kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Күз-мерекем,күз-берекем

Нажмите, чтобы узнать подробности

Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілік 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Күз-мерекем,күз-берекем»

Тақырыбы: «Жомар күз»ертеңгілік

Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейту, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жәрмеңесі, яғни жемістермен көкөністер салынған себеттер.

Барысы: Әдемі әуен ойналып тұрады, қонақтар орындарына жайғасып болған соң сыныпқа балалар кіріп орындарына тұрады.



Күз ханшайымы:

Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!

Сәлеметсіздерме, қадірлі қонақтар! Менің«Жомарт күз» атты патшалығымызға қош келдіңіздер.

Күз ханшайымы:

Береке бақ дарыған

Жомарт көңіл жарқын күз

Сары алтынға малынған

Алтын күз деген мен болам

Салеметсіңдерме балалар ?менің патшалығыма қош келдіңдер

Ал сендер мен туралы қандай ән білесіңдер?

Ән: «Күз »

Күз ханшайымы:

Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып,өңі тайып, 
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады,
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?

  • Күзде 3 рет

Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? (күн суытады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, жаңбыр жауады, жеміс- жидектер пісетін уақыт)

Ендеше біздін балаларымыздын осы күз мерекесіне арнап дайындаған тақпақтары бар тамашалайық.



Қарашы күз келді,күз келді. Асылжан Дайырбек Жапырақ жауыпты іздерді . Құс біткен керуен түзеді Қара бұлт қабағын түйеді

Алтын ,сары қызыл көп Бек Алтайұлы Алуан-алуан жапырақ Күзгі бақта күлімдеп Көз тартады атырап

Қарашы күз келді,күз келді. Адина Оспанова Сары алтын жауыпты іздерді . Құс біткен керуен түзеді Көңілсіз неткен күз еді


Жетті желмен алтын күз Сәйдүл Жеміс жинау салтымыз Жиып теріп болған соң Той жасайды халқымыз

Күздің қазан айында Тайр Алма алмұрт піседі Жапырақтар сарғайып Сыбдыр сыбдыр етеді

Келеді көшіп камбайын Ақберен Алтын дария егінді Жинап маржан бидайын Күзіміз неткен көңілді

Жарайсыңдар балалар! Өнерлі екенсіңдер! Киімдерің әдемі екен. Қандай би билейсіңдер?

Ортаға «Жұлдызай» тобының сері жігіттерін «Джентельмен» биімен ортаға шақырайық

Музыка әуенімен залға Тұмау кіреді.

Тұмау: Бұл не?Ап чи!Ештеңені түсінбедім! Ап чи!Мында неге жиналып отырсындар? Неге шулайсындар? Мен қайда келдім?

Балалар: Балабақшаға!

Тұмау: Балабақша? Ал сендер мені таныдындар ма?

Жүргізүші: Жоқ! Таныған жоқпыз!

Тұмау: Күз келді, күн суытты.

Менсіз бола ма күндерін?

Жөтеліп, тамақ ауырып

Бұның бәрін сыйлайтын

Тұмау деген достарын! Ап чи!

Бек:

Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып
Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
(Басқа балалар көмектесіп, демейді)

Асылжан

Енді, енді не етеміз?!
(Бекке) қалай көмектесеміз?
Алима

Сабыр сақта, саспайық
Дәрігер шақырайық!
Бек

Жо - жоқ! Дәрігер керек емес!
Қазір өзім тұрамын тез!
Айсултан: Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне, көп дәрі бар!

Бек: Ах!
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді)
Сәйдул

: Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағым, арыздар бар?
Бәрі бірге: дәрігерлік көмек керек!
Сәйдүл дәрігер

: Қазір қарап шығайын,
Неден ауырғанын қарайын... (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)
Сәйдүл : - А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол - аяғың әлсізденген
Қызуың бар екен
Білдім, неден ауырғаныңды...!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!
Бек: Енді не істеймін?
Дәрігер: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..
Күз ханшайымы :

Қазір күз мезгілі түсті ғой,
Жемістер де, көкөністер де пісті ғой!
Қоймаға қоңырау шалайық
Күз өнімдерін осында алдырайық!
- Дұрыс айтасың! (Қалта телефонымен қоңырау шалады)
- Алло, алло! Қойма ма?
Бізге жемістер мен көкөністер керек
Машинаға тиеп жіберіңіз
Мүмкін болса тезірек!
(Машинаның дыбысы естіліп, руль ұстаған жүргізуші бала жемістер мен көкөністерді «тиеп» алып келеді)

Орамжапырақ Алимжан
Бақшаларда тізіліп

Қапесіз мен жатамын

Қабат қабат киініп

Қырыққабат атандым

Сәбіз: Алан
Өсіретін бойыңды Дамытатын ойыңды Қоянға да азықпыз Сәбіздерміз жақсымыз



Картоп: Ерасыл
Картп біздің атымыз

Жер астында жатырмыз Бір тамырдан тараған Ағайынбыз әріміз

Алма: Хасан

Апорт деген алма бар

Жер жаратын атағы

Ондай алма қайда бар

Алматы оның отаны

Шие:Алима
Мен шиемін шиемін

Піскенше тон киемін

Бала келсе қасыма

Басымды мен иемі
Күнбағыс: Бағым
Күннің нұрын сүйемін

Күнге басымды иемін

Моншағым жоқ мойнымда

Үлкен қалпақ киемін


Көктеп ерте шырмалып

Өсемін мен бүр жарып

Атым қияр теріп ал

Жиі жиі суғарып Ислам

Ендігі тамашалайтындарыңыз «Күзгі вальс » әні.

Тұмау: Иә тақпақтарын билерін жақсы екен! Дәруендер жеу керек пе? Жоқ дәруеннің түкте пайдасы жоқ. Оданда тұмаумен ауыра берейңк. Мен сендерді тұмаумен ауыртуға тағы келдім. Одан да достарымды микробтарды шақырайын! Жыл бойы жинап жүрдім!Сақтап жүрдім арнайы! қабын ашып қарайды.Кәне микробтар шығындар,балаларды тұмаумен ауыртып жіберіндер!.Қабынан микроб ойыншықты алып шығарады.

Күз ханшайымы: Ал біз микробтардан қорқпаймыз, құтқарады біздерді, пияз деген көкөніс!

Ортаға пияз– бала шығады

Пияз:Сайда

Асханапдан шықпаймын

Атым пияз бұқпаймын

Көзден жасты шығарып

Тұмаудан бирақ сақтаймын.

Тұмау: Ой көмектесіңдер! Көзім ашып барады, қымбатты микробтарым, қапқа қашып кетіндер!микробтарды қапқа тығады. Енді не істеймін? А маған бір ой келді, сендерді тұмаумен жұқтыру үшін жаңбырды шақыру керек. Үстерін су болып, жөтеліп ауырасындар. АП ЧИ.

Жаңбырдың дыбысы естіледі. Міне жаңбыр мен желдің өзі келіп жетті!


Бұлт Күзгі көк бұлт мен болам

Көтеріліп теңізден

Аспанға биік барамын

Қаласам қазір сендерге

Жаңбыр болып жауамын

Желдің кіруі Жаңбыр жаумай тоқтай тұр

Дабылыңды соқпай тұр

Саяғыңды түгендеп

Үйіріңді соқпай тұр

Бұлт – жоқ сендер менсіз алтын күзді тойлап жатыр екенсіңдер Мен дауыл соқтырам жаңбыр жаудырам сумен шайдырамын мереке болмайды тоқтатындар алтын күзді

Жел жо-жоқ жаңбыр жауғызбай тұра тұр бүгін балалар мерекелік кеш өтіп жатыр екен кел одан да екеуміз дос болайық балалар сенің көңіліңді көтеріп ән арнап берсін. Балалар сендер жаңбыр туралы ән білесіңдерме?

Ән: «Жау –жау жаңбыр»

Ойын – эстафета «Қолшатырмен ойын»

Тұмау: Балалар мені кешіріндерші. Мен енді жақсы болам спортпен шуғылданам, көкөністермен дос болам. Сендер енді дәрумендерді көп жесеңдер ауырмайсыңдар. Сау болыңдар!!!


Күз ханшайымы: Күз келсе балаларымыз көңілді жүреді. Ал біздің

биші қыздардың орындауында «Көңілді қыздар» биін қарсы алайық

Алтын күзге арналған тақпақтарымызды жалғастырайық

Береке бақ дарыған

Жомарт көңіл жарқын күз. Айсултан

Сары алтынға малынған

Жеті міне алтын күз


Думан толы асқарлы Рамина

Күз мезгілі басталды

Күз әуені кеп жетті

Әнге бөлеп жастарды.

Ой балалар балалар

Қоңырқай күз келді

Гүл жапырағы солыпты

Ел егінін орыпты

Шыңғыс

Сарғайды тоғай сап сары маңай Соңғы әнін айтып құс келді қайтып Илияс







Күз ханшайымы: Балаларымыз басқа тілде де ән айталады екен.Балаларымыздың орындауында әнді қабыл алыңыздар. «Rain rain go away»

Орысша тақпақтар


Дождик дождик кап да кап

Ты не капал бы на пап

Ты не капал бы на мам

Приходил бы лучше к нам Эльдар


Если небо хмурое

Если дождик льется

Это время года

Осенью зовется Амир

Кейін орыс әні «Осень»

Би: «Флешмоб»

Күз ханшайымы: Міне, құрметті қонақтар, балалар "Жомарт күз" мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Отбасыларыңыз аман болсын, жүздеріңізден күлкі кетпесін, келіп тамашалағандарыңызға көп – көп рахмет.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Күз-мерекем,күз-берекем

Автор: Сайлау Алия

Дата: 19.01.2020

Номер свидетельства: 536366


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства