Просмотр содержимого документа
«Отбасылық ойын-сауық «Біз бақытты жанұямыз»»
МКҚК «Болашақ» бөбекжайы
Спорттық ойын-сауық
Тақырыбы: «Біз бақытты жанұйямыз»
Тобы: «Байшешек», «Жауқазын»
Өткізген дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:
Таганиязов Н.К
2016-2017 оқу жылы
Өтетін күні:
Өтетін жері: Дене шынықтыру залы
Тақырыбы: «Біз бақытты жанұйямыз»
Сайысатың топтар: «Байшешек», «Жауқазын»
Мақсаты:
Оқушылар мен ата - аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Түрі: топтық жарыс
Әдісі: ойын
Керекті құрал – жабдықтар: Ойыншық сәбіздер,,доп салғыш,доптар,ойыншық аттар,кедергілер,шарлар,түрлі суреттер,шығыршықтар,арқаң,ысқырғыш.
Сайыстың өту барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. ІІ. Негізгі бөлім.
ІІІ. Қорытыңды бөлім.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар және кішкентай бүлдіршіндер! Бүгінгі «Біз бақытты жанұйямыз» толағай отбасылар сайысына қош келдіңіздер! ( Толағай әні ойнап тұрады )
2-жүргізуші: «Бірлігіміз жарасқан-шыныққан біз отбасы»толағай отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің «Болашақ» бөбекжайымыздың бүлдіршіндер қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында өткізілгелі отыр. Әр отбасы қатысады. Соның бірі жұлдызды отбасы. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.
1-жүргізуші:
Денсаулық-ол шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық-ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
2-жүргізуші:
Денсаулық-ол күлуің
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық-ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай.
1-жүргізуші:
Сайыс болған соң, спорт заңы бойынша жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарын тағайындайтын құрметті әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Әр сайыс кезеңі «5», «4», «3», ұпайлармен бағаланады.
1-жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана – шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.
2-жүргізуші:
Спорт–денсаулық кепілі десек, «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біріншіден, дені сау ұлттың қалыптасуына атсалысады, екіншіден бағдарламаға қатысқан әр отбасыға рухани және мәдени мереке сыйлайды.
1-жүргізуші:
Бүгінгі спорттық сайыс 7 кезеңнен тұрады.
1. «Менің жанұям»
2. «Картоп егіп кел де, жинап ал»
3. «Аттар» сайысы.
4. «Шығыршық тас»
5. «Жол топ»
6. «Қояндар»
7. «Арқан тарту» сайысы.
1-жүргізуші: Ал еңді біздің жарысқа қатысушылармыздың патриоттық сезімін ояту,отаңды сүйуге тәрбиелеу барысыңда,Қазақстан республикасының меммілекеттік ән-ұраны шырқалады.
2-жүргізуші: Сайысқа арнайы 2 топ,яғни 2 отбасы қатысқалы отыр.Оларды атап өтсем қызыл түсті киімдегі топ: «Тұлпар» сары түсті киімдегі топ: «Бірлік»
1-жүргізуші:
Ал,қанекей, қонақтар,
Ортаға назар салайық.
Ойыншылар келеді,
Қол соғып қарсы алайық.
ІІ. Негізгі бөлім.
2-жүргізуші:
Өнер қуып отбасы өтер дейміз
Бір басына өнері жетер дейміз
Сайысқа келген топтар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
1. «Менің жанұям»
Шарты:
Командалар өз ұрандарын айтып қарсылас командамен сәлемдесіп, өздерін таныстырады.
1-жүргізуші:
Қалма жұрттың соңында,
Қажет болса мың атта
Аздық етер оныңда,
Жету үшін мұратқа.
Келесі сайысымыз
2. «Картоп егіп кел де, жинап ал» сайысы»
Шарты: Ойыншылардың алдында 5 кішкене шеңбер және топ басшының қолында дорбада 5 картоп болады. белгі бойынша топ басшылар картопты шеңберге отырғызады да шапшаң жүгіріп барып дорбаны 2 - ойыншыға береді. Ол картопты жинайды, 3 - ойыншы егеді, 4 - ойыншы жинайды, Ойын осылай жалғасады.
3. «Аттар» сайысы.
Шарты:Ойынымызды жалғастырамыз, келесі турымыз кіші бүлдіршіндерді арқалап алып,ойыншық атқа мініп.Мәре сызығынан жүгіріп келе жатып,кедергілер арасымен өтіп допты алып кері солай қайту.
4. «Шығыршық тас»
Шарты: Әкесі шығыршық арқылып отбасы мүшелерін кезек –кезек тасу керек.Кай топ бірінші аяқтаса сол топ жеңімпаз.
5. «Жол тап»
Шарты: Топпен үш шығыршықта тұрып,кезек-кезек бір шығыршықтан жол салып жүру,кай топ бірінші келесе сол топ жеңімпаз.
6. «Қояндар» Шарты: Анасы себеттен жүгіріп шығыршықтарда секіріп барып сәбізді әкесіне береді, әкесі доппен секіріп отырып баласына яғни көжегіне табыстап, баласы сәбізді команда қоржынына салады ойын осылайша жалғасады.
2-жүргізуші:
Ойын ойнап,ән салмай
Өсер бала бола ма?
Күміс күлкі көрмей ол
Кемеріне толап ма?
Айгөлек-ау, Айгөлек
Айдың жүзі дөңгелек
Айдай толған кезімде
Би бибейміз дөңгелеп
Олай болса келесі сайысымыз
7.«Арқан тарту» сайысы.
Шарты: Екі топқа бөлініп, арқан тартамыз, белгіленген жерге дейін арқанды тарту керек.
ІІІ. Қорытыңды бөлім.
1-жүргізуші: Сайыс осымен тәмам. Төреші әділ-қазыларымыз ұпай сандарын есептеп, қай отбасы топтары, топ жарып жеңіске жететіндігін хабарлап айтканың кишкене күте тұрайқ.
2-жүргізуші:
– Ендеше, осы денсаулықты зор байлық деп білетін белсенді де білгір, денсаулығы мықты спорт десе ішкен асын жерге қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын спортты сүйетін отбасылардың жетістіктерін марапаттау рәсіміне көшейік.
1-жүргізуші: Салауатты өмір салтын сақтап,болашағымызды сәулендірейік!
«Біз бақытты жанұйямыз» толағай отбасылар сайысы осымен аяқталды.Жеңіске «Тұлпар» тобы ие болды.
2-жүргізуші:
Салауатты өмір салтын қолдаймыз,
Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.
Денсаулықты жанымызға серік қып
Болашаққа аманат қып жолдаймыз.
1-жүргізуші:
Біз қазақпыз, Ел үшін атқа мінген. Жанып жатқан лапылдап отқа кірген, Бой тұмар ғып ар - ождан қазынасын, Отбасылар ел қамын сақтап жүрген - дей келе бүгінгі алтын уақыттарыңызды қиып, «Толағай» отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше сау саламатта болыңыздар!