Балалар әуенмен кіреді.
Нұртуған:- Не деген әдемі айналам
Алтынға теңеймін,таң қалам
Судырап жапырақ түскенін
Жыл сайын тосамын,ұнатам!
Сая:- Биыл жаңбырлы жаз болды
Ал күзде қоймаға дән толды
Көкөніс,жемісті жинап ап
Елімде көңілді той болды!
Нұртуған:-Бірақ та көңілсіз құстарсыз
Жаз бойы ән салған достарсыз
Сая:- Кәнекей,бәріміз ән салып
Алысқа шығарып салайық!
Тырна/Нұрғазы/.- Қош,қош,туған ел,туған жерім
Асқар тау,жазық дала,жасыл белім!
Қарлығаш:/Бейбарыс/-Сау боп тұр,Отан-ана,ыстық ұям
Көктемде аман-есен тағы қонам!
Аққу:/Жанель/ - Аман боп тұр айдын көлім
Көктемде қауыршармыз туған жерім!
Қараторғай:/ Елдар/- Күз болды,кету керек,кету керек
Көктемде алғашқы боп жету керек!
Көгершін/Гүлжанар/-Достарым,алыс жолда шаршамай,аман есен жетіңдер!
Сая мен Нұртуған:-Ал,біз болсақ балалар,көктем келе ұя істеп,қарсы аламыз,келіңдер!
Ән: «Құстар» мен Құстар биі
Көрініс: «Бақшада»
Айша: -Мені анам бақшаға
Көкөніске жіберді
Сәбіз,жуа,қызылша\
Міне,келдім бақшаға
Бірақ әлі салатқа,не керек,не жұламын
Білмей тұрмын қарап та!
Дария:/сәбіз/ Мен әдемі сәбізбін,салатқа әркез дайынмын,дәруменге баймын мен.
Дәмді асымын әркімнің!
Мадина:/орамжапырақ/-Қабат-қабат еиімім,ақпын әрі сөлдімін
Орамжапырақ мен болам!
Пияз./Дияс/-Мен тым ащы дейді,мені тәтті емес дейді,бірақ мен пайдалымын.
Салатты мен дәмдеймін!
Қызылша/Тоғжан/ Қызыл күрең қызылша,мен боламын,әрі қызыл,әрі жас,түскі асыңа мені ас!
Ешкі: ме-меее
Орамжапырақ,сәбізді
Ешкімге мен бермеймін
Көкөністің бәрін де,өзім жеймін,ме-ееее!
Көкөністер:-Құтқара көр бізді,сұлу қыз,ешкіден бізді құтқаршы!
Айша: -Ұзын мүйіз ешкі,осы жерден кетші!
Бақша малға жер емес,көкөністер саған жейтін шөп емес!
Ән:»Күз жоммарт»