Жүргізуші: Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мерекені тойламайтын халық жоқ шығар. Бәріміз де ананың сүтінен нәр алып, өсіп –өніп келеміз. «Құрметтесек , ананы құрметтейік» дегендей мереке қарсаңында біз аналардың басын қосып отырмыз.
Ана деген – адамзаттың данасы,
Ана деген – сәбилердің панасы.
Ана деген – қайнар ыстық бұлағы,
Ана деген- өмірдің пәк шырағы,-дей отырып, аналардың құрметіне арнаған балалардың өлең – шумақтарын тыңдайық.
Жәмила:Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Жансерік:
Анам менің ақ анам,
Менсіз таңы атпаған.
Менсіз күні батпаған.
Мен ұйықтамай жатпаған,
\Өмірге бізді келтіріп,
Жарық дүние сыйлаған,
Жамандыққа баласын,
Ешқашанда қимаған.
Көрмесін қайғы балалар,
Аман болсын аналар.
Еркежан: Алақай – ау, алақай,
Үйге келді анамыз.
Міне қандай тамаша,
Мәз мейрам боп қаламыз.
Қарлығаш: жақсы көрем күлкіңді,
Айналайын ақ анам.
Менің анам сүйкімді,
Бәрінен де жақсы адам.
Аңсаған: Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Елжас: Айтсам болды тіл алам,
Сені көрсем қуанам.
«Ботам» деген даусыңнан,
Мәз болып оянам.
Айзере: Анашым, анам
Ыстықсың маған.
Тәрбие бердің,
Көп алғыс саған.
Ерболат: Анашым анам,
Ризамын саған.
Тіліңді алам,
Ақылды болам.
Саяжан: Сегодня на целом свете,
Праздник большой и светлый
Слушайте, мамы слушайте,
Вас поздравляют дети!
Еркежан: Дорогая наша мама,
Заявляем без прикрас
Что ваш праздник самый, самый
Самый радостный для нас!
Жүргізуші: Аяулы да алтын нұрлы анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.
Сен асқарсың,сен аспансың, биіксің,
Сен дархансың, сен жомартсың, данасың, - дей келе «Балалайка» биін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Балалар осы дүниеде не тәтті?
Балалар: Ананың сүті
Жүргізуші: Ия, дұрыс айтасыңдар, ал дүниеде не жұмсақ?
Балалар: Ананың алақаны
Жүргізуші. Ендеше сол алақаны жұмсақ ааналарымызға арналған әнімізді шырқайық
Ән: «Құттықтаймын мама туған күніңмен»
Жүргізуші: Ардақты да асыл әжелерімізге арналған балалардың өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.
Жәмила:
Әже біздің күніміз,
Әжемнің біз гүліміз.
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Жанель:
Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді ол кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Ақнұр:
Әжем болса қасымда,
Көтеріңкі көңілім.
Алтын әжем тілекші,
Немерелер өмірін.
Жанель:
Менің әжем әлі де,
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді,
Біздің үйдің бәріне.
Ақнұр:
Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді.
Алтын әжем тілекші,
Немерелер өмірін.
Жүргізуші: Қандай бала болмайық,
Әжемізге балдаймыз.
Көтерейік көңілін,
Ән салайық, бәріміз, - деп кезекті әнге берейік
Ән: « Сағындым , әже сағындым ».
Жүргізуші:Ойын ойнағанның ойы ұшқыр дегендей «Кімнің ойы ұшқыр» атты ойын ойнайық.
Жүргізуші: Шалқып , тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Әжелерді құттықтап,
Би билейміз бәріміз, -дей келе биге кезек берейік. Би:«Жалқаубек»
Жүргізуші: Ана көзі күн көзімен пара –пар,
тұла бойға қуат болып таралар.
Өміріме шуақ шашып әрқашан,көп жасаңдар ақ ниетті аналар! Дей келе
«Кім жылдам?» ойынына кезек берейік.
Жүргізуші: Той тойлап дала мен қалаларың , мерекең құтты болсын аналарым, -дей келе балалардың өнерін тамашалайық.
Көрініс: «Үш көбелек»
Жүргізуші: Ал, қыздарым қалықта,
Қалықтаудан жалықпа.
Саусақтарың майысып,
Би биле мына халыққа.
Би: «Көбелек»
Жүргізуші: Балалар дайындаған рекламаны тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын тілейді. Ендеше аналардың тілегі қабыл бола берсін деген ниетпен аналарға арналған биді қабыл алыңыздар. ( «Песня Мамонтенка» )
Жүргізуші: Той тойлап дала мен қалаларың,
Мерекең құтты болсын аналарым.
Аналарға арналған сыйлықтарын,
Сыйлауға келе жатыр балаларың.
Жүргізуші: Демеңіз, біз өнерді аяп қалды,Мезгіл де біраз жерге таяп қалды, Қош болып тұрыңыздар көріскенше,Осымен мерекеміз аяқталды.
Қымбатты да аяулы аналар.Мерекелеріңіз құтты болсын.Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам ол сіздерсіздер. Аман сау болыңыздар.