« Күз ханзадалары мен ханшайымдары» атты ертеңгілігі
Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыру. Күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді сахналандыру. Балаларды күз байлықтарымен, күзгі еңбекпен таныстыру. Табиғатты сүю, қорғауға тәрбиелеу.
Күз ханшайымы: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін біздің Балақай тобының балалары дайындаған «Күз ханзадалары мен ханшайымдары» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық! – деп біздің ханзадалар мен ханшайымдарды қарсы алайық (музыканың ырғағымен балалар отаға шығады).
Күз ханшайымы: балалар қараңдаршы, далада қандай әдемі, қаншалықты жапырақтар жатыр.
Балалар, қонақтарымызға өз өнерімізді көрсетейік.
«Күз» әні
Күз ханшайымы: Балалар сендер ән айтып жатқанда аспанда бұлттар төрлеп қаптады. Жаңбыр жауайын деп тұр.
Музыка ойнайды, залға Жаңбыр кіреді.
Жаңбыр: Сәлеметсіңдер ме! Мен Жаңбырмын, көктен жерге түсемін. Ауланың ауасын тазартамын, ағаштарды суғарамын.
Жаңбыр: Балалар мен сендерге құр қол келмей өзіммен бірге ойын ала келдім.
«Күн мен Жаңбыр» ойыны
Ойын шарты: Балалар ортаға ойынға шығады. Жаңбырдың қолында қолшатыр болады. Көңілді әууен ойнайды сол кезде балалар ортада билеп жүреді, ал жаңбыр жауған әуенді естігенде балалар Жаңбырға жүгіріп келіп қолшатырға тығылады.
Жаңбыр: Қандай шапшаңсындар.Ешкім су болып қалған жоқпа?
Балалар: жоқ
Күз ханшайымы: Балалар сендер де өз өнерлерінді Жаңбырға көрсетіндер.
Би
Күз ханшайымы: Жанбыр, балалар билеген би ұнады деп ойлаймын.
Просмотр содержимого документа
«"Күз ханзадалары мен ханшайымдары" сценарий»
ЖШС «Ақ Ерке» балабақшасы
« Күз ханзадалары мен ханшайымдары»
«Балқай» I кіші тобына арналған ертеңгілік сценариі
Орындаған: Картаева Т.С.
2018 жыл
І- ші сәбилер тобына арналған