Просмотр содержимого документа
«Мерекелік ерте?гілік d"Ал?аш?ы ?о?ырау" »
Шекеева Бұлбұл Мұратбекқызы
Жамбыл облысы Шу қаласы «Астана» балабақшасының хореографы
1 – қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты мереке
Мақсаты:
Бүлдіршіндерге « Білім күні» мерекесінің мән-мағынасын ұғындыру;
Сахналық мәдениетін қалыптастыру;
Мерекелік көңіл-күй сыйлау, эстетикалық тәрбие беру.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті ата-аналар!
Балалар,бүгін бізде ерекше күн,бүгінгі мерекеміз білім күніне,бірінші қыркүйек күніне арналған. 1-ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде сабақтар басталады.Бұл күн барлығымыз үшін үлкен мереке күні болып саналады.Балалар,жақсы,білімді,тәрбиелі азамат болуы үшін,ерінбей оқу оқып,білім алуы керек.Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп,сабақ оқып,тәрбие алуларың керек.
Биіктерге бастайтын асқаралы
Әр жүректің сүйікті,асқақ әні
Мерекеде бәріміз бір дауыспен
Шырқайық еліміздің әнұранын!
ҚР Мемлекеттік әнұраны.
Жүргізуші:
Шайдай ашық бейбіт күннің аспаны
Ауламыздың келісіп тұр бар сәні
1 – қыркүйек салтанатты мерекемен
Құттықтайды меңгеруші баршаны
1-бала: Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп
Өсіруде бақшамыз
2 – бала: Қиындықтан өтуге
Армандарға жетуге
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге!
Би: «Қарақат» тобының бүлдіршіндері бізге би билеп берсін «Спорт биі»
Жүргізуші: Білім бастауы – балабақшада.Ендеше бүгінгі мерекеде тағы бір әнімізді балабақшаға арнайық .
Ән: «Біздің бала бақшамыз»
Қанша бала,қанша қыз
Келіп тұрмыз баршамыз
Ойын күлкі ордасы
Біздің бала бақшамыз
Біз ертеңгі батырмыз
Біз ертеңгі ақынбыз
Бір анадан туғандай
Біз бәріміз татумыз
(Тазша бала, Буратино, Мальвина, Пьеро кіреді.)
Тазша бала: Қандай керемет! Бүгін көңіл-күйім шарықтап тұр!
Буратино: Себебі бүгін мереке ғой! ....
Мальвина: Ия,ия! Бүгін – 1- қыркүйек білім күні!
Тазша бала: Бәсе,бүгін оң көзім қайта-қайта тартқан еді.
Буратино: Осылай әңгімелесіп тұра береміз бе?Балаларды шақырып,мерекені бірге тойламаймызба?
Пьеро: Балалар, енді бәріміз мерекені жалғастырайық.
Би: Бу ратино және Мальвина
( Бір шеттен ұйқыдан әрең тұрған кейіп танытып,жастық құшақтап,көзін уқалап Жалқаубек шығады.)
Мальвина,Буратино,Пьеро,Тазша бала келіп Жалқаубекті оятуға тырысады.
Жалқаубек: Түн бе,қазір күндіз бе?(сағатына қарайды)
Сендер өзі кімсіңдер?
Таңғы сағат он бірде,
Мұнда неғып жүрсіңдер?
Жалқаубек: мені мазаламай тұра тұрыңдаршы мен біраз мызғып алайын. (Орындыққа отырып,құшағындағы жастығына басын қойып,ұйықтайды.)
Жалқаубек әні:
Буратино: Жалқаубектің қолынан ұстап тұрып,жалқаулығынан арылтуымыз керек.
Мальвина: Өте тамаша мен сендердің өнерлеріңе риза болдым.
Тазша бала: Кеткім келмейді,бірақ бүкіл балабақшаны аралап, Білім күнімен құттықтауға асығуымыз керек.
Буратино: Көп рахмет сендерге балалар!Мереке-мерекеге ұласа берсін.Сау болыңдар балалар!