kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

К?збен ?оштасу

Нажмите, чтобы узнать подробности

-Cаламатсыздарма, сайт ?она?тары. Мен Муханбетова Раушан Тулепбергеновна Орал ?аласны? № 1 Жалпы орта білім беретін  мектебіні?  мектепалды даярлы? тобыны? бірінші санатты т?рбиешісімін.Е?бек ?тілім он бес жыл.Осы сайт туралы м?ліметті ?ріптестерімнен естідім.Сайт ма?ан ?те ?нады.?зіме к?нделікті ?ажетті ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеттерін, ерте?гіліктерді, презентацияларды алып ?олданып ж?рмін. Сайт ?она?тарына ?немі осылай ?з жетістіктері?ізбен, ?з шы?армашылы?тары?ызбен, ж?мыстары?ызбен б?лісуге тілекшімін. Мен ?зімні? тобымда ?ткізген " К?збен ?оштасу" ерте?гілімді жіберіп отырмын.Егер сіздерге ?нап жатса, ?з ж?мыстары?ызда ?олданулары?ыз?а болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«К?збен ?оштасу »

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

1 Жалпы орта білім беретін мектебі мектепалды даярлық тобының

бірінші санатты тәрбиешісі

Муханбетова Раушан Тулепбергеновна

« Күзбен қоштасу ! »


Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы білімдерін кеңейту.

Қоршаған ортаны қорғауға, сақтауға үйрету.

Ата – ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Зал мерекеге сай безендірілген. Күзгі сары жапырақтар, сары гүлдер ілінген. Тәрбиешілердің басқаруымен топ балалары залға кіреді.

Музыка әуенімен ортаға жүргізуші тәрбиеші шығады.

Тәрбиеші:

Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілген

Ай жапырақ- сары алтын

Айналаның бәрі алтын.

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел, жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз.

Күз:

Әсел ерен достарым

Өмірге көп қосқаным.

Қымбатты сый алыңдар

Қызығыма қаныңдар.

Молайтыңдар шаттықты,

Ән айтыңдар бақытты.

(Балалар күзбен қосылып «Алтын күз» әнін айтады).

«Алтын күз» әні.

Күз:

Рахмет,балалар , өнеріне

Ризамын өнершіл өреніме.

Тәрбиеші:

Бидай, арпа,тары бар,

Сұлы,куріш бәрі бар

Әне жырлап барады,

Әнге құлақ салыңдар.

(Ортаға музыка әуеніне ырғала билеп дақылдар шығады).

Бидай:

Нан анасы- бидаймын,

Нанды елге сыйлаймын

Піскенімде мен қырда

Қауызыма сыймаймын.

Арпа:

Қызыл мұртты арпамын.

Ырыс құтты арпамын.

Машинаға мініп ап,

Малды ауылға тартамын.

Тары:

Ақ, қарамын,сарымын,

Мен атақты тарымын.

Еңбегіңнің жаз бойғы

Қайтарамын қарымын.


Сұлы:

Мен сұлымын, шырағым,

Барлық малға ұнадым.

Ауырлаған басымды,

Көтере алмай тұрамын.

Күріш:

Күнге ғашық күрішпін

Күллі жұртқа ырыспын.

Аңқам кеуіп тұрған соң

Ала жаздай су іштім.

Тәрбиеші:

-Рхмет сендерге, дақылдар, төрлетіңіздер. Ал балалар:

Жиын терін болатын,

Қамбаға астық толатын.

«Қызыл қырман ойнайтын»

Қай мезгіл деп ойлайсың. (Күз).

Күз:

-Рахмет, балалар, мында менімен еріп келген үш қызым, ыркүйек, тамыз, қазанның да өнерлерін көріп тамашалаңдар.

Тамыз:

Күздің тамыз айында.

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайған

Сыбдыр,сыбдыр түседі.

Қыркүйек:

Сыңғырлайды қоңыраулар.

Қыркүйек айында.

Сағынышпен біз барамыз,

Өнер-білім тойына.

Қазан:

Қазан айы басталды,

Құстар қайта бастады.

Туыстық,адал,достықпен,

Жалғаса берсін өмірлерің..

Тәрбиеші:

-Рахмет, сендерге!

Қызды қайнап ел ісі,

Қызыл қырмен жер үсті.

Елдің тойып жүргені,

Еңбегінің жемісі.

Әне қызыл алмалар,

Әсем бақтың жұлдызы,

Алма терген балалар,

Албырайды нұр жүзі.

(Ортаға алмалар мен пияз кіреді)

Алма:

Күздік апорт алмамыз,

Күзден қуат алғанбыз.

Жұмыр жерден нәр жинап,

Жұлдыздай боп жанғанбыз.

Жаз да күз артық

Жайнадық та қызардық.

Көк желегін бау-бақтың

Көркемдедік қызартып.

Пияз:

Қалың киім ұнататын,

Шешіндірсең жылататын,

Пияз деген мен болам.

Тәрбиеші:

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

- Қане, балалар, осындай молшылық күз айына арналған «Жеміс-жидек» ойынын ойнайық.. Ойын шарты бойынша берілген уақыт ішінде ортаға шыққан екі бала қанша жеміс-жидек жинады, соны санаймыз. Тоқта деген белгі берілген кезде тоқтаулары керек.. Жеңімпазға алма беріледі.

(Ойынға басқа топ балалары да қатыса алады. Ойын ойналып сыйлық беріледі).

Бала:

Мол байлық тергені

Шаттығы қаншалық

Аспанға өрледі,

Құстар да ән салып.

(«Қарлығаш» әніне билеп құстар келіп ортаға тұрады).

Аққу:

Қош бол, өскен жеріміз,

Айдын шалқар көліміз.

Аман болып тұрыңдар,

Қамқор болған еліміз.

Аққу:

Қаһарлы қыс өткенде

Қайтып келіп көктемде.

Күнде думан құрамыз.

Күн шуағын төккенде.

(«Құстар қайтып барады» әнімен құстар шығып кетеді).

Бала:

Қүстар қайтты ән салып

Бұлт торлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.

Тәрбиеші:

Аю жатыр үйінде,

Төрт түлік мал күйінде.

Барлық аңдар шаттанып,

Басты күздің биіне.

(Ортаға қоян,тиін келеді).

Қоян:

Қуып мені састырған,

Құтылмадым қасқырдан.

Аңғармасын жонымды деп

Ауыстырдым тонымды.

Күз:

Ол бір ісің орынды

Қуаттаймын ойыңды.

Тоның қандай қонымды.

Тиін:

Еркін жүрген тиінге

Жаңғақ теру қиын ба?

Күздің алып сыйларын

Қыстық азық жинадым..

Күз:

Тағы да мол сыйларым,

Таңдап жи, жаным!

(Қой мен ешкіге қарап)

Уақыт еңбек тірліксіз,

Бақыт келмес бірліксіз

Талмай еңбек етіңдер

Қыстан аман өтіңдер.

Қой:

Айтқаныңды пайым қып

Малшы жасар дайындық.

Ешкі:

Кел-кел достар ойнайық.

Күздің тойын тойлайық.

(Барлығы қосылып шығып кетеді).

Тәрбиеші:

-Балалар, мына бізге қонаққа гүлдер мен көбелектер келіп қалыпты, қане өнерлерін көрейік.(«Полькаға» билеген гүлдер мен көбелектер ортаға келіп тұрады).

Тәрбиеші:

Алтын, сары,қызыл,көк

Алуан-алуан жапырақ.

Ағаштардан жамырып.

Ұшты кенет жапырақ.

-Қане, балалар күзгі жапырақтар жасайықшы.(музыка ырғағымен істейді). Бірінші жапырақтар жәй тербеліп тұр, енді жапырақтар қатты тербетілуде. Жапырақтар біртіндеп түсіп жатыр.

Күз:

-Астық жеміс-береке

Бір айға нәр- бір демім.

Барымды мен сыйлаймын

Менде көп ақ мереке

Барлығыңды қимаймын.

Тәрбиеші:

Сау-Сау етіп жапырақ

Сабағынан үзілді.

Қоңыр тартып атырап

Көкте құстар тізілді.

Ақтарады қоңыр күз

Уылжыған жемісін

Күзге біз де ризамыз

Аянбаған ел үшін.

Барлығы: -Рахмет күз саған, жаса-жаса, қош бол алтын күз!







































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
К?збен ?оштасу

Автор: Муханбетова Раушан Тулепбергеновна

Дата: 02.11.2015

Номер свидетельства: 246934


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства