kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Көшедегі мақсатты серуенді ұйымдастыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Конспект прогулки в детском саду. Детям дается знание о транспорте, быть осторожным и соблюдать правила дорожного движения.,

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Көшедегі мақсатты серуенді ұйымдастыру»


«№11 Балдырған балабақшасы»

МКҚК – ның №11 «Қызғалдақ»

тобының тәрбиешісі

Джусибалиева Б.Л.


Көшедегі мақсатты серуенді ұйымдастыру

Мақсаты:

Білімділік:балаларды көлік түрлерімен таныстыру, олардың қарапайым құрылысы және қажеттілігі жайлы ақпарат беру, жолда жүру ережелерін үйрету.

Дамытушылық:балаларды көліктерді топтай білуге, олардың адам өміріндегі маңызы жайлы түсініктерін дамыту. Айналадағы қоршаған ортаға зейін қоя білу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік:көшеде тәртіп ережелерін сақтауға, мұқият болуға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер:көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, мақтау, мадақтау.

Керекті құралдар:автомобиль мен торғайлардың бетперделері.


Бақылау барысы:

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер мені мұқият тыңдап, жұмбақтың жауабын айтып беріңдер.
Кеудесінде жаны жоқ,
Тамырында қаны жоқ,
Май жейді, су ішеді.
Ол не?

Балалар: Машина.
- Дұрыс, машина туралы екен. Олай болса балалар, бүгінгі серуенімізде біз көліктерді бақылаймыз. Міне, балалар, жолда әр түрлі көліктер өтіп жатыр. Көліктердің адамға пайдасы өте көп. Қазіргі кезде көліктерсіз адамдарды елестетуге болмайды, барлық адамда көлік бар. Біздің ата – аналарымыз бізді көлікпен бақшаға әкеледі, өздері көлікпен жұмысқа барады. Тіпті көлігі жоқ адамдар да қоғамдық көліктермен жүреді. Көліктер бізді алыс жерлерге тез жеткізеді. Көліктер арнайы көліктер, жүк көліктері және жолаушылар көлігі болып бөлінеді. Арнайы көліктерге жедел жәрдем көлігі, өрт сөндірушілер көлігі және құтқарушылар көліктері жатады. Арнайы көліктер адамдарға көмек көрсету үшін қолданылады. Мысалы, жедел жәрдем көлігін біз не үшін шақырамыз?
-Дұрыс, біз қатты ауырған кезде жедел жәрдем көлігін шақырамыз. Ал өрт сөндірушілер көлігін біз өрт шыққан кезде шақырамыз. Сондықтан бұл көліктер арнайы көліктер деп аталады.
Жүк көліктеріне кран, Камаз, жүк көліктері жатады. Олармен біз көшкен кезде заттарымызды тасимыз. Қазіргі кезде жүк көліктерін құрылыстарда пайдаланады. Міне қараңыздаршы, көліктер тас, топырақ, ағаш тасып жатыр. Олардың барлығы да үйлер салуға құрылыс материалдарын тасуда.
-Көліктердің тағы бір түрі жолаушылар көлігі. Жолаушылар көлігіне автобустар, газельдер, жеңіл машиналар жатады. Жолаушылар көлігімен біз бір жерден екінші жерге жету үшін мінеміз. Қазіргі кезде біз қалаға газельдермен барамыз. Осы көліктерді жүргізетін адамдарды жүргізуші деп атайды. Қане балалар, «жүргізуші» деп айтайықшы. Қазіргі кезде көліктер өте көп. Сондықтан да біз жол тәртібін сақтауымыз керек. Жолдан өткен кезде біз арнайы ақ – қара жолақпен, жолаушылар өткелінен өтуіміз керек. Бағдаршам жоқ жерлерден өткен кезде алдымен сол жағымызға қарап, жолдың ортасына келген кезде оң жағымызға қарап жолдан өтуіміз керек. Жолдың бойында доппен ойнауға болмайды. Көлік жүретін жолдан жалғыз өтуге болмайды. Балалар біз жол ережесін сақтаймыз ба? Міне балалар жолдың бойында балалардың суреті салынған белгі орналасқан, бұл белгі балабақша мен мектептерге жақын жерлерде қойылады. Себебі, бұл белгі тұрған жерде жүргізушілер жай жүру керек екен. Ал кейбір жерлерде сандар жазылып тұрған белге тұрады, ол жерлерде сол жылдамдықпен жүру керек дегенді білдіреді. Сонымен қатар көліктер газбен немесе бензинмен жүргендіктен айналаға улы заттар тарайды, сол себепті адамдар көктем мезгілінде көгалдандыру жұмыстарын жүргізеді. Өйткені ағаштар мен шөптер ауаны улы заттардан тазартып тұрады. Балалар бүгін біз ауладағы ағаштарды суарамыз, себебі бұл ағаштар ауаны тзартады екен.

(Балаларға сұрақтар қойып, жол бойындағы көліктерге бақылау жасау)

Еңбек: Балалармен алаңдағы ағаштарды суару.

Мақсаты:еңбекке баулу, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс:Диас, Нұрай О., Камиланы бір аяқпен тепе – теңдікті сақтап секіруге үйрету.

Қимылды ойын№1: «Автомобиль мен торғайлар»

Мақсаты:балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа үйрету.

Шарты:бір бала автомобиль, қалған балалар торғайлар болып орындықтарда отырады. Тәрбиеші торғайларға жем шашып шақырады. Торғайлар жем тере бастаған кезде зырылдап автомобиль келеді. Торғайлар автомобильден қашып орындықтарына отыра қалады.

Қимылды ойын № 2: «Көңілді жарыстар»

Мақсаты: Балаларды қимыл – қозғалыс қабілеттерін жетілдіру, ұжымдасып ойнай білу дағдыларын дамыту, оларды жылдамдыққа, ептілікке үйрету.

Ойынның шарты:балалар екі топқа бөлініп, жарысады.

Мақтау, мадақтау.

Еркін ойындар ойнату.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Көшедегі мақсатты серуенді ұйымдастыру

Автор: Джусибалиева Бибигуль Лесовна

Дата: 07.02.2017

Номер свидетельства: 389160


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства