kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Нарыз-көңілді мереке"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дети празднують праздник весны,знакомяться с многими традициями и рассказывають стихи поють песни и играють в нацинальную игры и танцы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Нарыз-көңілді мереке"»

Наурыз көңілді мереке


Мақсаты:Балалрға ұлтымыздың Наурыз мерекесі туралы түсінік беру.Балалардың танымдық қабілеттерін дамыта отырып,ұлт мерекесін қастерлей білуге,тіл байлықтарын сөздік қорларын дамыту.

Жүргізуші:Құрметті ата-аналар,

Қонақтар,балалар

Мерекеге қош келдіңіздер!

Наурыз-құтты болсын!

Күн мен түнді теңеген,бәрімізді қуанышқа бөлеген,ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне жақсы тілектер тілеп бата берген ,ұлттық салт дәстүрімізді ерекше атап өткен Ұлыс бәрімізге бақыт,денсаулық ырыс,береке әкелсін.

Жүргізуші: Балалар бүгінгі біздің наурыз мерекемізге әже келе жатыр,шапалақ соғып әжемізді қарсы алайық.

Әже:Наурыз мейрамы құтты болсын!Ақ мол болсын(шашу шашылады )

Жүргізуші: Әже төрлетіңіз,біздің қонағымыз болыңыз.

Жүргізуші: Наурыз шаттық әніміз

Салттанатты сәніміз

Кел,балалар ән шырқайық

Ұлыстың ұлы қүні-деп кезекті әнге берейік

Ән: «Наурыз дастарханы»

Балалар біздің бүгінгі мерекемізге алыстан Алдар атамыз қонаққа келе жатар екен ,қол соғып қонағымызды қарсы алайық.(Ән айтып Алдар көсе келеді)

Алдар көсе: Сәлеметсіңдер ме балалар,қонақтар.Наурыз мерекесі құтты болсын.

Жүргізуші:Алдар көсе біздің балалар наурыз мерекесіне арнап тақпақ жаттап келіпті,сол балалардың жылы тілектерін тыңдайық

Тамара:Наурыз тойы әдемі

Әжем еске түседі,

Бізге арнап әдейі

Наурыз көже пісірді.

Әділ: Тақпақ айтам жыл басы

Құлағың сап тыңдашы

Бар бөбекке өзіңдей

Тыныш өмір сыйлашы

Айя:Тақпағым бар жаттаған

Соны айтып мақтанам

Бір жасқа мені өсірді

Жаңа жыл жаңа аттаған

Бекарыс:Ата -баба тойлаған,

Наурызым армысың.

София: Наурыз день прекрасный,

Пожелаем всем счастье.

Қарақат:Бата беріп атамыз,

Бата беріп атамыз.

Тәтті болып жасалған,

Наурыз дәмін татыңыз.

Жүргізуші:Алдар көсе сіз бүгінгі біздің мерекеге құр қол келмеген боларсыз.

Алдар көсе :Балалар білесіңдерме менің күшім көп қой .Ал сеңдердің күштерін көппе қане көрейікші.Сендердің күштерінді сынау үшін арқан алып келдім,арқанды тарып ойын ойнаймыз.

Ойын: «Арқан тартыс»

Адар көсе: Балалар қандай күштерін көп ,мықты екеңсіңдер.

Жүргізуші: Әдеміде,сүйкімді қыздарымыздың әдемі биін тамашалаңыздар.

Би: «Қамажай»

Жүргізуші: Әже наурыз мерекесінде әр үйде дайындалатын наурыз көжені жасау үшін қандай тағамдар қосылып дайындалатының айтып берсеңіз.

Әже: Наурыз көженің жасалу жолын айтады.

Жүргізуші: Алдар біздің балалар наурыз мерекесіне арнаған тілектерін айтып жатар сенде өз тілегінді айтсаңшы.

Алдар көсе: Әрине айтам,өз тілегін айтады.

Жүргізуші:Алдар бүгінгі мерекеге дайындаған балалардың жақсы тілектеріне кезек берейік.

Аяжан: О,ағайын,ағайын

Думанға толы маңайын

Мереке болып келіп тұр,

Наурыз айың,бал айың.

Азиза:Жайдарымыз барымыз

Дастарханда дәміміз,

Көжесі көп,қыры көп.

Қандай жақсы наурыз.

Әлем: Наурыз тойы-елдің тойы

Көктем тойы-төлдің тойы.

Ерасыл:Наурыз тойы әніміз,

Наурыз өмір сәніміз.

Санжар:Наурызбен құттықтап,

Алыс-жақын қауышты.

Алихан:Армысың,наурыз

Қуаныш боп кір төрлет,

Ел болып саған

Көрсетіп жатыр сый-құрмет.

Жүргізуші:Алдар сіз тағы қандай ойындар білесіз.

Алдар көсе:Ой,менің ойындарым өте көп,бірақ мен сендермен қыз қуу ойнын ойнағым келіп тұр.Менімең ойын ойнайсыңдар ма?

Ойын: «Қыз қуу»

Жүргізуші: Алдар көсе сен қай мезгіл келгенің білесің бе?

Балалар көктемде не көп жауады?

Жүргізуші: Біздің балалардың орындауында әдемі әнді қабыл алыңыздар.

Ән: «Жау,жау,жаңбыр»

Жүргізуші: Батамен ел көгерер,жаңбырмен жер көгерер –дегендей әже өзіңізден бата сұрасақ.

Бата: Ұлыстың ұлы күні оң болсың!

Ақ мол болсың!

Қайда барсаң жол болсың!

Дастарханың кең болсың!

Уайым қайғы жоқ болсын!

Әумин!

Жүргізуші: Әумин! Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз көңілді мереке»атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі наурызда кездескенше аман-сау болыңыздар.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Нарыз-көңілді мереке"

Автор: Жидебаева Гульзира Амирхановна

Дата: 10.03.2020

Номер свидетельства: 542309


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства