kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Күз сыйы"ертеңгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалардың күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Күз сыйы"ертеңгілігі»

«Күз сыйы»

Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген.

Би: «Жапырақтар»

Жапырақтарды ән ырғағымен жерге тастап шапалақтап отырады.

Жүргізуші:

Армысыздар халайық,

Бармысыздар халайық

Күзгі тойды жұп жазбай.

Келіңдер қарсы алайық

Жүргізуші:Құрметті қонақтар, «күз сыйы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Балалар қараңдаршы бізге қонақтар келіп отыр олармен амандасайықшы.

Балалар:- Сәлеметсізбе.

Жүргізуші:Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп отыр.Тыңдаңдаршы:

Жапырақтар сарғайып,

Құстар ұшып барады,

Күн бұлттанып,

Жаңбыр жиі жауады

Бөбектерім айтыңдаршы бұл қай кезде болады?(Күзде)

Ж:Дұрыс айтасыңдар.Балалар міне бізге алуан тусті жапырақтармен толқып күз де жетті.Қараңдаршы ендеше жерде жатқан нелер екен?

Балалар:- Жапырақтар

Жүргізуші:- Ендеше маған ортаға осы жапырақты жинауға Асылхан мен Жанбақыт шыға қойсын.(музыка ырғағымен жапырақтарды жинап шығады)

Жүргізуші:Балалар сендердің көйлектерің де өздерің сондай сүйкімдісіңдер тіпті мына күз мерекесіне сай жайнап тұрсыңдар.

Қызықтыру сәті: залға «күз ханшайымы» кіреді.
Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар!
- Мені таныдыңдар ма?Мен алтын күзбін.Мен сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім.
Жүргізуші:Қане төрлетіңіз біздің өнерімізді тамашалаңыз.
Күз ханшайымы біз күз мерекесін тойлап жатырмыз.Сіз мерекге дәл түстіңіз ендеше мына жерге жайғасып балалардың өнерін тамашалаңыз.Сізге арнап ән айтайық.



Ән: «Күздің күні қандайды»

Жүргізуші:Жарайсыңдар менің өнерлі балаларым.Айтыңдаршы күзде қандай өзгерістер болады?

Балалар:Жеміс піседі,жапырақтар түседі,жаңбыр жауады,...

Жүргізуші:Дұрыс айтасыңдар ботақандарым. Ендеше ортаға күз мезгілі жайлы тақпақ айтуға :Әсем,Жан

Қарашы,күз келді,күз келді,

Сары алтын жауыпты іздерді,

Кұс біткен керуен түзеді

Көңілсіз неліктен күз енді?

Жан:

Күн суытып келеді,

Жапырақтар түседі,

Астық жеміс жиылды

Қамбамызға құйылды

Күз ханшайымы :керемет өте тамаша.

Жүргізуші: Күз ханшайымы біздің балаларымыздың өнерлері бұнымен шектелмек емес балаларымыз өте талантты .

«Қарлығаш биі»
Жүргізуші: Күз ханшайымы сізде құр алақан келмеген шығарсыз бізге арнап бір тосын сый жасап келген шығарсыз солайма?

Күз ханшайымы:Ия мен балаларға арнап жұмбақ жасырғым келіп отыр.

1)Жыл сайын келеді

Алтын береке береді,

Көп-көп жемістер

Тәп тәтті жидектер

Бұл қай мезгілде болады?(Күзде)

2)Тамшылар тамшылайды,

Терезеге тарсылдайды

Жазда жып жылы

Күзде құбылмалы ( Жаңбыр)

Жарайсыңдар балалар өздерің тапқыр екенсіңдер.Енді балалар тағы қандай тақпақ біледі екен.

Жүргізуші:Уайымдамаңыз күз ханшайымы балалар тек қана тапқыр емес сонымен қатар тақпақ та айта алады.

Мерей,Ж.Әмір,Зияда

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунаса ғой жатып ап

Әмір:Кара бұлт қабағын түйеді,

Бұталар боз қырау киеді,

Осы ма,осы ма күз деген

Бақшаға баратын бізбенен!

Зияда:Берекесін сыйлауға ,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Жүргізуші:Тамаша ,жарайсыңдар ақылдыларым.

Күз ханшайымы: Бұндай өнерлі балалардың ортасына келіп ойнамай кеткенім жөн болмас сондықтанда «Себет» деген ойынды ойнағым келіп тұр. Ойынның шарты Ортаға 6 бала керек .Содан Өлең жандырғанда себетті айналып билейсіңдер.Ал тоқтағанда бір бір себеттен ұстап аламыз. Кімге себет жетпесе сол ойыннан шығады.Ал ендеше ойынды бастаймыз.

Жүргізуші:Күз ханшайымы рахмет балалар біраз сергіп қалды мен өте қуаныштымын.Енді балалардың тақпақтарын тыңдаңыз:Жанбақыт,Дильназ,Самира,Нұрай.

Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел жемісті Алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Дильназ:Күздің қазан айында ,

Алма,алмұрт піседі,

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр,сыбдыр етеді.

Самира:Қамба толды астыққа,

Алғыс саған алтын күз

Бір уыс дән шаштық та

Қап,қап қауын алдық біз

Нұрай:Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.

Күз ханшайымы:Балалар мен сендердің өнерлеріңді тамашаладым.Сендер сегіз қырлы бір сырлы балалар екенсіңдер.Соған арнап сендерге сылықтарым бар.

Жүргізуші:Рахмет сізге алтын күз.

Демекші міне балалар күзге арналған мерекеміз де аяқталып қалды. Күзге айтарымыз берер сыйын жылдан-жылға көп болсын елде тыныштық болсын дейміз. Осымен «Күз сыйы» атты ертеңгілігіміз аяқталды көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Күз сыйы"ертеңгілігі

Автор: Динара Балтабековна Шакирбаева

Дата: 19.02.2020

Номер свидетельства: 540361


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства