kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Наурыз к?же!

Нажмите, чтобы узнать подробности

1- ж?р:  Армысыздар ?адірлі халайы?! 
              А? ?ар кетіп, ?ыс ?тіп, 
        Шырайлы шуа? жаз жетіп, 
              Шаруаны? б?л кенелген  
              К?н мейрамы ежелден 
              ??тты болсын, б?л Наурыз!
2- ж?р: Армысыздар халайы?! 
             Бармысыздар халайы?!
             Наурыз тойын ж?п жазбай, 
             Жылда ?арсы алайы?!
             Мереке Наурыз жыл басы 
             Наурыз тойы ??тты болсын! 
             Жауын жауып, жер бетіне к?к толсын! 
             Даламыз?а б?л жа?а жыл ??т болсын!
1- ж?р: К?ктем жетті к?л – к?сір шуа? ??рып 
              ?ыс барад, ?йылып, жылап т?рып,
             Шатырында ?йлерді? Науырыз ж?р, 
             М?з к?рпесін а?панны? ла?тырып. 
             Науырыз ?айта оралды, аты да а?ыз. 
             С?раймыз ал?ыс та, а?ы да біз. 
             ?й, дастархан, даламыз, сахнамыз,
             ?лы мейрам Наурыз?а ша?ырамыз!
(Кимешек киген ?же шашу шашады)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Наурыз к?же!»

  1. Наурыз жыл басы!

1- жүр: Армысыздар қадірлі халайық!

Ақ қар кетіп, қыс өтіп,

Шырайлы шуақ жаз жетіп,

Шаруаның бұл кенелген

Күн мейрамы ежелден

Құтты болсын, бұл Наурыз!

2- жүр: Армысыздар халайық!

Бармысыздар халайық!

Наурыз тойын жұп жазбай,

Жылда қарсы алайық!

Мереке Наурыз жыл басы

Наурыз тойы құтты болсын!

Жауын жауып, жер бетіне көк толсын!

Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын!

1- жүр: Көктем жетті көл – көсір шуақ құрып

Қыс барад, қйылып, жылап тұрып,

Шатырында үйлердің Науырыз жүр,

Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.

Науырыз қайта оралды, аты да аңыз.

Сұраймыз алғыс та, ақы да біз.

Үй, дастархан, даламыз, сахнамыз,

Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!

(Кимешек киген әже шашу шашады)

2- жүр: Құрметті қонақтар, ата – аналар, кішкентай бүлдіршіндер және балабақша

ұжымы.

Ілесіп Наурызбен көктем жетсін,

Көңілін үлкен- кіші көкке өрлетсін,

Еңсесі көтеріліп ер азамат

Ескі жылмен реніш, өкпең кетсін! – дегендей,

Наурыз жыл басы құтты болсын! Жаңа жыл тек қана жақсылығын, жаңалығын әкелсін!

Ақ мол болсын! Халық тоқ болсын! Еліміз тыныш болсын! Баршаңызға бақ қонсын!

Қадірменді халайық, кішкентай бүлдіршіндеріміздің де тілегіне құлақ салайық. Қане бүлдіршіндерімізді қошеметтеп қарсы алайық!

Ән: «Апам үшін күнде мен»

Би: «Лента»

1-жүр: Балалар, қар еріп, жер көгерді, Күн жылынып, мал төлдеп, ақ түйенің қарны жарылған күн туды. Бұл күні күн мен түн теңеліп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні, Ұлыс күн» деп атаған.

1 – жүр: Иә, Наурыз тойына жиналған халайық, ойын – тойымызды жалғастырайық. Той – тойға ұлассын! Бүгінгі күн салт – дәстүрімізді жаңғыртып, көсегіміз көгерген күн.

2- жүр: Айтпақшы, бүгін Жұмагүл әжейдің үйінде Наурыз тойы болады деп естідім. Ендеше бекер отырмайық, «Қызықтан құр қалма» - деген. Неге ойын тойды тамашаламасқа?!

2- жүр: Ендеше, не тұрыс, кеттік Жұмагүл әжейдің үйіне. (Кетеді)

Балалар: Сәлеметсіздер ме, ата, әже!

Ата: Амансыңдар ма, балаларым, Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Әй бәйбіше, құтты қонақтар келді, қарсы ал мына балаларды!

Әже: Төрлетіңіздер, құлындарым, Наурыз мейрамы құтты болсын!

Ата: Енді наурыз көжеңді пісір, мына балалар наурыз көжеден дәм татсын.

1-жүр: Шырқатып мерекеде ән салайық,

Би билеп, өнерлерге тамсанайық

Аңызбен, ертегімен бізге жеткен

2- жүр: Досқа құшақ ашайық,

Өлең – жырға басайық

«Қазақтың бір салты» деп.

Тақпақтан шашу шашайық.

Тақпақтар

1) Уа, халайық, халайық

Әсем әнге салайық

Наурыз тойын көңілді

Бірге қарсы алайық.

2) Көктем келді бүгін

Күн де төкті нұрын

Сайрап барлық құстар

Ән салуға құштар

3) Наурыз келді тамаша

Ән айтайық таласа

Апам, атам той тойлап,

Қуанып жүр балаша

4) Наурыз тойы құтты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

5)Көктем келді бүгін,

Күн де төкті нұрын

Наурыз тойын тойлап,

Жатырмыз ғой бүгін.


6) Күн күліп көктем

Шуағын төккен

Келді Наурызым

Сағынып күткен


7) Наурыз келді тамаша

Ән саламыз таласа

Бар табиғат күлімдеп

Жадырады балаша

8) Бір аспанның астында,

Бір дастархан басында,

«Береке – бірлік» болсын деп

Той, тойлайық тамаша

9) Наурыз келді еліме,

Нұрға толы айнала

Жүздерінде қуаныш

Шаттанып жүр бар бала

Ойын:

1-жүр: Күн мен түн теңелді,

Ұзарды күн енді

Гүл мен жерді жайнатып,

Гүлден, Наурыз, сен енді

Ойын: «Қол күрес»

2- жүр: Мың бұралып билеген

Бишіні кім сүймеген?!

Қараңдаршы қыздарға

«Сүгір» биін билеген

Би: «Сүгір»

Ойын: «Арқан тарту»

Ата: «Быламық бетінен суйды, көже түбінен суйды» демекші, сенің көжеңнің пісетін түрі барма?

Мына балаларға наурыз көженің, қалай жасалу жолдарын айтып берсеңші!

Әже: Наурыз көжені кем дегенде 7 түрлі дәмнен пісіреді, қазақ халқы 7 санын қасиетті сан деп есептейді. Сол себепті наурыз көжені де 7 түрлі дәмнен пісіреді. Олар: сүт, ет, айран, май, бидай, тұз, үрмебұршақ т.б.

1- жүр: Әже, сіздің наурыз көжеңіз піскенше ән, тақпақ тыңдап отырайық.

Ән: «Анашым»

10)Әнім де саған, биім де,

Құт қонақ өзің үйім де.

Қуаныш әкеп еліме,

Күлімде, Наурыз күлімде!

11)Көктемнің төкті нұры,

Көңілдің кетті мұңы

Кел, достар, ән шырқайық,

Ұлыстың ұлы күні.

12)Алақай ауылда Науырыз,

Күлімдеп келіп тұр,

Бәріне базарлық беріп тұр,

Бақшаға береке еніп тұр.

13)Көктем қандай көңілді

Көктемде жаңбыр төгілді

Мөлдір аспан ашылып

Күннің көзі көрінді

14)Көктем, көктем көктемде

Күн шуағын төккенде

Күміс – күміс қағамыз

Ойнап асыр саламыз.

15) Наурыз тойы әдемі

Әжем еске түсірді

Біздерге арнап әдемі

Наурыз көже пісірді

16)Наурызды халқымыз

Жыл басы санайды

Көнермей салтымыз

Көп елге тарайды.

17)Әжем Наурыз көжеге

Жеті түрлі ас салады

Бидай, тары, күріш бар

Айран құрты тағы бар

Бақта бұлбұл сайрасын

Наурызды әлем тойласын.

2- жүр: Келді Наурыз жар салып,

Би билейік ән салып.

Би: «Қуыршақ»

Ән: «Қошақан»

Әже- Менің наурыз көжем де дайын болды. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар». Деп көжені мейлінше мол жасадым. Сондықтан болар наурыз көжені «көп көже», «тоқ көже» «тілеукөже» деп те атайды. Бұл көжеден барлық адам тілек тілеп ішу қажет. (Көже таратады)

1- жүр: Сыйлаған жандар атасын

Көжеден дәм де татасың

Тілегі қабыл болсын деп

Алайық ақсақалдың батасын.


Ата: Бата

Ұлыс күні қазан толсын,

Жылқы жылы ақ мол болсын!

Ұлы адамнан бата алып,

Балаларыңыз олжалы болсын!

Қайда барсаң ақ мол болсын!

Дастарханың кең болсын!

Уайым - қайғы жоқ болсын!

Әумин

Би: (Қара жорға биін Наурыз мерекесіне қатысқан балалар, ата – аналар, қонақтар бәрі ортаға шығып қосылып билейді)

2- жүр: Сіздерге бар жақсым да, бал тәттім де,

Алаңсыз өсіңдерші, бейбіт күнде.

Дәстүрім тамыр алып, өркен жайсын

Жалғасып ғасырларға бізбен бірге – дей келе мерекеміздің соңында Наурыз тойының Наурыз көжесінен дәм татыңыздар. Лайым Наурыз көже дәмі бұйырсын сіздерге. Келер Наурызға да төрт көз түгел, уайым- қайғысыз, тоқшылықпен жетейік ағайын.

Тәрбиеші: Сіздерді тағы да Ұлыстың ұлы күнімен құттықтай отырып, шағын орталық пен даярлық топ ертеңгілігі аяқталды дегіміз келеді. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Наурыз к?же!

Автор: Данаева Галия Сердалиевна

Дата: 13.11.2015

Номер свидетельства: 252584


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства