kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Наурыз-жыл басы" атты тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Наурыз мерекесіне орай балалақшадағы тәрбие сағаты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Наурыз-жыл басы" атты тәрбие сағаты»



Тақырып: Наурыз - Той думан !

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі


Жүргізуші: -Құрметті қонақтар, сүйікті балалар, Наурыз мерекесі құтты болсын!Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына Жаңа жыл келді.Бәріңізге де Жаңа жыл бейбіт жылы болсын!


«Амандасу рәсімі.»

Мансұр:

Амансыз ба? Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Захар:

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Дидар:

Ұлыс береке берсін!

Бәле-жала алыс кетсін!

Үшеуі қосылып:

Ұлыс күні кәрі жас,

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өріскен.

Балалар, қонақтар бір-бірімен құшақтасады






 Қыс,Қар,Күн – айтысы.

Жүргізуші :

Бұл не шу?

Бұлар кімдер?

Ә, көріп тұрмын, танып тұрмын.

Анау тұрған Қар екен,

Мынау тұрған Күн екен!

Ендеше, достар, біз қазір бүгінде ұмытыңқырап бара жатқан, жиі айтыла бермейтін, Ақ пен Қараның, Зұлымдық пен Залымдықтың, Жамандық пен Жақсылықтың тартысын суреттейтін Қыс пен Жаздың айтысына куә боламыз.

 

/Қар мен Күн болып киінген балалар шығады/

 

Қар: Абылай

Қара жерді ақ көрпеге ораған,

Кең даланы боранымен бораған,

Қыс керемет емес пе?

 

Күн: Ясмина

Мал төлдеп, адам аузы аққа тиген,

Жер бусанып, мал ауызы көкке тиген,

Жаз керемет емес пе?

 

Қыс: Аяна

Құрт-құмырсқа, бақа-шаян жер бетіне шығатын,

Шыбын-шіркей, маса-қоңыз ызыңдап мазаң алатын,

Жаздың несі керемет?

Жолымды мақұл берейін,

Өз жөніме кетейін!

 

********************Қыс кетеді*****************

Ал енді балалардың тақпақтарын тамашалаңыздар

1Досжан

2Әдемай

3Сезім

4Қуаныш

5 Руслан

Балалардың орындауында «Наурыз »әні

Бұрын қазақ халқы отты қасиетті, деп санаған.От тіршілік көзі деп есептеді. От жарық пен жылулықты ғана емес, жамандықтан, пәле қаладан, аурудан сақтайды ,- деп адыраспан шөп және аршамен үй жайларды аластаған

 Рамина бізге аластау рәсімін көрсетеді.

************* аластау рәсімі*************

 

/жаулық тағынған қыз бала арша жағып/:

 Алас, алас,

Мың бір пәледен алас,

Жүз бір қатерден алас,

Көзі жаманның көзінен сақта,

Тілі жаманның тілінен сақта,

Ниеті жаманның ниетінен сақта.

Жер-Ана, күш-қуат бере гөр, тәу-тәу!

 Жүргізуші:

Наурызда дүйім жұрт алаңға жиналып, ат жарыстырып, ақындарын айтыстырып, балуандарын күрестіріп, той тойлатып, ойын ойнатып, алтыбақан тебісіп, наурыз көже ішіп, таңды көзбен атырған.




 Ұлттық ойындар:

  1. Қол күрес

  2. Арқан тарту

  3. Қыз куу




Келесі кезекте қазақтың салт-дәстүрінің бірі, тусау кесу рәсімі жайылы көрініс

******************



Жүргізуші: Ала жіпті алайық,

Әжеңе алып барайық.

Ержетті деп айтайық,

Шашуын жеп қайтайық!

Ортаға тұсау кесуші шығып, баланың тұсауын кеседі


Тәй, тәй, тәй, тәй!

Қаз, қаз, балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам!

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін!

Жүгіре қойшы, құлыным,

Желбіресін тұлымың,

Елгезек бол, ерінбе,

Ілгері бас, шегінбе!

 

****** беліндегі қалтаны шешіп, тәттілерді елге шашумен таратады*******

 

Тойға шашу шашылсын!

Халқымның нұры тасысын!

 

**********************шашу**************

 

Бір баланы шығарып бата айтқызу

Мират бата айтады

 ************/бата тілейді/***************

 

 

Сұрасаң бата берейін,

Ақ тілекті төгейін.

Дастарханың мол болсын!

Абыройың зор болсын!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Әумин!

Жүргізуші: Тойымыз тойға ұлассын деп шақырады.


Би кара жорға




Жүргізуші: -Құрметті қонақтар, сүйікті балалар, Наурыз мерекесі құтты болсын!Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына Жаңа жыл келді.Бәріңізге де Жаңа жыл бейбіт жылы болсын!















Шығыс Қазақстан Облысы

Катонқарағай ауданы

Үлкен-Нарын ауылы

КММ «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы







Тәрбие сағатының тақырыбы:

« Наурыз-той думан!»





Өткізген: Жаркынбаева З.Н



2017 жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Наурыз-жыл басы" атты тәрбие сағаты

Автор: Жарқынбаева Зинура Николаевна

Дата: 07.04.2017

Номер свидетельства: 407424


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства