Просмотр содержимого документа
«Отбасы мерекесіне арнал?ан "Мен ж?не мені? отбасым" атты ерте?гілік»
Мақсаты: ата-аналарға тапсырма беру арқылы балаларға ұмыт болып бара жатқан қазақтың дәстүрлерін үйрету. Ата-анамен балабақша тәрбиесін байланыстыру. Ұлттық тәрбиені балабақшада одан әрі дамыту. Отбасымен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу. Инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Сайысты өткізу шарты 5 кезеңнен құралады.
Қазылар алқасы 2 адам болады.
Көрнекіліктер: Қоржын, тапсырма жазылған карточкалар, қол өнер көрсетуге арналған құралдар,
сайысқа қатысушыларға берілетін мақтау қағазы.
Залды безендіру: зал іші сайысқа байланысты безендіріледі, музыка ойналып тұрады, топтың ішінде үш қатысушы отбасына арналған стол қойылады.
Сайыстың барысы:
Құрметті қатысушылар, қонақтар! Барлығымызға белгілі 8 қыркүйек отбасы мерекесі болып белгіленді. Сондықтан осы мерекеге орай шағын орталығымызда "Отбасы алтын ұям" атты отбасылық сайыс өткізгелі отырмыз.
-Балалар айтыңдаршы осы біздің Республикамызм қалай аталады?
-Қазақстан Республикасы
-Дұрыс балалар біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы, ол бір үлкен мемлекет. Ал отбасы- ол кіші мемлекет , яғни сендердің әр біреуінде бір Отан бар- ол отбасы . Демек әр отбасында ата, әже, әке, ана, әпке, аға, іні, қарындас болады. Осының барлығы отбасын құрайды. Отбасында кішілер үлкендердің айтқанын тыңдап, оларды сыйлау қажет. Үлкендер кішілерге қамқор болу керек.
Ал қане Бекарыс сенің кішкентай отбасында кімдер тұрады?
-Әкем, анам, інім және мен....( бірнеше баладан сұрау)
-Дұрыс , онда біз отбасылар сайысын бастайық
сайыс 5 кезеңнен тұрады. Бұл сайысқа үш отбасы қатысады.
Жиналыппыз жұма күні бәрімізде,
Үлкен-кіші, жасымыз, кәріміз де,
Төрлетіндер қадірменді қонақтар
Гүл-гүл жайнап мына төрімізде-деп
Сайысқа қатысушы отбасыларымен таныстырайық
1 номерде: Шакеновтар отбасы 2 номерде: Иманкуловтар отбасы 3 номерде: Уахитовтар отбасы
1 кезең: "Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер" - деп аталады.
Сәлемдесу ата салтым бұл дағы,
Үйренейік асылдарды мұндағы.
Ата-баба ұмыт болмай кешегі,
Салтын білген әдепті боп өседі.
(әр отбасының өзін-өзі таныстыруы өлеңмен, не қарасөзбен)
Әкесі-таныстырады
Анасы- қазақша иіліп сәлем береді
Баласы- жеті атасын атайды
2 кезең: Өзгерсе де мынау заман құбылып,
Ата салтын өсейік біз ұғынып
Мұнда карточкадағы салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға отбасылар ақылдасып жауап береді.
1) "Шілдехана"және "Шашу" салт -дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз
2) "Бесікке салу" және "тыштырма" дәстүрінің мағнасын түсіндіріңіз
3)" Иткөйлек" және " қырқынан шығару" дәстүрін түсіндіріңіз
3кезеңУақытыңды босқа досым өткізбе,
Текті бала тартады тек негізге-деп
"Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер"
Әкесіне тапсырма- қамшы өру
Анасына тапсырма- матаның үстіне оюды тігу
Баласына тапсырма- қағазда көрсетілген әртүрлі фигураларды қайшымен қиып алу
Музыкалық үзіліс Алибекова Ақерке "Ана " әнін орындайды
4кезең"Қазақтың тыйым сөзі- ұлттық тәрбие көзі"
әр отбасы кезекпен тыйым сөздер айтып жарысады
1)Отбасыларыңызда өз ұлтынызды құрметтейтін қандай игі дәстүрді жалғастырып келесіздер?
2)Балаңыздың бойынан ұлтымызға тән қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?
5 кезең "Өнер кезеңі" ( әр отбасы өз өнерлерін көрсетеді)
Бүгінгі күн әр шанырақтың той басы деп саналар
Балалардың есімі әулеттерге таралар
Ырым еткен байқауымыздың соңында
Ақ тілекпен әділқазы сөз алар-
Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз
"Дәстүр ұйтқысы "отбасы
"Үлгі тұтар" отбасы
"Белсенді " отбасы номинациялары бойынша марапатталады