Просмотр содержимого документа
«Нептун күніне арналған ойын сауық «Теңіз патшайымы»»
КМҚК «Дәншік» балабақшасы
Нептун күніне арналған ойын сауық
Тақырыбы: «Теңіз патшайымы»
Тәрбиешілер: Корпешова Ш.Т.
Самар ауылы
2016 ж.
Тақырыбы: « Теңіз патшайымы » МАҚСАТЫ: Балаларға су тіршілік көзі екенін үйрету. Сумен ойнайтын ойындардың ережесін сақтай отырып, балалардың қимыл - қозғалысын, икемділігін, шапшаңдығын арттыру. Достыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу. КӨРНЕКІЛІГІ: Патшайымның киім үлгісі, су құятын ыдыстар, сүзгі, су тапаншасы, сабынды көпіршіктер, шелектер, жасанды бассейн.
ЖҮРГІЗУШІ: Күн күлімдеп жел ойнайды, Толқындар көңілді шулайды Нептунға қонақтар асыға келеді Балалармен қыздардың топтары. ЖҮРГІЗУШІ: Балалар бүгін қандай күн? БАЛАЛАР: Нептун күні. ЖҮРГІЗУШІ: Сендер Нептунның кім екенін білесіңдер ме? БАЛАЛАР: Ол көл патшасы. ЖҮРГІЗУШІ: Олай болса Нептунның қызы теңіз патшайымын ортаға шақырайық. БӘРІ: теңіз патшайымы Келе ғой, келе ғой, келе ғой.
Теңіз патшайымы: Сәлеметсіздер ме балалар, құлағыма жетті, бұл мереке менің құрметіме арналған екен. Мен теңіз патшайымын , мерекелеріне келіп тұрмын. ЖҮРГІЗУШІ: Теңіз патшайымы , сіздің құрметіңізге балалар тақпақтар айтып береді.
Ләйлә: Су тіршілік негізі Онсыз өмір сүрмейсің Гигиена егізі – Су деп және білгейсің.
Ерген : Жер шары дәу әлем Қоршалған ауамен Ауасыз тұншығар Өмір сүріп тамаша Қуанайық балаша Олжас: Үйде ванна, душ болса, Салқын сумен құйынған Ыстық сумен шомылсаң, Салқын сумен шайынғын.
Теңіз патшайымы: Жарайсыңдар, балалар. Мен сумен ойындар ойнағанды жақсы көремін. Олай болса ойындарыңызды тамашалап, сендермен бірге ойнайын. ЖҮРГІЗУШІ: Бүгінгі ойынымызға «Жұлдызша» тобы және «Ақтиін» тобы балалары қатысады. 1 - ОЙЫН: «Су тасушылар». Балалар бос шелегімен мәреге барады. Шелегін суға толтырып, келесі балаға шелегін береді. Келесі бала суды мәредегі ыдысқа төгеді. 2 - ОЙЫН «: Кім жылдам» Қолында сүзгі ыдыстарға суда тіршілік ететін балықтарды аулап алу
Би: «Тамшылыр»
Теңіз қарақшысы келеді: Мен болдыртпаймын менің ұйқымна ояттындар шуылдап ,ойыншық тапаншаны алып су шашады.
Жүргізуші: Ой,ой сабыр етініз не шу шығардыныз бұл жерде балалар өте көңілді.
Теңіз қарақшысы: ендеше менде тапанша бар бірге ойын ойнайық 3– ОЙЫН: «Мергендер». Екі топ су тапаншасынан дәл деп су шашады. 4- ОЙЫН: «Суда жүзушілер». Жасанды бассейнде әр топтан 2 баладан суда жүзеді. ЖҮРГІЗУШІ: Теңіз патшайымы сізге балаларымыздың ойындары ұнады ма?
Теңіз патшайымы: Әрине ұнады. Өте тамаша, қызықты сумен ойындар ойнадыңдар. Менің де сендерге сыйлығым бар. Міне сендерге сабынды көпіршіктер. Сендер сабынды көпіршіктерді үрлеп көңілді көпіршіктерді тамашалаңдар.
5-Ойын : «Көпіршіктер»
Би : «Флешмоб» БАЛАЛАР: Рахмет,Теңіз патшаыймы теңіз қарақшысы
Теңіз қарақшысы: Балалар сендердің мерекелерінді шырқын бұзғым келген үшін кешірім сұраймын !