kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Орманда?ы ?сем шырша

Нажмите, чтобы узнать подробности

«К?згі ба?»

атты мерекемізге ?ош келді?іздер!

                 Жап?андай жапыра?ы іздерді,

                 ?уантып байлы?ымен ізгі елді.

                 Бір тойдырып ?айту ?шін елімді,

                 Сабырлы сары алтын к?н келді.

Ортамыз?а  МДС «?» тобыны? балаларын ?арсы алы?ыздар!

Балалар ?азір жылды? ?ай мезгілі екен?

Ия,д?рыс айтасы?дар, к?зді? де ая?талуына аз?ана уа?ыт та ?алды, біра? біз еш ?иналмаймыз себебі,?р жыл мезгіліні? бізге дайында?ан ?ызы?ы мол емеспе!

Ендеше біз «к?згі ба?» атты ша?ын балымызды бастаса?та болады.

Сахна?а «К?з ханшайымдары» келеді. (?олында жеміске толы себет).

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Орманда?ы ?сем шырша»

Бекітемін:

Мектеп директоры

С.Қ.Мырзахметов









«Ормандағы жаңа жыл»



Ертеңгіліктің өтетін орны: Мектеп спорт залы.

Уақыты: 23.12.15

Сыныптар: МДС «А», «Ә», «Б», «В»

шағын орталық «Ботақан»

«Гүлдер»

«Қарлығаш»

Жауаптылар: Тәрбиешілер





2015-2016 жыл

Тақырыбы: «Ормандағы жаңа жыл»

Мақсаты: балаларға мерекілік көңіл-күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне,Аязатаның, Ақшақардың, Жалмауызкемпірдің, Сайқымазақтың , Қоянның,Түлкінің, Аюдың, Маймылдың киімдеріне назар аударту,көңілді ойындар ойнатып, балаларды қуанышқа бөлеу. Жаңа жыл мерекесін балаларға ұғындыру. Балаларды ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.

Қатысушылар: сайқымазақ-Диана, қоян- Назкен, Аяз ата- Жандос, Ақшақар- Фариза, маймыл-, аю-, түлкі-

Сахнада Музыка ойнап тұрады.(Дженкл Беллс)

Қараңғы залға балаларды кіргізіп отырғызамыз

1 жүргізуші: балалар мына орман тас қараңғы екен, біз шыршаны жағу үшін еңбектенуіміз керек сияқты.

2 жүргізуші: ендеше біз қалайда бір дыбыс шығаруымыз керек, ендеше балалар барлығымыз аяғымызды тарсылдатайықшы.

Бірге: 1,2,3 аяғымызды тарсылдатамыз.( балалар аяқтарын тарсылдатқанда залдың шамы жағылады)

1-жүргізуші: Армысыздар,құрметті қонақтар, балалар!

2-жүргізуші: Жаңа Жылым жаңа бақыт сыйласын,

Көгімізде бейбіт құсы самғасын.

Төгілтіңдер жаңа жылдың жақсы әнін

Қуанышпен арайлансын ақ таңын

1-жүргізуші : Айнала қоршап шыршаны,

Шашылар шашу жыр әні

Мынау әсем шырағы

Бірге:Қош,келдіңдер,балалар!

2-жүгізуші: Сендер бүгін сәнді киініп,әдемі болып кетіпсіңдер. Ал бүгін балалар,қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл!

1-жүргізуші:Балалар сендермен бірге Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға орман жануарлары да келген.Олар: маймыл, қоян, түлкі, аю.

2-жүргізуші:Балалар олар сендермен бірге бүгін би билейді, қызықты-қызықты ойындар ойнайды. Сендер қарсы емес шығарсыңдар? Жаңа жылды бірге күтемізбе балалар?

1-жүргізуші: Жаңа жылды қарсы алып

Жасаймыз той жылда бір

Жарқын – жарқын ән салып

Жалғасады жырға жыр -деп

Барлығымыз орнымыздан тұрып әсем шыршаны айналып ән орындаймыз. (Балалар әнге қосылады)

Ән: орындаушы Әсет «Жаңа жыл»

2-жүргізуші: Балалар біз ойын ойнауды жақсы көреміз бе?

Балалар: Ия

Ендеше балалар барлығымыз орнымыздан тұрып, көңілді музыкамен ойын ойнаймыз.Ойынды ойнауға қоян мен аю көмектеседі.

Ойын: «Айна»

Қоян : Ой балалар ойынды керемет ойнап шықтыңдар! Сендер маған ұқсаған екенсіңдерғой.

1-жүргізуші: балалар, жаңа жыл мерекесіне корей халқының қыздарыда келіп отыр,олар жай келіп отырған жоқ, сендерге сыйлыққа билерін ала келіпті. Ендеше бишілердің биін тамсана тамашалайық!

Қыздар тобы: «корей биі»

2-жүргізуші: балалар кімнің шапшаң екенін тамашалап көремізбе, қане ендеше тағыда ойын ойнап алайық.

Ойын ойнап күлеміз

Қол ұстасып жүреміз

Ойыншықты ұстап -ап

Шыршаға бәрін ілеміз,дей отыра ,

Ойын: «Шырша безендіру»

Шарты: Ойынға 6 бала қатысады. 3-3-тен бөлініп шыршаны кім әдемі және жылдам безендіреді екен.Бастаймыз!

Сахнаға Сайқымазақ жүгіріп келеді.

Сайқымазақ: балалар сендер мені танисыңдарма? Мен кіммін?

Балалар: сіз Сайқымазақсыз.

Сайқымазақ: ОООО тамаша мені барлық бала таниды, сондықтан мен сендерді жақсы көремін. Мен осылай мерекелерде барлық балалармен бірге өткіземін, міне сендергеде келіп қалдым. Балалар менімен билегілерің келеме, менің билегім келіп тұрғаны.

Балалар: ия

1-жүргізуші: Жаңа жылым жаңаша

Би билейміз жараса

Кел балалар ортаға

Көрсетейік баршаға - дей отыра

Орнымыздан тұрамыз сайқымазақпен би-билейміз.

Би: «Флешмоб»

2-жүргізуші: Сайқымазақ, қоян, аю, маймыл сендер балалармен ойын ойнаңдар, біз қоянның сүйікті асы сәбіз ойынын ойнағымыз келіп тұр.

Ойын: «Сәбіздер»

Шарты: екі топқа бөлінеді, сәбізді кім бірінші әкелсе сол топ жеңіске жетеді.

1-жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!

2-жүргізуші: Жүзімде қуаныш

Әр көңілде жақсы үміт

Келе жатқан Жаңа жыл

Әкелсін көп жақсылық

Балалар,бізде шыршамыз бар,әдемі киінген балаларымызда бар, енді біздің Жаңа жылдық мерекемізге кімдер жетіспейді.

Балалар: Аяз ата, Ақшақар

1-жүргізуші: Кәне онда Аязата мен Ақшақарды шақырайық.Бар дауыстарымен айқайлайық.

Балалар: Аязата, Ақшақар (3рет)

2-жүргізуші: Балалар Аяз атамыз келмей жатыр себебін білесіңдерме?

Балалар:Жоооқ

1-жүргізуші: Мен білемін,ол мына ұлпа қарлардан өте алмай жатыр.Егер осы ұлпа қарларды балалар жинаса Аяз атамызда келеді екен.

Балалар ұлпа қарларды жинаймыз ба?

Балалар: Ия

Ойын: «Қар ұлпаларын жинау»

Жүргізуші:Онда мен бұл ойынның шартымен таныстырып өтейін: екі топқа бөлінеміз.Қай топ көп ұлпа қар жинаса сол топ жеңіске жетеді, сонда Аязатада келеді)

(Ойын ойналып болған соң әсем әуенмен Аяз ата Ақшақар кіреді.)

Аяз ата: Уа, жұртым, жиналған.

Көңілдерің дүр маржан

Айналайын ұлдардан

Айналайын қыздардан

Аяз ата, Ақшақар

Жетті жолдан қиналған

Ештеңе емес барлығы,

Алдымыздан күлді арман

Мықтылығым мәлім ғой.

Өтіп кеткен жылдардан .

Аязата : Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Орманды көктей өтіп жеттік-ау сендерге! Өздеріңді сағынып келдік. Мешін жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін.Тарихи жыл болсын.Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!

Аяз ата: Бәрі үшін бақытты да қуанышты кезең болсын!

2-жүргізуші:балалар қане қарап тұрмайық жарқыраған шыршамызды айналып, бәріміз бірге ән орындайық.

Хор: «Орманда шырша туыпты»

Көрініс:

1-жүргізуші: Балалар сендердің Аяз ата мен Ақшақарға дайындап келген өнерлерің бар ма?

Балалар: Ия

1 жүргізуші:Ендеше сол өнерлерімізді көрсетеміз.

Би: Флешмоб «папури»

Тақпақтар: барлық балалар өз тақпақтарын орындайды.

Ақшақар:Балалар менің сендер үшін әкелген сыйлығым бар еді , қане келіп ала қойыңдар. ( балаларға сыйлықтар таратылады)

Аязата: Ал, балалар біз Ақшақар қызым екеуіміз азда болса сендермен көңілді уақыт өткіздік. Бізді басқа сендер сияқты көптеген балалар күтіп отыр, біз оларғада баруымыз керек. Қане аю, қоян, түлкі, маймыл, сайқымазақ жүріңдер, менің арбама мініңдер.(қоштасады)



2-жүргізуші: балалар міне біздің 2015 жыл кетіп, 2016 жыл да кіріп келді. Келе жатқан жаңа жыл әрбіреуіңе тек қана жақсылықтар әкелсін!

1-Жүргізуші:

Бұрқылдап шығып жатқан жақсылықтың,

Жаңа жыл қайнар бұлақ көзі болсын.

Көрсетпей ешбір бетін жамандықтың,

Ұялап әрбір үйге бақыт қонсын.

Ел тыныш, бала-шаға аман болып,

Дос-жаран, ағайынмен орта толсын.

Қуаныш әкелетін әрбір жанға,

Жаңа жыл, ағайындар, ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!

Бірге: Жаңа жыл құтты болсын!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Орманда?ы ?сем шырша

Автор: Баязитова Акбота Жаксылыковна

Дата: 31.01.2016

Номер свидетельства: 285695


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства