Просмотр содержимого документа
«"Өссе тілім-менде бірге өсемін"»
Оркестрмен сахнаны ашу: «Болашақ» тобы.
1 жүргізуші:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар.
Кұрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,
Мемлекеттік тілді үйренгенің жөн болар.
2 жүргізуші: Тілді ардақтап, сол тілде сауатты сөйлеп, ойымызды жеткізе білсек, құр үстіне нұр болар. Оған біз бүгін өткізгелі отырған «Өссе тілім менде бірге өсемін» атты ойын-сауығымызда көз жеткізбекшіміз. Құрметті көрермен қауым, педагогтар, балалар! Сіздерді 22 қыркүйек Тілдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
1 жүргізуші:
Ана тілім – ақ қанатты тұлпарым,
Биіктерге самғап ұшар сұңқарым.
Ана тілім – ақ сүт берген анамсың,
Ана тілім – махаббатым, құштарым, дей келіп, бүгінгі «Өссе тілім менде бірге өсемін» атты ойын-сауық кешімізді бастаймыз.
2 жүргізуші:
Биіктерге бастайтын асқаралы
Әр жүректің сүйікті асқақ әні.
Мерекеде бәріміз бір дауыспен,
Шырқайық еліміздің әнұраны.
Әнұран: «Менің Қазақстаным»
1 жүргізуші: Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «Мемлекеттің ең басты дүниесі тек байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.
2 жүргізуші:
Ана тілім – әнге қосар ардағым,
Тек өзіңмен қанаттанар арманым.
Туған тілім, бабам тілі, төл тілім,
Қазақ үшін баға жетпес бар мәнің.
Келесі кезекте Санамаққа береміз.
1 жүргізуші:
Ақыл-ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.
Өсірген ой білімді,
Сүйем туған тілімді,
Мақсат етем әр сөздің,
Мәнің терең білуді.
Келесі кезекте «Асық» туралы түсінік беру. Слайдтан көрсету.
2-жүргізуші:
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігін, теңдігің,
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышын, елдігің.
Келесі кезекте «Жұмбақтар».
1-жүргізуші:
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп түр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Келесі кезекте «Тіл ұстартайық».Слайдтан көрсету.
2-жүргізуші:
Күлімде, күн күлімде,
Күлсін барлық бала шат.
Берекелі бүгіндей
Бейбіт болсын болашақ.
Келесі кезекте «Сурет сала білесің бе?». Балалар сурет салып жарысады.
1-жүргізуші:
Ана тілі - өлеңімнің бастауы,
Ана тілі - өмірімнің асқары.
Ана тілі – Абай тілі, ұлы тіл,
Намысты бол, бүгінгінің ұрпағы – дей келіп, бүгінгі «Өссе тілім менде бірге өсемін» атты ойын-сауығымызды аяқтаймыз.