kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Наурыз-жыл басы!

Нажмите, чтобы узнать подробности

сценарий "наурыз жыл басы!". Группа "Айголек" и "Балапан"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Наурыз-жыл басы!»

Тақырыбы: «Наурыз-жыл басы!» Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Балабақша қызметкерлері мен бүлдіршіндерінің ата-әжелеріңе, шақырылған қонақтарға мерекелік концерті
Түрі: Мерекелік сазды – музыкалық кеш.
І. Қонақтарды қабылдау.
ІІ. «Мөлдір» балабақшасының Наурыз тойының ашылуы
ІІІ. «Наурыз-жыл басы!» тойы мерекесінің жүру бағдарламасы. IV. Балалар арасында ұлттық ойындар ойнату

V «Ырыс алды ынтымақ!» балбақша қызметкерлерінің өнерлері

VI «Наурыз көже» дастарханға жайғасу І. Қонақтарды қарсы алу сәті (қонақтар келген сәтте «Қазақ осы» өлеңі ойнатылып тұрады, үлкендер шығып, қарсы алады) Шолпан апа: "Біз қазақ деген мал баққан елміз,
ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Венера апа:Досымызды сақтай білген елміз,
дәм-тұзымызды ақтай білген елміз Шолпан апа: Қонақ келсе құдайындай сыйлаған елміз! Қош келдіңіздер! Венера апа: Армысыңдар жиналған ағайын. Бүгінгі Наурыз тойында біздің ауылғада ат шаптырып, келіп қалыпсыздар, ендеше мерекеде бізбен бірге болып, Наурыз көжеден дәм татыңыздар! Венера апа: Ал құтты қонақтар, келген қадамдарыңыз ақ болсын деген ниетпен, ең бірінші ақтан ауыз тиіңіздер! Шолпан апа: Қадамдарыңыз нұрға толсын, қанеки оң аяқпен ішке кіріп, Наурыз тойың бірге қарсы алайық.

ІІ. «Мөлдір» балабақшасының Наурыз тойының ашылуы

Көктем әуені. (әдемі көйлекпен қыздардың шығуы) Ғазиза: Осы күн болар дүниедегі бал күні, Кеудеңе қонар арманыңның құсы дәл бүгін. Осы күн ғана жайнатар бәлкім нұрымен Ендігі қалған күндеріңнің барлығын. Ақнұр: Қанша рет көрдім, қанша рет келдің үйіме Өсірдің қанша, қосылдың қанша түйіңге Мен сені әлі сәбидей күтем, дара күн Мен саған әлі сәбидей сенем дүние.

Ғазиза: Жыр сыйлаған, нұр сылаған әлемге Қастерледім, қадіріңді білдікте Ақнүр:Құтты болсын жұмылдырған ұлы күн Бәрімізді ынтымақпен бірлікте. Абылайхан: Сүйінші, сүйінші Жаңа күн, жаңа жыл келді әлемге! Наурыз келді біздің жомарт далаға, Наурыз келді еңкейген қарт, еңбектеген балаға! Сүйінші, сүйінші Күн мен түн теңелді, Наурыз келді тағыда, жаны дархан, елі бай, еліміздің бағына!! Би: қазақша (тәрбиешілер бүлдіршіндеремен) Абылайхан: Асқақ әндер шарықтап, Ағынан тойды басқарсын Күмбірдеген күйлер шарықтап, Аластау рәсімі басталсын! Аластау рәсімі  Шолпан және Венера апа: Алас-алас баладан алас, Иесі келді пәледен көш.  Алас-алас пәледен алас, Көзі жаманның көзінен сақта. Тілі жаманның тілінен сақта. Отыз омыртқасынана алас.

Бәрі: алас, алас!

Абылайхан: Қыдыр баба келеді

Жыл бақытты болсын деп,

Ақ батасын береді.

Қыдыр ата: Өтеба аға

Армасың, жамағат!

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Аман сақтап төл басын,

Еккен егін солмасын,

Орта толып ырысқа,

Бейбіт өмір орнасын.

Бостандықтың ордасын

Періштелер қорғасын.

Бесіктегі бөпеңнің

Бақайшығы тоңбасын.

Ұлыс күні ұл мен қыз

Тайпалдырсын жорғасын.

Көл жиналып тамшыдан

Теңіз толсын қансыған.

Атамекен тазарып

Асыға түссін алшыдан.

Бақыт ашып қақпасын,

Мәңгі-бақи жаппасын.

Пәле-жала қазақты

Іздесе де таппасын!

Мұхаммед Али:
О, жарандар, жараңдар, Бәрің мұнда қараңдар.
Наурыз той басталды,
Текке қарап тұрмаңдар.
Ақерке: Әуелесін армандар,
Үміті от боп жанғандар.
Бақ дарып, Қызыр қарасын,
Мерекеден қалмаңдар. (музыка)
Жүргізуші: а, халайық! Бұл Ұлыстың ұлы күні. Ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз күн мен түннің теңелер мезгілі. Қар еріп, жер жүзі көктеп, көгеріп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасаратын шақ. Бұл ата - бабаларымыз үй - үйді аралап, Наурыз көжеден дәм тататын күн. «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын» десіп, өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілеп, ақ көңіл, адал жүрекпен құшақтарын айқастырып табысатын қасиетті күн - Наурыз мерекесі құтты болсын, ағайын! Ендеше сөз кезегін балабақша меңгерушісі Оспанова Шынар апайға береміз.

Жүргізуші: Тойла бүгін, тауларым мен боз далам,

Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам.

Қайта оралған намысымдай Наурызым,

Жаңа жыл боп қош келіпсің, Наурызым!- дей келе келесі ән шашуымыз Балапан топ тәрбиеші Қошаханова Гүлфайруз орындайды.

Ән: Наурыз-көктем

Жүргізуші: Бағыма көктемменен еніп едің
Іздедім шуағыңнан көңіл емін.
Бір мезгіл жоғалғаным табылғандай
Шаттанды шашуыңнан төңірегім
Көркейтсін баспасын да даланы мұң
Тербетсін табиғатты дана жырың
Қош келдің төрімізге төрлет бүгін! Ортаға «Балапан» топ ата-аналарының дайындаған
«Ұлттық тағамдар!» көрмесімен ортаға шақырамыз. Жүргізуші: Қош келіпсің, Наурыз! Арман тойы халықтың, Қуанышы халықтың, Құтты болсын қадамың! Сені тойлап қарсы алып, Бар әлемге жар салып, Сәлем бердік біз сізге!-демекші біздің «балапан» топ бүлдіршіндері наурызбен құттықтап, өз өнерлерің көрсетуге ортаға шықпақшы. Қошеметпен қарсы алайық.

Балапан тобы: тақпақтар

Би: «Адай» биі Балапан тобы

Жүргізуші: Жүріңдер Наурызға басып аяқ,
Қалыс қауым болмасын некен саяқ.
Ән шырқап, би билейтін қауым болып,
Тұрмайық, уақыт келді өнерді аяп.
Назарларыңызға «Айгөлек» топ балаларының өнерің тамашалауды ұсынамыз

Бекайдар: О, ағайын, ағайын
Думанға толы маңайың
Мереке болып келіп тұр
Наурыз айы –бал айың
Мұхаммед-Әли:Наурыз тойы –тамаша
Наурыз тойы – жаңаша
Табиғатта тамаша
Тамылжып тұр жараса
Әли:Наурыз келді тамаша
Ән айтамыз таласа
Атам, әжем той тойлап
Қуанып жүр балаша
Әбдірахман: Уа, халайық, халайық!
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық

Дәулет:Құтты болсын Наурыз
Жалқаулық қос жауымыз
Дала толы егіске,
Малға толсын тауымыз
Ерасыл:Наурыз тойы әдемі,
Әжем еске түсірді
Амирхан:Біздерге арнап әдемі,
Наурыз көже пісірді.
Исрайыл: Кел балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық
Баянды боп мереке
Қыр гүліндей жайнайық

Ән: «Тұлпарым» ер балалар орындайды

Нұршашты:Арпа, бидай, тары бар
Қатық, малта, тағы бар
Інжу:Ішілетін, жейтінің
Бұл көжеде бәрі бар.
Гүлзат:Бата беріп атамыз,
Бата беріп әжеміз
Нұршашты: Тәтті болып жасаған
Көжеден дәм татамыз
Ақерке:Құт бауырсақ шашылып,
Наурыз тойы ашылсын
Бір бірімен мына жұрт
Көрімдігін асырсын

Айзере: Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы
Дастарханға елімнің
Береке ырыс сыйлашы
Еркеназ: Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің!

Би: «Қара Жорға» Айгөлек тобы:

Жүргізуші: Халқымыздың тарихы – мәдени мұраларының түрлері сан алуан.Солардың қай-қайсысы да адамға,соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды игіліктердің бірі-ұлттық ойындар. Ұлттық ойындарымызды тамашалаңыздар: 1. Қыз –қуу Балалар арасынан бір ер бала,бір қызды(ағаш атпен)қуады.Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені.Кейде қызды 2 бала да қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді. (Айсұлтан-Аяна, А. Ерасыл-Сая, М.Ерасыл-Нұршашты, Дәулет-Інжу; Амирхан-Гүлзат).

2. Көтермек- ортаға екі ойыншы шығады. Бір-біріне арқаларын беріп тұрады. Белгі бойынша кім бір-бірің арқада көтеріп алса, сол жеңіске жетеді. Жеңіске жеткен бала ойында қала береді де, басқа балалармен күш сынасыды. (Бекайдар-Әли; Әбдірахман-Мұхаммед-Әли, жеңімпаздарға кезек)

3. Тауық күрес. Балалар екі топқа бөлінеді.Осы екі топтан екі бала шығып ,кәдімгідей күреседі.Оның ең қызығыда,басқаша күрестен айырмасы да –тек жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп,иықтарын қағып күресуінде.Бұл күрес балалардың нық басып,орнықты жүруін жетілдіреді.Күрестің 1 аяғн тізесін бүгіп,мата белбеуін байлап тастайды.Қайсысы сүрініп жығылса ,сол ұтылады. ( Еркеназ, Айзере, Ақерке, Інжу)

V «Ырыс алды ынтымақ!» балбақша қызметкерлерінің өнерлері

Жүргізуші: Ел де тыныш!
Жер де тынышбұлкүні,
Көреміз тек қуаныш пен күлкіні. Табысқан жұрт таныс тауып жатады,
Жамалғандай жүректердің жыртығы!-дей келе ортаға тамаша ұсынамыз.

Тамаша: « »

Жүргізуші: Наурыз – жыл басы. Күлімдеп қарап күміс күн, Аспаның бүркіп пүліш түн. Ұлы күні Ұлыстың, Келді Наурыз – жыл басы! Кезекті қазақша биге берейік. 

Би: « »

Жүргізуші: Арда өсіп, адал емген ақ уызың,
Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.
Көк бөрілі байрағын желбіретіп,
Көк түріктер тойлаған Наурызым. Алқа - жұртым, той - думан,
Ортамызда ашайық.
Ән мен күйді төгіп біз,
Інжу маржан шашайық Ортаға балабақша қызметкерлерің әнімен шақырамыз.

Хор: «Поппури»
Жүргізуші: Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ендеше, ақ кимешегі наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай, әжеміз наурыз көже әкеледі. Мерекелік концертімізді аяқтап, барлықтарыңызды Нарыз көже дастарханына шақырамыз!


















.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Наурыз-жыл басы!

Автор: Мералова Акнур Саятовна

Дата: 17.03.2017

Номер свидетельства: 401187


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства