Просмотр содержимого документа
«Өнерім саған Астана»
Мақсаты:Елдік мерекеге өзіндік үн қосу. Көңілді орта қалыптастыру. Бас қала – Астана туралы әндер мен өлеңдер үйрету, сүйіспеншілік және мақтаныш сезімдерін тудыру. Туған ел тарихымен таныстыру.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Алдын ала атқарылатын жұмыстар:Астананың сұлу келбеті топтастырылған слайд дайындау, Астана күніне арналған көпшіліктің жүрекжарды лебіздері, құттықтаулары түсірілген бейнежазба әзірлеу, балалардың өз шығармашылықтарынан дайындаған суреттері көрмесін ұйымдастыру.
Барысы:
Гимн орындалады Экранда «Жаңалықтар қызметінің заставкасы» көрініп, әуені ойналады. Ортаға тәрбиеші тележүргізуші болып шығады: Тележүргізуші тәрбиеші: Қайырлы күн, құрметті телекөрермендер! Эфирде «Апта КZ» жаңалықтар топтамасы. Сіздермен бірге мен – Алтын Орыналиева Бүгінгі шығарылымда көретіндеріңіз: -«Астана - балалар көзімен!» Мереке аясында балабақша бүлдіршіндерінің арасында өткен сурет көрмесін тамашалау -«Тәуелсіз елдің жүрегі сенсің - Астана!» Астана қаласының сұлу келбеті әлемді таң қалдырды. -«Астана - татулық пен бірліктің ордасы» Сүйікті бас қала – Астананың туған күніне арналған республика жұртшылығының жүрекжарды лебіздері - Осы және тағы басқа да жаңалықтар легімен таныс боласыздар, арнаны ауыстырмаңыздар!...... Тележүргізуші тәрбиеші: Бас қаламыз - Астана қаласының 17 жылдық мерейтойына орай республика бойынша барлық балабақшалар арасында «Астана - балалар көзімен!» атты балалар қолымен салынған суреттердің көрмесі ұйымдастырылған болатын. Сурет көрмесі кеше Әйтеке би кенті бойынша балабақша бүлдіршіндерінің назарына ұсынылды. Көрмені тамашалаушылар бас жүлдеге лайықты деп таныған балаларға өз пікірлерін «www. Astana - 17» сайтына жолдап, дауыс берулері керек. Қазір біз сіздермен 5 - тен кері бағытта санау арқылы дауыс беруді тоқтатамыз. Қане, бастайық: 5,- 4,- 3,- 2,- 1! Дауыстар санын есептеу - тоқтатылды. Қай бала суырылып алға шықты екен, назар аударайық: (Экранда аты жазылмай нөмірленген балабақшалардың диаграммасы көрінеді) Тележүргізуші тәрбиеші:Нәтиже әділ болуы үшін балабақшалардың аты аталмай, тек рет сандарымен ғана белгіленген болатын. Ал мына диаграмма бойынша қасиетті
7 санымен белгіленген балабақша айқын басымдықпен жеңіп отыр екен. Енді бұл нөмірге қай балабақша жасырылғанын білейік, сәл сабыр сақтаңыздар..... (Экранда: № 4 «Шұғыла» балабақшасы» - деген жазу шығады) Тележүргізуші тәрбиеші:Міне, нәтиже де белгілі болды! Жеңімпаз атанған № 4 «Шұғыла» балабақшасының «Балауса» тобының балаларын шын жүректен құттықтаймыз! (Тележүргізуші құлағындағы микрофонды тыңдағандай болады да:) Тележүргізуші тәрбиеші:Жаңа ғана маған хабар келді, біздің «Балауса» тобының жеңімпаздармен жүздесуге мүмкіндігіміз бар екен. Олар қазір біздің студиямызға келеді, қошеметтеп қарсы алайық! (Көңілді музыкамен қуанышты кейіпте, бір тобы қолдарына өздері салған суреттерін ұстаған, бір тобы гимнастшыларша киініп ленталар ұстаған, әр түрлі мерекелік костюмдерін киген балалар студияға қонаққа келгендей болып жарты шеңберге тұра қалады) Тележүргізуші тәрбиеші:Студиямызға қош келдіңдер, ботақандар! Жеңістерің құтты болсын! 1 - бала: Көп рахмет, біз аса қуаныштымыз. 2 - бала: Бізге дауыс берген барлық Астаналықтарға үлкен рахмет айтамыз! 3 - бала: Барлығымызға ортақ мереке бас қаламыз - Астананың 17 жылдық мерекесі құтты болсын! Тележүргізуші тәрбиеші:Айтсын, айтсын! Расында да бүкіл Қазақстандықтарды біз де өз атымыздан Астананың туған күнімен құттықтаймыз! Ал балалар сендердің Астана қаласына тартуларың керемет болды. Байқауда жеңетіндеріңді білдіңдер ме? 4 - бала: Жеңетінімізді білген жоқпыз, бірақ үміттендік. Бізді осында алып келген, сурет салуға, барлық өнерге үйреткен балабақшамыздағы тәрбиеші апайларымызға алғыс айтамыз. Тележүргізуші тәрбиеші:Бәрекелді! Ал мына қолдарыңдағы қандай суреттер? 5 - бала: Бұл - біздің Астанадағы мерекеден алған әсерлерімізден туындаған суреттер, сіздердің телеарналарыңызға сыйлаймыз. Тележүргізуші тәрбиеші:Көп рахмет! Шынында да нағыз суретшілер екенсіңдер, суреттерің маған ұнады. Теле-арнамыздың мұражайына қойып қоятын боламыз. Ал сендердің тағы қандай өнерлерің бар? Еліміздің белді әншісі Алтынай Жорабаева Астана күніне арналған әніне бейнебаянының тұсауын кесті. Сол бейнебаянды тамашалайық, сіздердің құрметтеріңізге.
6 - бала: Біз Астана қаласының туған күніне арнап әндер үйрендік, тақпақтар жаттадық. Тележүргізуші тәрбиеші:Қане, онда өнерлеріңді тамашалап көрейік..... 1 Киелі менің Астанам
Арудай сұлу тараған
Береке, бірлік достықтың
Тұнығынан нәр алған
2 Сәулеңді шаша еліңе
Нұрыңды төк жеріңе
Киелі менің Елордам
Бақ болып қонған төріме
3 Елордам менің - Астана
Осында жаңа бастама
Сәулетті зәулім үйлер көп
Көрікті сондай жас қала
4 Астанама қарашы
Елімнің жас қаласы
Неткен ұлы, неткен кең
Қазағымның даласы
5. Ардақталды Астанам
Мәртебелі бас қалам
Көркейе бер күн сайын
Алға қарай бас қадам
6. Алтын күннің астында
Желбірейді туымыз
Қазақ деген халықтың
Ұлы менен қызымыз
7. Ару қалам Астанам
Гүл жайнаған жас қалам
Егеменді елімді
Болашаққа бастаған
Олай болса келесі жаңалығымыздың келесі бөліміне оралатын болсақ, Астана күнінің туған күніне орай біздің астанамыз күннен күнге көркейіп гүлдену үстінде. Олай болса біздің журналисттеріміздің жинаған репартажына назар аударайық.
Астана сөзі тілге оралғанда шаһар ретінде жаңа-жаңа бойын тіктеп, еңсе көтеріп келе жатқан Елордасы көз алдымызға келе қалады.
Ол – жай қала ғана емес. Елорда. Кеше ғана Тәуелсіздігін алып, буыны енді қатайып келе жатқан Қазақ мемлекетінің астанасы.
Астана қазіргі күні көздің жауын алады . Қарап тұрып сүйсінесің . сүйсініп тұрып , шүкіршілік етесің .
Астана – бұл қазақтың, мерейі, мәртебесі. «Мерейіміз таси бергей, Астанамыз ажарына ажар қосып, сұлулығынан танбағай» деген шынайы көңіл тұла бойды кернейді.
Видеоролик тамашалау
Құрметті көрермендер өздеріңіздің Астанамыздың 17 жылдық мерейтойына өздеріңіздің тілектеріңізді біздіріп өтсеңіздер.
Тақтаға Қазақстанның картасы ілініп Астана сөзіндегі әрбір әріптен басталатын сөздерді айтып қорытындылау.
Мерекеге тарту ретінде топ тәрбиеленушісі Жаннұрдың әні орындады