kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Наурыз-жыл бастауы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дошкольное праздничное мероприятие "Наурыз - жыл басы! ". Праздник  Наурыз отмечают народы Казахстана и Средней Азии.Наурыз - начало нового года,день равноденствия.В этот день накрывают праздничный стол с национальными блюдами,готовят баурсаки и Наурыз коже.Поют песни и прводится соревнования между акынами Айтыс.Проводятся национальные игры кокпар,кыз куу,алтыбакан,аркан тартыс,асыки и другие.Надевают национальные одежды.Ходят к друг другу в гости,дарят подарки.Автор мероприятия воспитательница дошкольного учреждения "Айж?лдыз" город Кызылорда Рысбаева Баян Рустемовна.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Наурыз-жыл бастауы. »

13.04.2015ж. 9 «А»сынып

Сабақтың тақырыбы: Большевиктік өкімет тұсындағы Алаш қозғалысын қаралау саясаты.

Сабақтың мақсаты: 

1. Білімділік:  Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметі құрылуы қарастырылған ІІ Жалпықазақ сьезінің қаулысын талдап, құрылуының алғы шарттарымен танысу 

2. Дамытушылық: Алаш автономиясы  мен қазіргі тәуелсіз Қазақстанның даму бағытындағы ұқсастықтары  мен айырмашылықтарын  салыстыру арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Қоғамның патриот азаматын қалыптастыру

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

          Сабақтың әдіс-тәсілі: топтық жұмыс

          Көрнекілігі: «Алаш» қозғалысы, Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметі  туралы еңбектер көрмесі, слайд материалдары.

          Сабақтың барысы: 

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Ұй жұмысын сұрау

3. Жаңа сабақ

4. Сабақты бекіту

5. Үй жұмысын беру

Қазақ қоғамы және Алаш партиясы тақырыбы бойынша үй жұмысын тексеру .

Жаңа оқу материалын түсіндіру.

1.Патша заманындағы зиялы қауым өкілдерінің қудалануы.

2.Кеңес өкіметі тұсындағы қуғынның айыпкерлері.

3. «Торғай ісі» М. Дулатовт.

4.Қуғын – сүргін ұйымдастырушылары НКВД,ГУГБ,ОГПУ құрылымдарының саяси сипаты.

Сабақты бекіту.

Үйге тапсырма: «Зиялы қауым өкілдерінің қудалануы» тақырыбына материал іздену.





13.04.2015ж. 9 «А»сынып

Сабақтың тақырыбы: Большевиктік өкімет тұсындағы Алаш қозғалысын қаралау саясаты.

Сабақтың мақсаты: 

1. Білімділік:  Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметі құрылуы қарастырылған ІІ Жалпықазақ сьезінің қаулысын талдап, құрылуының алғы шарттарымен танысу 

2. Дамытушылық: Алаш автономиясы  мен қазіргі тәуелсіз Қазақстанның даму бағытындағы ұқсастықтары  мен айырмашылықтарын  салыстыру арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Қоғамның патриот азаматын қалыптастыру

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

          Сабақтың әдіс-тәсілі: топтық жұмыс

          Көрнекілігі: «Алаш» қозғалысы, Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметі  туралы еңбектер көрмесі, слайд материалдары.

          Сабақтың барысы: 

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Ұй жұмысын сұрау

3. Жаңа сабақ

4. Сабақты бекіту

5. Үй жұмысын беру

Қазақ қоғамы және Алаш партиясы тақырыбы бойынша үй жұмысын тексеру





Начало формы


































































Конец формы



13.04.2015ж.5 «Г» сыныбы.
Сабақтың тақырыбы:Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушыларды ұлттық теңгенің шығу тарихымен таныстыру.
2) Тәрбиелік: Оқушыларды рәміздерімізді құрметтеуге, тәуелсіз қазақ елінің жетістіктерін, тарихын білуге тәрбиелеу.
3) Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік көзқарастарын қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Танымдық сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі
а) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Мұғалім сөзі:
Еліміздің ұлттық валютасы теңгенің шығу тарихын әрбір Қазақстан азаматы білуі тиіс. Себебі халықаралық экономикада, еліміздің қаржы саласында теңгенің маңызы ерекеше. 1992 жылы 12 қарашада еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан Республикасында валюта енгізу туралы" Жарлыққа қол қойды. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге айналымға енді. Ескі ақшаны ұлттық теңгеге айырбастау 15 қарашадан басталып, 20 қараша күні аяқталды. 1 теңге 500 сомға бекітілді. Алғашқы валюта Англияда " Харрисон және оның ұлдары" компаниясында жасалса, алғашқы тиындар Германияда жасалды. Теңгенің бірінші бетіне қазақ халқының ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді.
1 тапсырма.
Сұрақ - бізден, жауап - сізден.
1. Ақша тарихын зерттейтін ғылым.
2. Ұлттық валюта дегеніміз не?
3. Қазақстан теңгесі қай жерде басылды?
4. Алғашқы тиындар қай жерде жасалды?
5. Ұлттық валюта - теңге айналымға шыққан мерзім.
6. 1993 жылы 1 теңге неше соммен белгіленді?
7. Ескі ақшаны теңгеге айырбастау жүргізілген мерзім?
2 - тапсырма: Төменде аталған елдердің валюта атауларын жазыңыз.
1. Ресей ___________
2. Қытай ___________
3. Қырғызстан ___________
4. Өзбекстан ___________
5. Үндістан ____________
6. Германия _____________
7. Египет _____________
8. Англия _____________
9. АҚШ ______________
10. Түркия ______________

3 тапсырма: Берілген қағазға ұлттық валюта - теңгенің ерекшелігі болады деген 5 суретті сал.
4 тапсырма:
Берілген теңгеде бейнеленген тұлғаны тап!
1 теңге -
10 теңге -
100 теңге -
3 теңге -
50 теңге -
20 теңге -
5 теңге -
5 тапсырма: Мақал - мәтелдегі қалып кеткен орынға төмендегі сөзді жаз.
( дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп, ақшасы, судың, құлып)
1. _____ тиыннан өсер.
Жылқы құлыннан өсер.
2. Есепсіз ______ жоқ.
3. Алтын тапсаң _______ ал.
4. Ақша кетуге тырысады,
_________ ұстауға тырысады.
5. Тамшыдан тама берсе _______ болар.
6.______ оңай, жинау қиын.
7. Ақша ашпайтын _________ жоқ.
8. _______ да сұрауы бар.
9. Ақшада ____ жоқ.
10. Ар - намысы таза адамның _______ аз болады.
6 тапсырма: Шешендік өнер: "Мен ақшасыз өмір сүре аламын ба?"
Қорытынды:
Теңге – Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, ту және елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемлекеттік нышандардың қатарына жатады. Ұлттық валюта - теңге біздің еліміздің тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бастап болған айрықша мəнді оқиғалардың бірі болып табылады. Ұлттық валютаны енгізу елімізде жеке ақша - кредит саясатын жүргізуге мүмкіндік берді.
Қазақстан валютасын қолдау туралы Халықаралық валюта қорымен, Бүкіл дүние жүзілік, Еуропалық және Азия даму банкілерімен, сондай – ақ әлемнің бірқатар дамыған елдерінің үкіметтерімен келісімге қол жетті.



1 қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының әлсіреуі

Жалпы мақсаттар: ХҮІІ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақ хандығының

әлсіреу себебтерін анықтай отырып,Жонғар шапқыншы-

лығы кезіндегі Жәнгір ханның ерлігі туралы мәлімет

алады.

Күтілетін нәтиже: Қазақ хандығның ХҮІІғ. ІІ жартысындағы биліктің

әлсіреуі туралы мәлімет алады,саяси және экономикалық

қайшылықтар туралы біледі.

Дерек көздері: Электронды оқулық,ғаламтор.

Қажетті құралдар: Интерактивті тақта, постер, стикер, суреттер, буклет ,

карта.

Әдіс тәсілдер: Өй қозғау, ашық сұрақтар, СТО.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары.

Кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Тапсырма мазмұны

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ұйымдас-у

(3 минут.)

Амандасу,түген-у

Ынтымақтастық

атмосферасын қалыптастыру.

Топқа бөлу.

Үлестіріліп берілген смайликтер бойнша топқа бөлігеді.

Амандасады,

Кезекші жауап береді.

Бағалау үшін стикер таратыл-ы

Үй тапсырма-

сын сұрау.

(7 минут)



















Үй тапсырмасын бекіту

(5минут)

Домино ойыны бойынша.

Сұрақ-жауап.

























Сұрақ-жауап


Бір қағаз алтыға қиылып,ол ортасынан бөліп сызады,оған

бір жағына сұрақ жазады,екінші жағына жауап жазылады топтағы оқушылар дұрыс жауаптарын тауып домино ойыны бойнша жалғасады



Оқушылар өткен сабақтағы

білімдерін еске түсіреді


Әр топ жылдамдық танытып,

дұрыс сұрақтарды

таба отырып

ойнды жалғастыру к\к.



Сұрақтарға

жауап береді

Жестмими

ка (басбар-қ)

















Дискрип-

торлар




Жаңа сабақ

(12 минут)

Тақырып тақтаға жазылады



Оқулықпен жұмыс

ХҮІІғ. ІІжартсы-ғы

Қаз.ханд-ң

әлсіреуіне не себеп болды деп ойлайс-р?

Қазақ хандығына

шығыстан

қайсы мем-лекет қауіп төндірді?

Саяси қайшылық-ға не жата-

ды?

Жаңа тақ-ң

мәтінімен танысады




Сұрақтарға жауап береді

Жаңа тақырыпты ашады



Берілген тапсырма-ы орындайды.


Жаттығулар

(11 минут)

Картамен жұмыс

Қазақ хан.

жераумағын көрсетеді

Ішкі және

Саяси қайшылық

тарды ашады

Орталық биліктің әлсіреу себебін анықтайды

Мәтін бойынша Салқам Жә-

нгірдің ерлі-

гі туралы мәлімет алады

Берілген тапсырмаларды орындайды

2 жұлдыз

1 тілек



Мадақтау

Үй тапсырмасы

§43



Күнделікке

жазады


Қорытынды

(7 минут)

Қорытындылайды

Осы тақырыпқа байланысты

5 тестен құрастыру.





«АЙЖҰЛДЫЗ» мектепке дейінгі

кіші орталық









«Наурыз той құтты болсын!»













«Балапан» екінші сабилер тобы.

Тәрбиеші: Рысбаева Б.Р.











Қызылорда қаласы

2015 жыл



Жыл басы – Наурыз



Мақсаты: Балаларға Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі жайлы түсінік беру. Наурыз жыл басы екенін түсіндіру. Мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Тәрбиеші:

Наурыз келді, Наурыз келді ағайын,

Құшарлана құшағымды жаяйын.

Көктем туа күлімсіреп көк аспан,

Әнге толды, нұрға толды маңайым.

Хор: «Наурыз»

Айдана:

О, халайық, халайық

Әсем әнге салайық.

Наурыз тойын көңілді

Бірге карсы алайық.

Әлия:

Бірдей кәрі жасқа да

Наурыз тойы тамаша!

Қой жылында той болсын,

Біздің балабақшада.

Інкәр:

Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме.

Бақыт, байлық тілеймін,

Менің қазақ еліме.

Көрініс: «Күн мен түн» (Бибінұр, Еркебұлан)

Күн: Сәулесі мол күнмін,

Түн: Жұлдызы мол түнмін.

Екеуі бірге: Бірдей болып біздер,

Теңелерміз бүгін.

Күн: Ал ертең күн ұзақ

Түн: Түн кысқа бірақ

Екеуі бірге: Ұйқы қанбай қалып жүрмеңдер жылап.

Би: «Қамажай»

Топқа Алдар Көсе келеді.

Алдар Көсе: Мен Алдармын Алдармын,

Жамандарды алдармын.

Жақсылармен дос болып,

Алда десең алдармын.

Ассалаумағалейкум, халайық! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Бүгінгі Наурыз тойларыңа қызықты ойын ала келдім.

Ойын «Теңге алу»

Жүргізуші: Алдар аға, ойыныңыз бізге қатты ұнады. Балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ән: «Құтты болсын Әз Наурыз!»

Айым:

Жыл басы Наурыз мереке

Ақ нұрға әлем боялды.

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды.

Аслан:

Жылдың басы Наурыз

Тойдың басы Наурыз

Мерекеге арналсын

Бүгінгі би әніміз.

Дильназ:

Наурыз тойы елдің тойы

Көктем тойы төлдің тойы

Ән айтатын күні бойы

Жақсы көрем Наурыз тойын.

Би: «Қаражорға»

Ойын: «Арқан тартыс»

Жүргізуші: Келген қой жылымыз құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ортамызда отырған ақ әжелеріміздің батасын алайық.

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлігі ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Бәле-жала жерге енсін!

Қырандай болып ұл өссін!

Шынардай болып қыз өссін!

Төрге шыққан қой жылы,

Берекелі жыл болсын!



Қызылорда қаласы. «Айжұлдыз» мектепке

дейінгі кіші орталық, «Балапан»екінші сәбилер тобы

Тәрбиеші Рысбаева Баян Рүстемқызы




































Айжұлдыз» мектепке дейінгі кіші орталық














Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Машина» өлеңі Н.Әлімқұлов

Тәрбиеші: Рысбаева Баян Рүстемқызы





















Қызылорда қаласы

2015 жыл





Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Н.Әлімқұловтың «Машина» өлеңі

Мақсаты: Балаларды шағын өлеңді жатқа айтуға дағдыландыру, шығарманың мазмұнын түсініп, қоршаған ортамен байланыстыруға үйрету. Есте сақтау қабілеттерін арттырып, сөздік қорларын молайту , тіл байлығын дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, жұмбақ, әңгімелеу, көрсету, жаттау, ойын.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Бейнетаспа, үнтаспа, ойыншық машина, суреттер, дидактикалық ойындар, жұмыс дәптері.

Сөздік жұмыс: тарт алға, құр босқа, зулаймын.

Билингвалды компонент: көлік-транспорт, машина-машина, жол-дорога, ұшақ-самолет, пойыз-поезд.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

-Балалар, бүгін ерекше күн, өйткені біздін топқа көп қонақтар келді. Қонақтарға таңғы сәлемімізді жолдайық.



«Айжұлдыз» атты бақшаның

Тәрбиелі баласы

Алдыменен үлкенмен

Амандасып алады.

Қайырлы таң қонақтар!

Қайырлы таң достарым!

Қош келдіңіздер.



Балалар қонақтарға, достарына таңғы сәлемін жолдайды.




Ұйымдас-тырушылық

ізденістік

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінің қазір қай айы?

-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, шешуін табуға тырысындар.


Жұмбақ.

Төрт аяғы дөңгелек,

Қозғалады орнынан

Жүреді ол дөңгелеп,

Жүйткиді желменен,

Дауысы бар гүрілдек.

(Машина)


-Жарайсындар, дұрыс таптыңдар. Ол-машина. (Қораптан ойыншық машинаны алып көрсетемін)

-Машина қайда жүреді?

-Дұрыс айтасындар, машина жолда жүреді. Машинаның қандай түрлерін білесіңдер?



Ғажайып сәт:

Балаларға бейнетаспа көрсетемін.

Бейнетаспада машина сөйлейді:

-Саламатсыңдар ма, «Балапан» тобының бүлдіршіндері! Мен сендерге тапсырма алып келдім. Мен жайлы тақпақ жаттап үйреніңдер.


-Балалар, машинаның тапсырмасын орындаймыз ба?

-Бүгінгі көркем әдебиет оқу іс-әрекетімізде Нұрсұлтан Әлімқұловтың «Машина» өлеңімен танысамыз.


Машина

Ойыншық машина

Тарт алға асыға

Сенімен тасимын

Көмір мен тасымды.

Құр босқа тұрмаймын

Тек алға зулаймын.

-Балалар өлең не туралы?

-Машинамен не тасиды екен?




Билингвалды компонент: машина-машина, жол-дорога, көлік-транспорт

Сөздік жұмысы:

тарт алға-алға қарай жүру,

құр босқа-босқа қарап тұрмау,

зулаймын-жылдам жүру.






-Енді «Машина» өлеңін жаттап көрейік.

Ойыншық машинаны жүргізіп корсету арқылы өлеңді балаларға қайталатамын.


-Балалар білімімізді кеңейту үшін белсенділік орталықтарға бөлінейік.

Әдебиет орталығы: Н.Әлімқұловтың «Машина» өлеңін жаттау. Кітапшамен жұмыс.

Мақсаты: өлеңді суретпен көрсету арқылы (мнемотехника) және ойыншық машинаны пайдаланып жаттату.

Кітапшада берілген көлік түрлерін жүретін жолына қарай қарындаш арқылы сызып көрсету.


Үстел үсті ойын орталығы: 1.Дидактикалық ойын «Ұшады, жүреді, жүзеді»

Мақсаты: балаларды көліктердің аттарын атап, түрлерін ажыратып, өз орындарына сәйкестендіре орналастыруға үйрету.

2.Үстел үсті ойыны «Машина құрастыр»


Мақсаты: балаларды дайын текшелер мен доңгелектерден машина құрастыруға үйрету.


Өнер орталығы: Жапсыру

«Жүк машинасы»

Мақсаты: балаларды геометриялық пішіндерден жүк көлігін жапсыруға үйрету, ұқыпты жұмыс істеуге дағдыландыру.

Сылдырмақ арқылы балаларды ортаға жинаймын


Сергіту сәті: «Машина» әні

Т.Тұяқбаев

«Бип-бип, бип,»- дейді

«Жолдан былай кет,»- дейді

Күшікті басуға, басуға

Болмайды, болмайды машина.

«Бип-бип, бип,»- дейді

«Жол шетінде күт,»- дейді

Көшеде жүруге асыға

Болмайды, болмайды машина.


-Балалар, бойымызды сергітіп алдық. Енді өздерің қалаған орталықтарыңа барып, жұмыстарыңды жалғастырыңдар. (балалардың ауысымдық жұмыстары.)


Балалар жұмыстарын аяқтаған соң ортаға жинап, қай орталықта қандай жұмыс жасағандарын сұрау.


-Балалар, олай болса қазір «Көлік түрін дауысынан таны» ойынын ойнаймыз.

Дидактикалық ойын: «Көліктің түрін дауысынан таны»

Мақсаты: балаларды көлік түрлерін дауысынан ажыратуға үйрету.


Шарты: балаларға әр-түрлі көліктің суреттері таратылып беріледі. Үнтаспадан көліктердің дауысы тыңдатылады. Қандай көліктің дауысы естілсе, сол көліктің суреті бар балалар карточкаларын көрсетіп, көліктің атын атап орнына апарады.

ұшақ-самолет, пойыз-поезд, кеме-теплоход, машина-машина.

-Балалар ойын ұнады ма?

-Көліктің дауыстарын жақсы ажырата алады екенсіңдер.

-Қыс мезгілі.

-Ақпан айы





-Машина .




-Машина жолда жүреді


-Жеңіл машина, жүк машина, автобус.




-Балалар машинаға таңдана қарайды. Бейнетаспадағы машинаның тапсырмасын тыңдайды.




-Ия, орындаймыз.






-Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.




-Машина туралы

-Машинамен көмір, тас тасиды.



-Балалар қайталайды.




-тарт алға-алға қарай жүру,

Балалар сөздердің орыс тіліндегі аудармасын қайталайды.



тарт алға-алға қарай жүру,

құр босқа-босқа қарап тұрмау,

зулаймын-жылдам жүру.

Балалар сөздердің мағынасын түсінеді.



-Балалар өлеңді қайталайды.


-Балалар суреттер арқылы мазмұнын түсініп, жаттайды. Кітапшамен жұмыс жасайды.





Балалар көлік түрлерін ажыратып, өз орындарына сәйкестендіре қояды.


Балалар дайын текшелер мен дөңгелектерден машина құрастырады.


Балалар дайын қиылған пішіндерден машинаны құрастырып, жапсырады.


Балалар өлең сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды.







Балалар қалаған орталықтарына барып жұмыс жасайды.



Балалар қай орталықта жұмыс жасағандарын айтады.





Балалар көлік түрлерін дауысына қарай ажыратып, аттарын атап карточкаларын орнына апарып салады.



ұшақ-самолет,

пойыз-поезд,

кеме-теплоход,

машина-машина


-Ойын ұнады.

Рефлексивті түзетушілік

-Балалар бүгін біз қандай өлең жаттадық?

-Балалар олай болса бәріміз бірге «Машина» өлеңін қайталайық.

-Балалар бүгін сендер өте жақсы жұмыс жасадыңдар. Жарайсыңдар!

(Бейнетаспадағы машина сөйлейді:

-Жарайсыңдар балалар! Сендер тапсырманы жақсы орындадыңдар. Сендерге әкелген арнайы сыйлығым бар. Сау болыңдар балалар!

-Балалар машина сендерге риза болып, мына сыйлықты беріп кетті.

(Балаларға сыйлықтарын таратып беремін)

Олай болса өзіміздің тақпағымызды айтып, келген қонақтармен қоштасайық.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық!

-«Машина» өлеңін жаттадық.




Балалар тәрбиешімен ілесе өлеңді қайталайды.



-Балалар қуана сыйлықтарды қабыл алады.


-Балалар қонақтармен қоштасады.





Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: шағын өлеңді жатқа айтуды.

Нені игереді: жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

Нені біледі: көлік түрлерін ажыратуды.







тобы.Тәрбиеші Рысбаева Баян Рүстемқызы.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Наурыз-жыл бастауы.

Автор: Рысбаева Баян Рустемовна

Дата: 03.05.2015

Номер свидетельства: 207815


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства