Просмотр содержимого документа
«Менің Республикам Казахстан»
Тақырыбы: Ы д ы с – а я қ , а з ы қ – т ү л і к .(қорытынды сабақ)
Сабақтың мақсаты: Азық – түлік, ыдыс – аяқ атауларын білдіретін сөздерді бекіту, білімдерін толықтыру, тамақтың дәмін білдіретін сөздерді бекіту. Балаларды ыдыстармен таныстыруды жалғастыру, олардың аттарын атап, сөйлеу тілінің түсінуін дамыту, ықыласын, еске сақтау, ойлау қабілеттерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, тіл белсенділіктерін арттыру. Тамақты төкпей – шашпай ұқыптылықпен ішуге, реттілікке тәрбиелеуге, асты қадірлей білуді, ойынға қызығушылығын арттыру.Дұрыс тамақтану адамның денсаулығына қажет екенін түсіндіру. Үлкендердің еңбегін бағалауға, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Атам мен әжемнің үйінде қонақтамыз.
Сабақтың әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, әңгімелесу, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұйымдастыру кезеңінде балалар шеңбер бойымен тұрады)
Мұғалім:
Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті. Балалар бізге шуағын төккен «күнмен», қайырымды «жер анамен», мейірімді «аспан атамен» және бізге келген қонақтармен амандасайық.
Балалар:
Армысыз қайырлы – Күн!
Армысыз мейірімді – Жер ана!
Армысыз қайырымды – Аспан ата!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Мұғалім:
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыстың қай айы?
Күн жылы ма, суық па?
Далада не жатыр?
Бүгін аптаның қай күні?
Қазір қандай сабақ болады?
Мұғалім: Балалар, бізге ата мен әжеден хат келіпті, әже мен ата бізді қонаққа шақырып жатыр. Әже мен атаның үйіне қонаққа барамыз ба?
Балалар: Иә!
Мұғалім: Балалар, әже мен атаның үйіне қонаққа құр қол бармай, «Азық – түлік» дүкеніне кіріп, дәмді, тәтті тағамдар сатып алайық.
«А з ы қ – т ү л і к» дүкені.
Сатушы:Сәлеметсіз бе!
Бала: Сәлеметсіз бе!
Сатушы: Сізге не керек?
Бала: Маған айран керек.
Сатушы: Алыңыз.
Бала: Рақмет.
Сатушы: Сау болыңыз!
Бала: Сау болыңыз!
(Балалар бір – бірден тұрып, өздеріне ұнаған тағамды сатып алады)
Мұғалім: Балалар «Азық – түлік» дүкенінен не сатып алды екен, қараңдаршы.
Егор, Артем не сатып алды?
Артем, май сатып алды.
Ал, балалар, енді автобусқа мініп, әндетіп әже мен атаның ауылына аттанайық.
Сергіту сәті: Балалармыз көңілді,
Қайғыруды білмейміз.
Біз сүйеміз өмірді,
Ойнаймыз да билейміз.
Бір шеңберге жиналып,
Зымыраймыз көгалда...
Балалар: Сәлеметсіз бе, әже, ата!
Әже, ата: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Әже: Төрлетіңдер!
Мұғалім: Балалар, қараңдаршы, әже мен атаның киіз үйі қандай тамаша! Көрпешелер қандай әдемі,әр түрлі оюлармен өрнектелген, сандықтар да оюланған. Балалар, әже мен атаның қолы қандай шебер.Бұл заттарды олар өздері жасаған, бұл үлкен еңбек. Балалар, қонақта рұқсатсыз ешнәрсені қозғамаңдар, бүлдірмеңдер, тәртіпті болыңдар. Балалар, қараңдаршы қандай әдемі сандық. Сандықтың ішінде не бар екен, әже қарауға бола ма?
(Балалар бір – бірден тұрып, ұнаған ыдыстың өлеңін айтады.Дастарқанға әкеліп қояды)
Балалар:
Се – се – се, мынау кесе.
Ық – ық – ық, мынау қасық.
Ақ – ақ – ақ, мынау пышақ.
Қы – қы – қы, мынау шанышқы.
Ек –ек – ек, мынау шәйнек.
Ан – ан – ан, мынау құман.
Ке –ке –ке, мынау тәрелке.
Ақ –ақ – ақ, мынау табақ.
Ау – ау – ау, мынау ожау.
Ба – ба – ба , мынау таба.
Ан – ан – ан, мынау қазан.
«Д ә м і қ а н д а й?»
Әже: Бауырсақ алып жеңдер, шай ішіңдер.
Мұғалім: Балалар, әже пісіріп жасаған тағамдарының дәмі қандай?
Балалар:
Айран дәмді, ақ. Айранды мен ішемін
Шай тәтті, дәмді. Шайды мен ішемін
Ірімшік дәмді, ақ. Ірімшікті мен жеймін
Бауырсақ дәмді, сары. Бауырсақты мен жеймін
Мұғалім: Балалар, нан - ең қасиетті тағам. Нан дастарқанға үлкен еңбекпен келеді. нанды шашып, басуға болмайды. Балалар «нан» туралы қандай тақпақ, мақал – мәтел білесіңдер, әже мен атаға айтып беріңдерші.
(Балалар әже мен атаға мақал – мәтелдер, тақпақ айтады.)
1.Ей, Балалар,Балалар,
Бар қасиет нанда бар.
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
2. Нан бар жерде - ән бар.
3. Бар астың басы – нан.
4. Нансыз өмір – сөнген көмір.
Қорытынды:
Мұғалім: Өте жақсы балалар. Ата, әже «Жақсы сөз – жарым ырыс» демекші, Ата балаларға игі тілек, ақ батаңызды береңіз.
Ата:
Бақытты болыңдар,
Денсаулықтарың мықты болсын.
Достарың көп болсын,
Қазақ тілін жақсы оқыңдар,
Елім аман, заман тыныш болсын.
Ашық аспан болсын.
Дастарқаннан нан кетпесін.
Балалар: Рақмет әже, ата. Сауболыңыздар!
Әже, ата: Сауболыңдар, балалар!
Мұғалім: Ал, әндетіп, балабақшамызға қайтайық.
Сергіту сәті: Балалармыз көңілді,
Қайғыруды білмейміз.
Біз сүйеміз өмірді,
Ойнаймыз да билейміз.
Бір шеңберге жиналып,
Зымыраймыз көгалда...
Мұғалім: Балалар, әже мен ата бізді көріп өте риза болыды. Сендердің қазақша сөлегендерінді естіп қуанды. Жарайсыңдар.«Ыстық доп» ойынын ойнаймыз ба?
«Ы с т ы қ доп» ойыны.
(Балалар шеңбер құрып, «Ыстық допты» қолдарына ұстап, осы тақырыпқа байланысты сөздерді жылдам айтып ойнайды.)