kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Нысанбаева Фарида Алтыбаевна

Нажмите, чтобы узнать подробности

Алтын күз жайлы балаларға таныстыру, күз мезігіл жайлы мәлімет беру 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Нысанбаева Фарида Алтыбаевна»

Cценарий:

"Алтын күз!"


Мақсаты:

Табиғатты аялай, қорғай білуге үйрету.

Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Жыл мезгілі жайындағы түсініктерін қалыптастыру.

Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу. Өлең би арқылы шығармашылық дағдыларын дамыту.


Зал мерекеге сай безендірілген.

Әсем музыка ырғағымен балалар залға кіреді. Жүргізуші:

-Армысыздар құрметті ата-аналар,қонақтар!Баршаңызды бүгінгі

«Алтын күз!»мерекесімен,шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгінгі алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастай отырып балабақша меңгерушісі Қиянбекова Айгул апайға сөз кезегін береміз.


Жүргізуші:

Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ел, далам

Дариядай шалқып жүр.

Мейірлі күз, мырза күз

Сыйлығыңа ризамыз. дей отырып Ән шашумызды қарсы алыңыздар.

Ән: " Аққу арман "әні Төребай Айару қызымыздын орындауында тамашалайық.

Музыка ойналып тұрады.

Жүргізуші: Күз ханзадасы мен ханшайымдарын қошеметпен қарсы алайық.

Жүргізуші: Өнер десе жайнаймыз,

Сандуғаштай сайраймыз.

Алтын күге арнаған

Тақпақтарымызды шырқаймыз дей келке"Балдырған""Балдәурен"тобымыздың тақпақтарын тыңдайық.

Жүргізуші: Рахмет балалар ал енді"поворята"биімен ертенгілігімізді тамашалайық ортаға Балдырған тобының бүлдіршіндерін шақырамыз. Би: "Балдырған" Қуыршақ биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Рахмет балалар.

Жүргізуші: Қарсы алайық қол соға,

Өнерлі жас қаншама

Мың бұралып, билеген

«Павлин» биімен ортада балдәурен тобының биші қыздарын тамашалайық.

Би «Павлин»

Жүргізуші: Ал енді көкөністер айтысы ертегісін тамашалайық.

Көкөністер айтысы ертегісі.

Ерте,ерте,ертеде бір үйде әжей болыпты. Әжей есік алдына көкөністер егіпті. Әжеміз сол көкөністеріне су құйыпты.

Әжей су құйып шығады.

Көкөністер өсіп шығып билейді.


Өнім биыл тамаша!
Көз тоймайды қараса:
Сәбіз, пияз, қияр, картоп,
Бұршақ, асқабақ, қызылша,
Қызанақ, орамжапыраққа қарашы.
Көкөністер бір жерде жиналып тақпақтарын айтады.
Тақпақтары:
Мен қиярмын, қиярмын,
Жаттығуға даярмын.
Қолдармды көтеріп, Қияр:
Қиярдай болып өсемін.


Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып, Қызанақ:
Менім атым – қызанақ,
Күнге қарап ұялып.


Кім білмейді шалқанды,
Дәмімді татып таң қалды. Шалқан
Бәріне сый боламын,
Тауып көр менен дарқанды.


Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда. Қырыққабат
Мені қосса самсаға.
Жейді бәрі тамсана.

Көрсең егер бақшада
Доп екен деп қалма. Қарбыз
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алма!


Мен ұялшақ картоппын,
Мен емеспін мақтанар, Картоп
Мені жақсы көреді,
Үлкендермен балалар.

Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған – Қауын
Балдай тәтті қауынмын.

Балалар (хормен):
Жиналып қаппыз бәріміз, 
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға 
Тиеді көп пайдамыз? 

Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық!


Көкөністер бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы.
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер.-деп барлығы билейді. Сахнадан шығып кетеді.


Жүргізуші: :

-Балалар міне біздің көкөніс жемістеріміз адам үшін пайдалы қайсысы екенін білмей таласуда, сендер білесіңдер ма қайсысы пайдалы екенін?

Балалар:-Иә,адамға барлығы да пайдалы.

Жүргізуші:

-Балалар , осы біздің жеміс,көкөністерімізді қай мезгілде жинап алатынын білеміз ба?

Балалар:Ия

-Күз мезгілінде жинап алады.

Жүргізуші:  Қызыл, сары алтындай
Жапырақтар күз көркі
Ойланайық, толғанайық
ән шашуды біз шашайық!
Ән «Алтын күз» орындайтын Әмит Нұрсезім.

-Олай болса, «Алтын күз»әнін бірге тамашалайық.

Жүргізуші: Ендеше не тұрыс
Болмасын жан қалыс
Тойлайық, күлейік
Қуанып би билейік!


Би: "Жапырақтар биі" Балдәурен тобының бир топ қызарын қарсы алайық.

Би:"Тамшылар"биі бір топ балаларымыздың орындауында тамашалайық.

Хор: Кап кап тук тук

Жүргізуші:Әсем әнсіз той бола ма?
Ән арнайық күзге жаңаша!

Деп Бахытбек Бибіпатыманын орындауында Роза Алқожанын әні" Мен сені сүйем өмір" әнімен қарсы алайық.

Жүргізуші: Айгөлек ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек! 
Айдай толған кезімде, 
Би билеймін дөңгелеп! деп кіп-кішкентай балапдарымыздың биі тамашалайық.

Ия өте өнерлі балалар екен.

Берекелі бақ-дәулет

Арта түссін тойланып,

Сау болыңдар, балалар

Келгенше жыл айланып.

Осы кезде әуен ойналады.

Жүргізуші: Күздің кереметі,байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдаға, көкеністерге, жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Міне балалар осымен «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыға бақыт-береке тілеймін.Қош сау болыныздар!
























Как красиво в нашем зале

Всех на праздник мы позвали.

Будем в гости Осень ждать,

С нею петь, плясать, играть.


Каждый листик золотой –

Маленькое солнышко.

Соберу в корзину я,

Положу на донышко.


Мы –листочки, мы –листочки.

Мы –осенние листочки.

Мы на веточках сидели,

Ветер дунул –полетели.








Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Алтын күз»  атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жүп жазбай,

Бірге қарсы алайық!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Нысанбаева Фарида Алтыбаевна

Автор: Нысанбаева Фарида Алтыбаевна

Дата: 17.12.2019

Номер свидетельства: 532378


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства