kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мақта қыз бен мысық Солтанмұрат Лида

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды көркем шығармамен таныстыру, ынта қойып тыңдауға дағдыландыру. Оқиға желісі бойынша дауыс ырғағын түрлендіре отырып, әңгімелеп айтып беруге үйрету. Жұмбақ, жаңылтпаш, мақал – мәтелдерді жаттату арқылы баланың тілін дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мақта қыз бен мысық Солтанмұрат Лида»

Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық»

Білім саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің түрлері: «Тіл дамыту»

Мақсаты: Балаларды көркем шығармамен таныстыру, ынта қойып тыңдауға дағдыландыру. Оқиға желісі бойынша дауыс ырғағын түрлендіре отырып, әңгімелеп айтып беруге үйрету. Жұмбақ, жаңылтпаш, мақал – мәтелдерді жаттату арқылы баланың тілін дамыту.

Методикалық әдіс – тәсілдер: Мәнерлеп әңгімелеу, жұмбақ шештіру, сұрақ – жауап, жаңылтпаш, мақал – мәтелдерді айту әдістері қолданылады.

Сабақтың барысы: «Шаттық шеңбері»

  • Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Сәлеметсіздер ме апайлар!

Сәлеметсіздер ме балалар!

Балалар жылы лебізбен көңіл күймен апайларға амандасады.

Бір күні Мақта қыз үй сыпырып жүріп мысығын көмекке шықырады.

  • Мусия, Мусия қайдасың? (келмейді) Бір кезде мысық келеді:

  • Мяу! Мяу! Мақта қыз мені не үшін шақырдың?-деп сұрайды.

  • Маған үй жинауға көмектесші!-дейді. Мысық ашуланып сүтті төгіп тастайды. Мақта қыз болса мысықтың құйрығын жұлып алады. Сол кезде мысық:

  • Өтінемін бантигімді берші!-дейді. Мақта қыз мысыққа:

  • Маған сүт әкеліп берсең, мен саған бантигіңді беремін,-дйді.

  • Сүтті қайдан аламын?-деп сұрайды мысық.

  • Сиырға бар,-дейді. Мысық сиырға келеді.

  • Сиыр, сиыр маған сүт берші! – деді.

  • Сен маған жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр. Сөйтіп, мысық ағашқа келеді:

  • Ағаш, ағаш маған жапырақ берші! Ағаш:

  • Мен шөлдеп тұрмын, маған су әкеліп бер, - дейді. Мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.

  • Қыздар, қыздар су беріңдерші!

  • Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз. Сөйтіп мысық дүкеншіге келеді:

  • Дүкенші,дүкенші маған сағыз берші!

  • Егер маған жұмыртқа әкеліп берсең, мен саған сағыз беремін,-дейді. Мысық жұмыртқа іздеп тауыққа барады:

  • Тауық, тауық маған жұмыртқа берші!-дейді.

  • Сен маған дән әкеліп бер,-дейді. Енді мысық не қыламын деп келе жаста ін қазып жатқан тышқанға кездеседі.

  • Айт, үйіңде не бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоямын! – дейді.

  • Үйімде бір уыс қана тарым бар, - дейді. Тышқан мысыққа тары береді. Мысық дәнді тауыққа береді. Жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды мысық қыздарға береді, қуанған қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды, ағаш мысыққа жапырақ береді, сүтті мысық Мақта қызға береді, Мақта қыз мысыққа бантигін береді. Мақта қыз бен мысық мұрат – мақсаттарына жетіп дос болыпты.

Осы ертегіге байланысты жұмбақтар білеміз бе, балалар?

Қанекей, жұмбақ шешейік!



Жұмбақтар

Ұрлап ішіп үйде сүтті қоймайды,

Өз құйрығын өзі қуып ойнайды.

Ол не? (мысық)



Ай далада ақ отау,

Аузы мұрны жоқ отау.

Ол не? (жұмыртқа)



Қыста киімін тастайды,

Көктемде киіне бастайды.

Ол не? (ағаш)



Сұрақтарға толық жауап беру керек.

Мысық сүтті неге төкті?

Мақта қыз мысықтың құйрығындағы бантигігін неге жұлып алды?

Ағаш не сұрады?

Сиыр не сұрады?

Қыздар мысықтан не сұрады?

Дүкенші мысықтан не сұрады?

Тауық мысықтан не сұрады?

Мысық тышқаннан не сұрады?

Көрдіңдер ме, балалар өз кесірлігінен құйрығындағы бантигінен айрылған мысық, қаншама еңбек етіп жүріп, құйрығындағы бантигін қайтарып алады. Соңында ертегілер биімен аяқтайық.

Қорытынды сөз

  • Ал, сонымен бізді «Мақта қыз бен мысық» ертегілер еліне саяхат атты сыныптан тыс іс – шарамыз аяқталды. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рақмет!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Мақта қыз бен мысық Солтанмұрат Лида

Автор: Солтанмурат Лида

Дата: 19.04.2019

Номер свидетельства: 507692


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства