kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қош келдің жаңа жыл!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Утринник на новый год. Очень интересны. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қош келдің жаңа жыл!»

Кейіпкерлер

  1. Аяз ата

  2. Ақшақар

  3. Аққала

  4. Қыс ханшайымы

  5. Қарақшы

  6. Доңыз

  7. Тышқан

  8. Мыстан

Ойындар

  • «Кім жылдам?» (Топпен жарыс тізбек жасап)

  • «Қоңырау»

  • «Епті балақай»


Билейтін билер:

  • «Ұлпа қарлар»

  • «Микки Маус»

  • «Аяз ата»

  • «Жеті лақ»

Орындалатын әндер:

  • «Аяз ата»

  • «Кел жаңа жыл, жаңа жыл»

  • «Жаңа жыл»


























Залдың іші жаңа жылға сай безендірілген.


Залдың іші тым тырыс. Аққаламен балалар билеп залға кіреді. Әдемі билеп тұран кезде, ашуланып Қыс ханшайымы кіреді.

Қыс ханшайымы: Недеген шу? Мазамды алдындарғой Не болып жатыр?

Балалар: Бізде жаңа жыл Урааа

Қыс ханшайымы: Не деген жаңа жыл? Маған бұл мереке ұнамайды. Шуды да жақтырмаймын. Сендер менің ашуыма тидіңдер. Мен сендерді қатырып тастайын.

(Бораннын дауысы естіліп , алай дүлей болып балаларды қатырып тастайды)

Аққала: Мені қатырмашы, мені өзің жасадыңғой.

Қыс ханшайымы: Жоқ сен мені сатып кеттің. Сені де қатырамын. Қандай рахат тым тырыс. (Сйқыршы артына кетіп қалады)

(Залға сыйқыршы киреді)

Сыйқыршы: Ал бастайық кәнекей. (Жан жағына қарап аң – таң болады)

-Балалар неге қатып қалған. Енді жаңа жыл кешімізді қалай бастайм. Бұлай болмайт. (қатып тұрған балаларды ояту)

-Сендерді кім қатырды?

Балалар: Қыс ханшайымы

(Шыршаның артында тұрған қыс хашайымы келеді)

Қыс ханшайымы: Неге ояттың балаларды

Сыйқыршы: Бізде жаңа жыл мерекесі. Сенде бізбен тойлат

Қыс ханшайымы: Жоқ мен сендерді қатырамын.

Сыйқыршы: Балалар қәне қыс ханшайымына өз жылуымызды беріп жүрегін жылытайық.

(Балалар демдерін үрлеп жылуларын береді)

Қыс ханшайымы: Балалар мені кешіріңдер. Менікі дұрыс емес екен

Сыйқыршы:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөліп алды маңайды.
Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,
Бәрімізге әкелсін мына арай жыл. Деп жаңа жыл кешіміді бастаймыз.

-Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Жұмбақ:
Ақсақалды ата жылына
Бір - ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді.Ол кім? (Аяз Ата)

-Бүгінгі біздің кешімізді сәнін келтіретін, асыға тосып жүрген Аяз атамыз жетпей тұр. Қәне бәріміз аяз атаны шақырайық.

-Аяз ата, Ақшақар

-Аяз ата, Ақшақар аууууууууу

Аяз Атаның орнына мыстан кемпір ұшып кіреді де шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.
Мыстан: Пай - пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін - ай! Үйге алып кетпесем бе екен? (Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаның түбімен жұлып алғысы келеді.)
Тәрбиеші: Мыстан кемпір! Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды
Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға! (Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: «Ту - у - у!» ). Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып. Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын - ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қалады да: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей - ак, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бір байып қалармын!
Мыстан Кемпір кетіп қалады. Сол кезде қалтасынан бір таяқ түседі.
Сыйқыршы: Балалар, Кәне тойды жалғастырайық, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Әнімізде шырқап, атамызды шақырайық!
Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле - шала залға Аяз - ата мен ақшақар кіреді. Аяз - ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді.
Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мында, үйге кетемін.
Аяз - ата: Айналайыным - ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба?
Ақшақар: Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз - ата: Қызым - ау, не айтып тұрсың!
Қарашы біз тойға келдік!
Қане балалармен амандасайық.
Аяулы аналарға, ардақты ұл - қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалар амандасады.)
Аяз - ата: Рахмет, балаларым! Қанекей қызым! Қонақтардан ұят болады, басыңды көтер. (Ақшақар басын көтермейді)
Аяз - ата: Қарашы балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық!
Сол кезде Ақшақар жылап тұрып: Мен шырша шамын жағатын сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым. Осы кезде Аяз – ата оны жұбатып тұрып: қазір мен - ақ өзімнің таяғыммен жағамын – дейді.
Ақшақар: Қойыңыз Аяз - ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Тәрбиеші: Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?
Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Тәрбиеші: Жаңа мында мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бір затын түсіріп алды, сол емес пе екен?
Қане, барлығымыз іздеп көрейікші?
(Балалар сыйқырлы таяқшаны тауып береді)

Аяз ата: Жарайсыңдар балапандар.

Тәрбиеші: Қане, шырша жағуға көмектесейік, балалар! Үшке дейін санайық: 1 - 2 - 3
Орыс тіліндегі «Аяз ата» әнін шыршаны айналып орындау.

Хор: «Дет Мороз»
Тақпақтар

Сұлтан

Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап
Балалармен бірге қонды.

Азиза

Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып

Ақ қырауға малынған

Ақша қардай сақалы

Көптен күтіп сағынған

Көрдік аяз атаны.

Ерасыл:

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған.

Кел балалар келіңдер,

Жаңа жылды көріңдер.

Айжұлдыз:

Тілеймін мен бар адамға,

Жаңа бақыт, жаңа жыр.

Ата –әже, әке – шеше,

Құтты болсын жаңа жыл!

Аңсар:

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сүлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған

Қымбат

Тауда туып
Тауда өсіп
Шырша келді ортаға
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз

Азиә:

Сақалы әппақ күмістей,

Тістері әппақ күріштей

Қызыл ала шапаны,

Сағындым аяз атаны.

Жылдамырақ келсе екен

Бізге ойыншық берсе екен.

Қыс ханшайымы: Ал балалар сендерге рахмет менде оз үйіме барып дайындалайын жаңа жылға, ренжімесеңдер аққаламды да ала кетейін.

Сыйқыршы: Онда біз сіздерге арнап би билеп берейік.

Би: «Ұлпа қарлар»

(Қыс ханшайымы, Аққаламен қоштасу.)

Сыйқыршы: Тыныш қана отырыңдар!Біреу келе жатыр-ау..

Музыканың сүйемелдеуімен Доңыз шығады.

Доңыз: Қатты тонып кеттім мен үйіме асығып келемін

Мұнда біреу бар секілді? Қорқып тұрмын кіруге.(дірілдей бастайды)

Сыйқыршы:Қорықпашы доңыз

Доңыз: Жаңа жылға шыршамды безендіруге ойыншықтар алып келе жатқам, жолда жоғалтып алдым. Сендер менің ойыншықтарымды көрмедіңдер ме?

Сыйқыршы: Көрдім, көрдім шамдарды артында олар шыршаның

Доңыз:

Мұрнымды тондырдым

Құлағым мен құйрығымды

Секіре де алмаймын

Тек суықтан тоңып тұрмын

Сыйқыршы: Доңызды ән айтып, би билеп жылытайық.

Хор: «Кел жаңа жыл, жаңа жыл!»

Тақпақтар:

Шамиль

18. Позовем на Новый год

Всех зверят из леса,

Станем дружна в хоровод

Будет интересно.

Белики любят шишки,

А малину мишки.

Сладкие конфетки,

Очень любят детки.

Айлин

19. Дедушка мороз придет,

Мне подарок принесет.

Расскажу ему стешок,

Получу канфет мешок.

Заведем мы хоровод,

Вместе встретим Новый год!

Дамир

6,Настоящий Дед мороз
Дарит нам игрушки
Он на санках их привез
Из своей избушки.

Кәусар
7,Все вокруг сияет,
Все вокруг блестит.
Новый год шагает
В гости к нам спешит.

Бейбарыс

2,Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақтон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.

Конец формы

Алинұр

Келді міне тағыда

Төрлет қане жаңа жыл

Күттік сені сағына

Саған сыйдың бәрі әзір

Өлеңде әзір, әнде әзір

Ойында әзір, биде әзір

Кел жаңа жыл біздерге

Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

Алижан:

Ақ мақтадай ұлпа қар,

Жамылыпты аппақ қар.

Қалың – қалың тон киіп,

Маужырайды шыршалар.

Қандай шырша тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Ойыншықтары әр түрлі,

Тізіліпті тамаша.

Ойын: «Шырша безендіру»

Доңыз: Шыршамды безендіріп бергендеріне рахмет, менде қалдым жылынып! Рахмет көрсеткендеріңе көмек Сендерге деген алғысым көп !

(Қарақшы кіреді)

Қарақшы: Мен қайда келдім?

-Жаңа жыл кешіне

Қарақшы мұндай мереке көрмеппін.

Сыйқыршы: Өте керемет мереке асыға күтеміз. Сенде бізбен бірге бол.

Би: «Жеті лақ» (Ертегі желісімен)

Қарақшы: Қандай тамаша би. Жан жақта әдемі. Сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: «Қоңырау»

Раяна

. A happy New Year for me.

A happy New Year for you

A happy New Year for everyone!

That.s what I wish – I do!

Амина

This is the season

When children sky.

And Father Frost brings

The bright New Year Tree.

Айсулу

. New Year Day!

New Year Day!

Let us sing.

And let us play!

Айару

Father Frost

Bring many toys

For little girls

And little boys

Акерке

A happy New Year!

The day is so clear.

The snow is so bright.

We shout with all our might;

`A happy New Year!`

Музыка ойнағанда Тышқан кіреді

Тышқан:ПИ-Пи-Пи, кім шулап жатыр?Кім сөйлеген қатты-қатты?

Сыйқыршы: Сәлем, сүйкімді Тышқан Ол, балалар менімен бірге!

Кел бізбен бірге тойлат.

Тышқан:  Қолым тимейді, балаларым тонып жатыр інінде.

Біраз қар жинап алуым керек,Жылыту үшін інімді

Жүргізуші: Тышқан, балалар саған қар жинауға көмектессін.

Тышқан:  Жақсы, келісемін.

«Қар жинау» ойыны

Тамара:

Жаңа жылдың жарқырасын шамдары,

Жаңа өмірдің жадырасын әр таңы.

Жаңа жыл, жаңа күн, жаңа өмірде,

Орындалсын әрбір жанның бар арманы.

Нұрай:

Жаңа жылым мол босын!

Басқан қадам оң болсын.

Төрлет төрлет жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын.

Әнуар:

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сүлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.

Ермахан:

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтары тізілген.

Қандай әсем шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.

Мирас:

Әкелсін жыл ырыс құт

Әлемде болсын тыныштық.

Ән салайық жаңаша,

Жаңа жылмен тамаша.

Медина:

Жаңа- жыл, жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жұр.

Хор: « Жаңа жыл »

Би: «Микки маус»

Доңыз: Ал балалар сендермен қоштасатын кез келді. Келесі жылды саған тапсырдым тышқан. Мына жаңа жылдың есігінің кілтін өзіңе тапсырам. Келесі жыл саған аманат.

Тышқан: Рахмет доңыз жылы.

(Доңыз жылымен қоштасу.)
Сыйқыршы: Аяз Ата Сіз біздің балалардың өнерін тамашаладыңыз, Сізге ұнады ма? Сыйлық әкелдіңіз бе?
Аяз Ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар мына сандықтың кілті қайда? (Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)
Аяз Ата: Иә, сол кілт шығар.
Тәрбиеші: Аяз Ата, ол кілтті мыстан алып кетті. Ол тіпті шыршамызды алып кеткісі келген.
Аяз Ата: Қап, әттеген - ай! Қане біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік.
(Осы кезде залға мыстан кіріп келеді.)
Мыстан: А - а бәлем! Таптым, сандық мында тұр екен ғой!
Аяз Ата: Мына ұрлықшы мында жүр ғой! Қане кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіп қалды.
Мыстан: Ойбай - тағы, не дейді? Сыйлық өзіме де керек.
Аяз Ата: Аһ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен сені қатырып тастайын. Аяз ата: «Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста»
(Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады.)
Мыстан: Әй, Аяз ата! Керегі жоқ, қалпыма кетір! Ой, не істесем екен?
Аяз Ата: Бересің ба сандықтың кілттін?
Мыстан: Жоқ, бермеймін!
Аяз Ата: А - а, онда осылай тұра бер! Мен кеттім!
Мыстан: Жоқ, Аяз - ата! Кетпеші, беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, жұмбақтарымды шешсін!
(осы кезде мыстан кемпір қалпына келеді, балаларға жұмбақ жасырады.)
Жұмбақтар:
1. Қолы менен қаламы жоқ
Бірақ сурет салады көп ( Аяз)
2. Суда қалқиды
Жылыда балқиды.( Мұз)
3. Аспаннан ақ ұлпа борады
Қырқаны сейсепке орды (Қар)
4. Зулап түсті төменге
Менсіз шықпас төбеге (Шана)
Мыстан: Жарайсыңдар, балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.
Аяз Ата: Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтардың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.

Сыйқыршы: Сыйлықтарын бермес бұрын Аяз атаға рахметімізді айтып би билеп берейік.

Би «Аяз ата»
 Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер,. Аспандарын ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді..........)




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Қош келдің жаңа жыл!

Автор: Токанова Макпал Болатовна

Дата: 03.02.2020

Номер свидетельства: 538348

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""?ош келді? жа?а жыл!" "
    ["seo_title"] => string(27) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl-9"
    ["file_id"] => string(6) "246209"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446310294"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) ""Қош келдің, Жаңа жыл!""
    ["seo_title"] => string(28) "k_osh_kieldin_zhan_a_zhyl_12"
    ["file_id"] => string(6) "448069"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1515170379"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "« Қош келдің Жаңа жыл!»"
    ["seo_title"] => string(24) "kosh_keldin_zhana_zhyl_3"
    ["file_id"] => string(6) "498077"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1549037543"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Жа?а жыл жарыл?асын""
    ["seo_title"] => string(20) "zhanazhylzharylkasyn"
    ["file_id"] => string(6) "275308"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452537938"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Жаңа жылдық ертеңгілік «Келді міне, Жаңа жыл!»"
    ["seo_title"] => string(46) "zhana_zhyldyk_ertengilik_keldi_mine_zhana_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "493003"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1545888027"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства