Просмотр содержимого документа
«"қош келдің Жаңа жыл"»
«Қош келдің, Жаңа жыл!»
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Қарлығаш» тобында!
Ән: Сәрсен Аружан « Жаңа жыл»
Балалар ән ырғағымен залға кіреді.
Балалар келіп шыршаны айналып тұрады.
Тақпақтар: 5 бала (Сарсен АРужан, Бағлан,
Ғажайып сәт!
Хан, Шахаризада келеді.
Хан сөзі
Шахаризада: Мен Шахаризадамын!
Мың бір түн бойы көз ілмегем
Сұлтанға ертегі айтып, көз ілмеген
Ай толғанда мың бір түн болады
Бүгін жаңа жылдық ертегі болады
Сендерге ұнайды деген сенімменен.
Ерте, ерте, ертеде алыс-алыс асуларда ерекше бір қалашықта Аяз Ата мен Ақшақар өмір сүріпті. Олар шыршаны әдемі аппақ қардан әшекейлеп жатыр екен.
Аяз Ата мен Ақшақар келеді.
Аяз Ата: -Қызым, әлі қанша керек?
Ақшақар: -Аз қалды Ата, аз қалды.
Аяз Ата: -Е, Жарайсың! Жаңа жыл жақындап қалды, тәртіпті болған балаларға сыйлықтар дайындауымыз керек.
Ақшақар: Барлық балалар тәртіпті, ақылды Ата. Олардың барлығы да сыйлық алуға лайықты балалар.
(светті сөндіру, Ақшақарды ұрлап кетеді)
Шахаризада: -Сөйтіп, қара бұлт төніп, күнді жауып айналаны тас түнек қылады да Ақшақарды ұрлап кетеді. Аяз Ата қызын таба алмай оның атын айтып шақыра бастайды.
Аяз Ата: -Қайдасың, Ақшақар қызым! Ауууу!
Мен қызымды іздеп табуым керек, Ақшақарсыз Жаңа Жыл болмас! –деп шығып кетеді.
Залға Зұлымгер Ақшақарды сүйреп келеді, көзі байлаулы, көзін ашып: Жіберіңіз мені, жіберіңіз!
Зұлымгер: -Ал, сұлуым қош келдің!
Ақшақар: -Сіз кімсіз, Мен қайдамын?
Зұлымгер: -Сен менің патшалығыма келдің! Сен менің құрметті қонағым боласың енді.
Ақшақар: -Қайдағы қонақ не деп тұрсыз?
Зұлымгер: -Мә, тәтті жейсің бе?
Ақшақар: -Қайдағы тәтті, мен әлі шыршаны сәндеп үлгермедім, балаларға сыйлықтарын жіберуім керек!
Зұлымгер: -Қайдағы шырша, қандай сыйлық? Мен сені алып қаламын!
Ақшақар: -Ах, сен кәрі қақбас мен саған қазір көрсетем. Мен қалмаймын. –деп басынан құмырамен ұрып, қашып кетеді.
(Зұлымгер басы айналып, құлап қалады)
Зұлымгер: -Сеніме Ақшақар, мен сені сиқырлап мәңгі ұйқыға жіберейін. Бірақ саған 3 күн, 3 түн уақыт беремін ойлануға – деп артынан қуып, шығып кетеді.
Ортаға Аяз Ата мен Мыстан келеді.
Аяз Ата: -Аууу, Ақшақар! Мен қызымды іздеп көп жүрдім және қатты шаршадым! Мен қайдамын, бұл қай өңір? Өте әдемі, ғажап қала екен!
(Әуен ойналып, ортаға Мыстан мен қыздар шығады.)
Шахаризада: -Аяз Ата қош келдіңіз! Демалып шаршағаныңызды басыңыз! Сіз мыстандар еліне келдіңіз! Сізге біздің мыстан қыздарымыз би билеп берсін.
Би: «Мыстан» биі.
Аяз Ата: -О, керемет тамаша! Қандай әдемі би, мен демалып қалдым. Бұл биді Ақшақар қызым көргенде қатты қуанар еді. – деп көңіл-күйі түсіп кетеді.
Шахаризада: -Аяз Ата неге көңіл-күйіңіз жоқ сіздің?
Аяз Ата: -Менің Ақшақарымды ұрлап кетті, мен оны іздеп таба алмадым.
Шахаризада: -Ол кім еді Ақшақар деген?
Аяз Ата: - Ол менің немере қызым! Балалар айтыңдаршы Ақшақар қызым қандай еді?!
Шахаризада: -Ал сол мезетте Зұлымгер Ақшақарды көндіріп әлек болып жатыр.
Зұлымгер: -Ал, сұлуым не айтасың ойландың ба?
Ақшақар: -Бұның болмайды. Жоқ!
Зұлымгер: - Олай болса, өз обалың өзіңе мен сені сиқырлаймын.
Ақалай, мақалай уф-суф!
Ақшақар мәңгі ұйқыға кетсін
Жаңа жыл келсін! –деп сиқырлап кетіп қалады.
Шахаризада: -Ақшақар ұйықтап кетеді. Ал Аяз Ата жер шарын айналып, іздеп жүр. Ол оны көп іздейді. Бір күні Аяз Ата Ақшақарды іздеп жүргенде алдынан Негр шығады.
Аяз Ата: -Эй, Негр амансың ба? Мына таудың басында кім тұрады?
Негр: -Амансызба Аяз Ата! Бұл таудың ең төбесінде Зұлымгер тұрады. Оның үйіне ешкім де жете алмаған. Оған барам деп шыққан адамдар жолда қалып, із-түссіз кеткен деседі адамдар.
Аяз Ата: -Енді мен оған қалай жетсем болады?
Негр: - Зұлымгерге барар жол өте ауыр және қиын. Сіз көп жүріп шаршаған боларсыз. Аяз Ата отырып демалыңыз. Менің негр балаларым аппақ қарларымен сізге би билеп береді.
Аяз Ата: -А,а бәрекелді! Тамаша! Олай болса тізе бүгіп демалайын!
Би: «Чунга - чанга»
Аяз Ата: - Тамаша! Өнерлі екен балалар!
Африка ұлдары: Аяз Ата біздің балалар сізге арнаған тақпақтары да бар!
Африкан: -Аяз Ата жолыңыз болсын! Ақшақарды тез табуыңызға тілектеспіз!
Аяз Ата: - Ой, рахмет саған Аққала! Сау болыңдар! –деп шыршаны айналып шығып кетеді.
Шахаризада: -Аяз Ата 3 күн, 3 түн жүріп Зұлымгердің үйіне жетеді.
Аяз Ата: -Эй, Зұлымгер шық бері?!
Зұлымгер: - Неге шулайсың? Саған не керек менен?!
Аяз Ата: - Сен неге менің қызым Ақшақарды ұрлап кетесің. Жібер менің немеремді.
Зұлымгер: -Жібермеймін. Оған менің патшалығым ұнады. Мағанда онымен тұрған өте қызықты.
Аяз Ата: -Қайтып бер, қызымды! Мен саған сұрағаныңды беремін.
Зұлымгер: -Сен маған не бермекшісің?
Аяз Ата: -Алтын, күміс барлық тастарымды беремін, керек десең!
Зұлымгер: -Ой, ондай жақұттар менде асып кетеді. Керек емес.
Аяз Ата: -Не керек саған енді?
Зұлымгер: -Сен маған қуаныш сыйла, мен жер бетіндегі адамдар жаңа жыл тойлап, ән салып, би билеп қуанады деп естідім. Ал менің патшалығымда ондай қуаныш жоқ.
Аяз Ата: -Жарайды! Балалар кәне бәріміз Зұлымгерге қуанып, шаттанудың не екенін үйретейік! Оның мұз болып қатқан жүрегін жібітейік!
Ән: «Шырша жыры» «Где-то ёлка на опушке!»
Аяз Ата: -Зұлымгер қайтар енді немеремді?!
Зұлымгер: -Жоқ мен уәдемді бұздым. Мен Ақшақарды қайтармаймын.
Аяз Ата: -Эй, қақбас уәдең қайда? Қайтар қызымды.
Зұлымгер: -Олай болса, маған тағы да өнер көрсетіп, жүрегімді жібітіңдер. Менің жүрегім зұлымдық пен мейірімсіздікке толы. Соны алып тастасаңдар ғана мен қызды қайтарамын.
Ойын
Аяз Ата: -Жарайды!
Би: «как бы зима не была» (Флешмоб)
Зұлымгер: - Ой, рахмет балалар! Мен қатты қуанып қалдым. Мен сендерге ризамын! –деп сиқырлы сөзін айтып ортаға Ақшақарды шығарады.
Шахаризада: -Аяз Ата мен балалар Ақшақардың келгеніне қуанады.
Енді балалар тақпақтарын Аяз Ата мен Ақшақарға айтады.
тақпактар.
Ақшақар: -Қандай өнерлі балалар! Рахмет сендерге!
Аяз Ата: -Ия қызым балаларым өте өнерлі, ақылды балалар! Сенің келгенің жақсы болды. Жаңа жыл болуға аз уақыт қалды. Оған дейін балаларымызға сыйлықтарды таратып беруіміз керек.
Ақшақар: -Жарайды Аяз Ата! Олай болса сыйлықтар қайда?
Аяз Ата: -Сыйлық қапшықта. (Қапшықты алатын кезде қапшық семіріп кетеді, ашса ішінен Зұлымгер шығады)
Ойын: «Қапшықтағы кім?»
Шарты: Ән ырғағымен билейміз. Ән тоқтаған кезде Зұлымгер қапшықты бір балаға кигізеді. Балалар кім екенін табу керек?!
Шахаризада: -Хан ием! Менің ертегім осылай жақсылықпен аяқталды.
Хан: -Эй, Шахаризада! Жарайсың! Бүгін менің қаһарымнан аман қалдың! Маған бүгінгі ертегің қатты ұнады!
Шахаризада: - Рахмет, бәрі де сіз үшін!
Осылай бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды.
Аяз Ата мен Ақшақар балаларға сыйлықтарын таратып береді.
Сөз кезегін Балабақшамыздың меңгерушісіне береміз.