«Орман ханшайымында» ( Жаңа жылдық мерекелік бағдарлама)
«Орман ханшайымында» ( Жаңа жылдық мерекелік бағдарлама)
«Орман ханшайымында»
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылығын арттыру. Көңіл-күйлерін көтеру. Шырша әсемдігін, қыс келбетін сезіну. Жақсылыққа, достыққа, бір-біріне бауырмалдық көрсете білуге тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Орман ханшайымында» ( Жаңа жылдық мерекелік бағдарлама)»
«Орман ханшайымында»
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылығын арттыру. Көңіл-күйлерін көтеру. Шырша әсемдігін, қыс келбетін сезіну. Жақсылыққа, достыққа, бір-біріне бауырмалдық көрсете білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: «Алыста, алыста, тұрыпты Орман ханшайымы. Орман ханшайымы күн ұзақта достарымен орманда ойнағанды, ән айтып, бірге би билегенді жақсы көреді. Орман ханшайымының шарбағында бірге тиін тұрады. Бүгін жаңа жыл мерекесі. Орман ханшайымы достарын жаңа жыл мерекесін бірге тойламақ болып қонаққа шақырып қойған. Оны естип қалған Аяз ата мен Ақшақар жаңа жыл алдында Орман ханшайымын қуантайын деп, сыйлық жасамақшы болып, түні бойы шыршыны безендіреді. Ұйқысынан оянған тиін үлкен шыршаны көріп таң қалып қуанып кетеді. Шыршаны айнала
Тиін: Тамаша! Қандай шырша! Қанша ойыншықтары бар! Қалай жалт-жұлт етеді! (қайтадан айнала қарайды да айқайлайды).
Орман ханшайымы! Мында келіңіз! (деп шақырады).
Орман ханшайымы: Шақырдыңба?
Тиін: Иә, орман ханшайымы. (орман ханшайымы шыршаны көріп таң қалады)
Орман ханшайымы: Қандай әдемі, қандай керемет! Бұл сыйлықты кім сыйлағанын білгің келе ме? Жаңа жыл сайын аяз ата маған сыйлық сыйлайтын. Бұл тосын сыйды да Аяз ата мен Ақшақар жасаған болуы керек. Бүгін жаңа жыл мерекесі. Мен достарымды жаңа жыл мерекесін бірге өткізуге шақырған едім , сен қонақтарды қарсы ал. Ал, менің әлі де істелмеген көп жұмыстарым бар.
Тиін: Жарайды, ханшаймым! (сыпырғышты алып, сыпыра бастайды да)
Орман ханшаймы мен жаңа жылға арнап бір ән орындасам болама?
Орман ханшаймы: Әрине болады.
Ән: «Қош келдің, Жаңа жылым!»
(есікті қаққан естіледі)
Тиін: Кім бұл? Кім келді бізге? (төрт аю келді)
Аю: Орман ханшайымы біздерді Жаңа-жылды қарсы алуға қонаққа шақырған.
Тиін: Орман ханшайымы, мұнда аюлар келіп тұр.
Орман ханшайымы: Кірсін, кірсін.
Аю: Сәлеметсіз бе? Орман ханшайымы, біздер саған Жаңа-жылға тәтті бал әкелдік. Жаңа- жыл тәтті өтсін деп.
Орман ханшайымы: Рахмет, рахмет. Төрлетіңдер.
( тағыда есік қағылады, қояндар екен)
Тиін: Бұл кім?
Бірінші қоян: Кіргізіңдерші біздерді, біз батылды қояндармыз. Біз ешкімнен де қорықпаймыз. (тиін есікті ашып қонақтарды қарсы алады)
Екінші қоян: Жаңа жылдарыңызбен, Орман ханшайымы!
Үшінші қоян: Біздер сізге Жаңа – жылға тәттілер әкелдік.
Орман ханшайымы: Рахмет, төрлетіңдер, отырыңдар.
Төртінші қоян: Мында қасқыр, түлкі жоқпа? (дірілдеп)
(есіктің тағы да дүрсілі естіледі)
Тиін: Ашайын ба?
Орман ханшайымы: Әрине ашағой. Біздер Жаңа жылды қарсы алып отырмыз ғой.
(төрт қасқыр, қасында бес түлкілер бар)
Қасқырлар: Әзер дегенде жеттік қой.
Бірінші түлкі: Жаңа –жылыңызбен Орман ханшайымы!
Екінші түлкі: Біздер саған асықтық.
Үшінші түлкі: Міне, біздің сыйлықтарымыз.
Төртінші түлкі: Ой, мұнда көп қояндар бар екен ғой. Біз солардың қасына отырайық па?
Орман ханшайымы: Жаңа жылды бізбен бірге қарсы алғыларың келсе, қояндарға тиіспейміз деген сөз беріңдер.
Барлығы: Жарайды, тиіспейміз.
Орман ханшайымы: Рахмет, келіңіздер!
(тағы есік қағылып үш борсық, барыстар келеді)
Борсық, Барыстар: Сәлеметсіздер ме? Мерекені бастап қойған жоқсындар ма?
Орман ханшайымы: Жоқ мерекені сендерсіз қалай бастамақпыз. Төрлетіңдер. Ал, достарым! Жаңа жыл таяп қалды, қәне мерекені бастайық. (осы кездесағат соғылып Аяз ата мен Ақшақар қастарында жаңа жыл тауықпен кіріп келеді)
Барлығы: Алақай, алақай, жаңа жыл келді, қарсы алайық. (жаңа жылды қарсы алады)
Жаңа тауық жылы: Мен дағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақ ниет.
Орман ханшайымы:Сәлеметсіздер ме? Төрлетіңіздер! Тиін: Армысың Аязата ақсақалым,
Бармысың сұлу көркем Ақшақарым
Асыға тағатсыздық сезімменен
Күтуде өзіңізді барша қауым.
Аяз- ата: Мен, қоян, түлкі, қасқырларды іздеп жүрсем, бірге Жаңа- жылды қарсы алайық деп, олар мында келіп қалыпты ғой. Қалай, Орман ханшайымы сыйлығымыз саған ұнады ма?
Орман ханшайымы: Иә ата, рахмет сізге, сыйлығыңыз маған қатты ұнады. Білесіңдер ме? достар, Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.
Аяз ата:Дұрыс айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, бақыттың құшағында жүреді.
Орман ханшайымы: Қонақтар келіңдер, шеңберге тұрайық, Жаңа жылды тойлайық!
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Тауық жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!
Барлығы: Жаңа жылымыз құтты болсын!
Орман ханшайымы: Достар қандай өнерлерің бар, жаңа жылда көңілімізді көтермесек болмайды, кәне өнерлеріңді ортаға салыңдар!
Найзабек: Ел құрметтеп көп тосқан
(қасқыр) Келді Аяз- атамыз
Келіңдер, кел, достар
Қазір ән айтамыз
Жанару: Сақалы аппақ күмістей
(қоян) Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз- атаны.
Әбілмансур: Жасыл желек жамылған, (аю) Асыл моншақ тағынған. Міне сұлу шыршамыз, Көктен күтіп сағынған. Кел қонақтар, келіңдер. Шырша тойын көріңдер.
Орман ханшайымы: Ата, сізге арнап ән дайындаған едік, тыңдағыңыз келеді ме? Олай болса, шеңберге тұрайық. Ата бізбен бірге қосылыңыз.
Тұрар: Жаңа жыл келді міне жерімізге, (қасқыр) Әкелсін құт береке елімізге. Жақсылықпен қуанайын жыл болып, Қиындық жолатпасын елімізге.
Анелья: Жаңа жылым мол болсын (түлкі) Басқан қадам оң болсын Төрле, төрле жаңа жыл Бізге құтты жол болсын.
Айзере: Cноуон зэ граунд
(түлкі) Сноу он зэ три
Сноу он зэ хауз
Сноу он зэ ми.
Орман ханшайымы: Ата менің достарым шеттерінен бишілер. Көңілді достар биіне шақырайын.
Би: «Көңілді достар»
Орман ханшайымы: Бұл мерекеде шыршамызға арнап ән орындасқа болмайды. Бәріміз шырша жыры әнін орындайық.
Ән: «Шырша жыры »
Низамидин: Өлеңде әзір, әнде әзір
(борсық) Ойында әзір, бәрі әзір
Кел,Жаңа-жыл, біздерге
Кел,Жаңа-жыл,Жаңа-жыл!
Аянат: И весь год я был послушным (түлкі) И не вредным... Ну почти. Собирал свои игрушки, А их много, ты учти!
Ердәулет: Бар баланың қонағы
(қасқыр) Төрлет ата, жоғары
Енді дала, алақай
Ақ күміске толады
Жұрттың бәрі атадай
Қашан жомарт болады
Расул: Тамаша, тамаша,
(аю) Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Би: «Жаңа жылдық флэшмоб»
Сиқыршы: Әзер дегенде таптым ғой.
( сиқыршы сыйлықты тауып алып келеді, аяз- ата, балаларға сыйлықтарын таратады)
Орман ханшайымы: Ал, достарым Аяз ата мен Ақшақарды уақытын алмайық, жол көрсетіп шығарып салайық. (орман ханшайымы достарын ертіп Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салмақшы болып залдан шығып кетеді)