kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектепке дейінгі балаларға арналған "Кел,жаңа жыл!" сценариі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңа жылдық сценарий.Мектепке дейінгі бүлдіршіндерге арналған.Бұл сценарий құрылымы өте жақсы құрылған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектепке дейінгі балаларға арналған "Кел,жаңа жыл!" сценариі»

Тақырыбы:   Қошкелдің, Жаңа жыл! 1
Мақсаты:
Жаңа жыл мерекесінің маңызын үйрету.
Қатысатындар: Жүргізуші, Аязата, Ақшақар, түлкі, қоян, мешін,тауық

Балалар қол ұстасып кіреді. Шеңберге тұрады.

1 Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, әріптестер мен кішкентай бүлдіршіндеріміз, сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүрегімізден  құттықтаймыз! Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып  келсін дейміз.
2 Жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры: Ахметов Альмурат Жуматаевичқа беріледі.
1 Жүргізуші: Балалар, біз барлығымыз жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналдық. Бүгін біздің мерекемізге кім келеді? 
Балалар: Аяз ата! 
2 Жүргізуші: Дұрыс балалар, ал Аяз ата не әкеледі?
Балалар: Сыйлықтар.
Музыка.  Қоян секіріп келеді.
Қоян: Ой, балалар, мені құтқарыңдаршы. Ол мені жеп қоямын дейді.
1 Жүргізуші: Кім сені ренжітті, сен кімнен қорқып жүрсің?
Қоян: Кім болушы еді – түлкі! Мен естігенмін, ол жаңа жыл мерекесінде мені қуырып жеймін дейді.
2 Жүргізуші: Сен бізбен бірге жүр, ешкімнен қорықпа, біз барлығымыз қосылып қасқырдан сені құтқарамыз. Ал қазір Бәріміз бірге «Шырша жырын» айтайық.
Қоян: Менің де ән айтқым келіп тұр

Хоровод: «Шырша жыры»

1 Жүргізуші: Балалар, менің қолымда екі сиқырлы қалпақ тұр.Қазыр ортаға 10 шақты бала шығыңдар. Музык ойнағанда екі қалпақты екі шеттен жібереміз.Музыка тоқтағанда қалпақ кімнің қолында қалса,сол бала қалпақты басына киіп жаңа жылдық тақпақтарын айтып береді. Мерекенің соңына дейін осы сиқырлы қалпақ арқылы өнерлеріңді көрсетесіңдер. Келістік пе?

Тақпақтар
Тақпақтарды айтып болған соң түлкі келеді. Барлық жерді иіскеп, тістеп. 
2 Жүргізуші: Мынау кім екен?
Түлкі: Кім дегенің қалай? Ол ең әдемі, ең батыр, ең мықты, ең шапшаң, ол  мен –түлкі.
1 Жүргізуші: А.....солай ма? Осында қалай келіп қалдың?
Түлкі: Мен жай жүрмін, сендердің мерекелеріне әдейлеп келдім. Ал сендер қоянды көрген жоқсыңдар ма?
2 Жүргізуші: Ал сен оны қайтейін деп едің?
Түлкі: Жай, менің қарным ашты (қарнын сипайды), ой айтып қойдым ғой.
1 Жүргізуші: Түлкі, саған ұят емес пе? Сен неге оны қуалайсың?
Түлкі: Мен бәрібір оны жеймін. 2
Қоян:Түлкіжан, сен мені жеме, менің саған деген мерекеге арналған сыйым бар.

Ән:« »Айзере мен Нұралы

Түлкі: Ой, қоян, сыйлығыңа рахмет, менің көңілім көтеріліп қалды. Мен саған енді тиіспеймін.

Ойын: Ата-аналармен 

1 Жүргізуші:

Мен білемін бір ойын:

Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,
ал, сіздер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!

Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр....
Ата-аналар: Жаңа жыл!

2 Жүргізуші:

Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге....
Ата-аналар: Аяз ата!

1 Жүргізуші:

Шырша бүгін кәделі!
Балалар бәрі......

Ата-аналар: Әдемі!

2 Жүргізуші:

Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын - күлкі таралсын
Құтты болсын.....
Ата-аналар: Жаңа жыл! (3 рет)
-Ал жаңа жылдық мерекесінде сендер кімді күтесіңдер? Олай болса Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Барлығы бірге: Аяз ата ,Ақшақар!
Музыка. Аяз ата мен Ақшақар  кіреді. 3
(Залға Аяз ата, Қарша кыз, Ecкi жыл келеді)

Аяз ата:

Амансың ба, ұлдарым,

Амансың ба кыздарым?

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем билерің,

Аталарың сендерге

Алау желмен алысып

Шаршап келді алыстан.

Ақша қар мен ескі жыл

Олар да жүр қасымда

Өздеріңдей балалармен

Сағынысып табысқан.

Ақша қар:

Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата-аналар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Тауық жылы молшылықтың белгісі, ендеше жаңа жыл береке, бірлік, молшылық әкелсін.

Балалар:Сәлеметсіздер ме Аяз ата, Ақша қар

Хор Аяз ата

Аяз ата: Ал, балаларым, біз екеуміз алыс жолдан шаршап келдік. Ән айтып, би билеп, ойын ойнайықшы , сөйтіп біз рахаттанып 6ip дем алайық.

(№1 - концерттік номер кетеді)

Би: Көркем ансамбльдің орындауында

Ойын: «Алдау»

1 Жүргізуші: Біз көңілді тұрамыз

Тіземізді ұрамыз 1,2,3!

Біз көңілді тұрамыз

Алақанды ұрамыз 1,2,3!

Біз көңілді тұрамыз

Құлағымызды жұламыз 1,2,3!

2 Жүргізуші: Мен мұрынымды ұстадым! 1,2,3! (Өзі құлағын ұстайды)

  • Мен басымды ұстадым! 1,2,3! (иығын ұстайды)

  • Мен құлақты ұстадым! 1,2,3! (бетін ұстайды) 4

  • Мен қолымды жасырдым! 1,2,3! (өзі қол соғады)

1 Жүргізуші: Ал,сиқырлы қалпақтар ойынын ойнайық.Ортаға 10 бала шығыңдар.Сиқырлы қалпақ кимеген балалар шықсын.

Тақпақтар: 5 баладан әр сыныптан

Аяз Ата:

Балалар,біз қызымыз екеуміз сендермен 6ipaз ойнап, көңілімізді көтердік, 6ipaқ осы біздің жаңа жылымыз қайда? Неге оны да арамызға шақырмаймыз?

Ақша қар: Олай болса балалар, бәріміз қосылып, хормен Жаңа жылды шақырайық.

Барлығы:Кел, Жаңа жыл – 3 рет. (Жаңа жыл залга кіреді Фанфар, тауық дауысы қосылады)

Аязата:

Амансың ба, Жаңа жыл!

Биылғы келген жылды балалар таныдыңдар ма, қандай жыл екен? Бәрекелді, – тауық жылы

Ал Жаңа жыл! Келген қадамың құтты болсын! Сен әкелген жыл – бақыт жылы болсын! Береке-бірлік, татулык, ырыс жылы болсын! Халықтар достығы нығайып, еліміз гүлдеп өркендей берсін! Елбасымыз салған сара жолмен үнемі алға дами берейік.



Ал балаларым, Жаңа жылдың келу құрметіне өнерімізді көрсетейік те.

Жаңа жыл:

Рахмет балалар!

Meнi, шын ықыласпен қарсы aлғaндapьңa рахмет.

Құт-береке әкелейін баршаңа,

Еңбек ет сен, босқа жүріп шаршама!

Бақыт, байльқ, денсаулықты тілейін,

Тауық жылы құтты болсын баршаға! (ӘлменоваАйнур)

(Хор: Жаңа жыл

Тауықтың биі.

Тақпақтар: Әр сыныптан 5 баладан

(№2 - концерттік номер кетеді)

Ақша қар: 5

Құрметтейік құрбылар!

Құт қадамың жыр болар.

Көрік көркем сәнімді

Kөріңдер әсем биімді

Атажан мен балаларға би билеп берейінші.

Аяз ата:Биле қызым, өнеріңді көрсете ғой.

(Ақша қар биін билейді)

Ақша қар: Ал кәне, бәріміз 6ipre би билеп жіберейік. Ата сізге де билеуге болады. Би биленеді

Аяз ата:

Ал, балалар, мен сендерге бірнеше жұмбак жасырайын, соны шешіңдер. Көзім де көрмейді, Әй кәрілік – ай, кәне, сен жасыршы Ақша қар. (Қарша жұмбактарын окиды)

(Жұмбақ керек)

Ақша қар: Аяз ата Ескі жылды шығарып салайық та, ол енді он екі жыл демала тұрсын. Шаршаған шығар.

Аяз ата: дұрыс айтасың,Ақша қар! Ал, Ескі жыл! Сен құтты жыл болдың. Біз ризамыз саған, Ескі жыл.

Ескі жыл:

Балалар мен Сіздермен қоштасқалы келдім

Ескі жыл ecipкen, жаңа жыл жарылқап,

Елімізде болсын тыныштық,

Бейбіт күнің жарқырап.

Қоштасамын бүгін мен,

Сіздерді қимас көңілмен,

Тарихтың еніп қойнына, айтамын жүрек сөзін мен.

Келер тауық жылында, дән кеп болсын қоймада,

Тыныштык, пен бейбіт күн, болсын деп тілеп әлемде

Қоштасып қол бұлғаймын!

Сау болыңдар балалар! 6

(Қол бұлғап, қоштасып ecкi жыл кетеді) (Ермаганбетова Зейнеп)

Барлыгы:

Сау болыңыз, Ескі жыл.

1-жург: Ал, балалар, өздеріңе арналған жасыл шырша мepeкeci тамаша болды емес пе? Ризасыңдар ғой?

Барлығы: Ризамыз.

1 Жүргізуші: Ал,сиқырлы қалпақтар ойынын ойнайық.Ортаға 10 бала шығыңдар.Сиқырлы қалпақ кимеген балалар шықсын.

Тақпақтар: 5 баладан әр сыныптан

Аяз ата:

Ал, балалар, 6iз Ақша қар екеуміз тамаша демалдық - ойнадық, ән айттық,

би биледік. Біздің баратын жерлеріміз өте көп. Сендер сияқты талай балалар бізді тағатсыздана күтіп отыр. Біз Ақша қар екеуміз аттанайық. Қош сау болыңдар балалар.

Қарша кыз:

Сау болыңдар, балалар

1 Жүргізуші: Не ойласақ жаңа жылда,

Орындалар бар арман.

Жаңа жылды сондықтан да,

Күтеді екен бар адам-дей отырып, жаңа жылда бар арамандарыңыз орындала берсін-деген тілекпен мерекемізді аяқтаймыз. Осымен  біздің жаңа жылғы мерекеміз аяқталды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мектепке дейінгі балаларға арналған "Кел,жаңа жыл!" сценариі

Автор: Қасжан Айткүл Сапабекқызы

Дата: 25.11.2017

Номер свидетельства: 440693


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства