін,таптым таптым балаларды алдайын Мен Алдармын Алдармын Балалармен ойнаймын Ренжеген сәбиді Тентектерден қорғаймын А – а – а – ай, О –о – о –ой, Құтты болсын наурызым Айналайын балалар Қоржыным толы күлкіге Ойындарым тағы бар А – а –а –ай,О – о –о – ой. Ойындар:Қыз қуу,Қол күрес. Ән: «Жақсы көрем» Орындайтындар:Әбунасыр,Мадина,Бекнұр,Алихан. Көрініс: «Қар мен күн» Қар – Арсен:Қара жерді ақ қарға ораған Кең даланы бораны мен бораған Қыс керемет емеспе Күн – Мадина:Мал төлдеп адам аузы аққа тиген, Жер бусанып мал ауызы көкке тиген Жаз керемет емеспе? Қар: Құрт құмырсқа,бақа шаян жер бетіне шығатын Шыбын шеркей,маса сона ызылдап мазаңды алатын Жаздың несі керемет? Күн: Дүлей боран бораған Бетіңді аяз қаритын Қыстың несі керемет? Қар: Борандатсам қар,сыздарды сынағаным емеспе Қар жауғаным жерді көкке дайындағаным емеспе? Күн: Жылқы кетті Қой жетті Бер жолыңды Қар: Жолымды мақұл берейін Өз жөніме кетейін ( Қыс кетеді )
Көркем сөз: Наурыз көже Ақылбек Шаяхметов-Әтина Наурыз тойын әдемі Әжем еске түсірді Біздерге арнап әдейі Наурыз көже пісірді Ашылды да кебеже Дәм әзірлеу басталды Әжем наурыз көжеге Жеті түрлі дәм салды Бидай,күріш,тары бар Бар,сүт етпен қазы,жалы Ащы құрт тағы бар Көже елдің ырыздығы.
Жүргізуші:Көзде- шаттық,іште- желік Шақыратын бір үміт, Наурыз көже ішуші едік Үйден үйге қыдырып дей отырып наурыз көжеден дәм татайық. (бауырсақ,наурыз көже тарату) Би: домбыра
Жүргізуші:Наурыз құтты болсын,наурыз күні біздің бала-бақшамызға Ұмай анамен Қыдыр баба келеді хошеметтеп қарсы алайық.
Уа,халайық Ұлыстың ұлы күні даланы Қыдыр баба аралайды екен,жанары жылы ақ сақалды қария кейпінде көрінеді.Қыдыр бабаға жолыққан жанның бақ жұлдызы жанбақ.Бәрімізге жолықсын деп тілейік. Ұмай ана түркі тектестердің хауа анадан соңғы ұлы анасы,әйел мен баланың пірі,мейірім шапағатын шуағын шашқан күн дидарлы әулиесі.Оған ата-бабамыз! Жүрегімізді жылыта көр,қатыгездік пән өшпенділіктің сақтай гөр деп сыйынған.
Ұмай ана: Бар бол бәрекелді,өрендерім Жүргізуші: Дана халқымыз бата мен ел көгерер,жаңбырмен жер көгерер деп бекер айтпаған ғой,кәне атамыз бен анамыздан бата сұрайық!!!
Ұмай ана:Бәрекелді,бәрекелді өрендерім!!! Алатаудың мұз бұлақ қыранындай Саңқылдап тұр екен,тек ұзағынан болғай Самғар аспандарың кең болсын балаларым!
(Қол жайып бата береді) Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Қайда барсаң жол болсын! Денсаулығың зор болсын! Қарындарың тоқ болсын! Қуаныш шаттық көп болсын, Қайғы уайым жоқ болсын! Ана сүтін ақтаңдар, Ар-ұятты сақтаңдар Кең пейіл дархан халқымыз, Кеңейсін дәстүр салтымыз!!! (әумин)
Жүргізуші:Наурыз туын көтеріп, Жар салайық әлемге Жарқын болсын көңілің Ашық болсын өмірің! Бәріңізге денсаулық ашық аспан тілей отырып ертеңгілігімізді аяқтаймыз!!!