Балалар «Күз» әуенімен залға кіреді.
Жүргізуші: Қайырлы күн! Армысыздар, құрметті қонақтар мен сүйкімді бүлдіршіндер! Ел байлығын арттырған, берекелі күз мезгілі де келіп жетті.Бүгінгі балабақшамызда өтетін «Алтын шашқан, алтын күз» - атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Жомарт күздің біздерге
Берерін алып шашпайық
Алтын күз тойын сіздерге,
Өлеңменен бастайық.
Жүргізуші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, ал сендер тыңдаңдар.
Бұлттар төгіп жерге шөгіп
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,ойнай алмай
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Күз мезгілінде.
Жүргізуші: Дұрыс балалар.
Жапқандай жапырағы іздерді,
Қуантып байлығымен ізгі елді
Бір тойдырып қайту үшін елімді,
Сабырлы, сары алтын күз келді.
(ішке сары киім киген түрлі-түсті жапырақтар тағылған алтын күз аруы кіреді).
Жүргізуші: Қош келдің алтын күз!Өзіңмен бірге береке, байлық, молшылық, тоқшылық ала келіңіз.Оған біз өте қуаныштымыз.
Алтын күз: Сәлем менің достарым
Өмірге көп қосқаным
Күз сыйлығын алыңдар,
Сыйлығына қаныңдар
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық сәнге салыңдар.
Жүргізуші: Көп рахмет сізге алтын күз.Мына сыйды балаларға таратып берсек болама?
Алтын күз: Жоқ, бұл сыйды балалар еңбек етіп, тер төгіп жеңіп алулары қажет.Өйткені күздің сыйлары жемістерде, көкөністерде тек адамның еңбегінің арқасында болады.
1.Жаннұр
Қарашы күз келді, күз келді,
Жапырақ жауыпты іздерді
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
2.Ерасыл
Алтын,сары,қызыл,көк,
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
3.Жанель
Ой балалар,балалар
Қоңырқай күз болыпты
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.
4.Бибарыс
Аяулы күз, алтын күз
Дәнге толды ең далам
Дариядай шалқып жүр
Мейірлі күз,мырза күз.
5.Жанерке
Ой балалар,балалар
Ойналықта күлейік
Мерекеде жүрейік.
Жүргізуші: Рахмет сендерге балалар.Алтын күз сізде толып жатқан сырлар көп.Сондықтан бізге арналған қандай сыйыңыз бар.
Алтын күз: Балалар мен сендерге әдемі,өзі дәмді жеміс-жидектерімді ала келдім.Сендермен бірге осы жеміс-жидектермен ойын ойнағым келіп тұр.Ортаға екі бала шығып, көздерін байлаймыз.Олар жемістерді жеп, дәмін сезіп, атауын атауы тиіс.
Жүргізуші: Жарайсыңдар.Ендігі кезекті балалардың тақпақтарын тыңдайық.
6.Жалғасбай
Күздің қараша айында
Жиын-теріп бітеді.
Жапырақтар сарғайған
Сыбдыр,сыбдыр түседі.
7.Жанат
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала
Астық дала сәулетті,
Астық отан дәулетті.
8.Хангерей
Мейірлі күз,мырза күз
Сыйлығына ризамыз
Аппақ арай таңында
Шомыламыз нұрға біз.
9.Берекет
Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күзім елжіреп,
Асыр салып жүребер
Сары көйлегің желбіреп
10.Наурыз
Күнді көрсе толғанар
Бұлтты көрсе шамданар
Қысты,қазір жолатпа
Тола түссін қамбалар.
11.Ақжол
Ал балалар тұрайық
Қол соғайық тұрмайық
Бүгін балабақшада
Шырқап әнге салайық
Алтын күз: Рахмет балалар.
Жүргізуші: Ал ендігі кезекті біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің «жау,жау жаңбыр»-атты әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Балалар мен сендерге бір қызық ойын ойнатқым келіп тұр.ойнайсыңдарма? Ойынның аты «Кім жылдам?»
Ойын шарты: ортаға 2 бала шығып,ортада үстелдің үстінде тұрған бананды кім жылдам жеп тауысса сол жеңімпаз болады.
Жүргізуші: Келесі кезекті биші қыздарымызға берейік. «Қолшатыр биі».Қол соғып қарсы алайық.
Жүргізуші: Ал ендігі кезекті біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің күз айына арналған сән үлгісін тамашалаңдар.
(балалар музыкамен шығыр сәнді киімдерін көрсетіп шығады.)
Жүргізуші: Балалар ал енді алтын күздің сендерге әкелген сыйлығын табыстайын.
Қадірменді қонақтар!
Айналайын балалар!
Мерекеміз бүгінгі
Естен кетпес күн болды.
Осымен «Ақбөбек» тобының «Алтын шашқан, алтын күз»- атты ертеңгілігіміз аяқталды.Сіздерге көп-көп рахмет.