kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қош келдің, Жаңа жыл!

Нажмите, чтобы узнать подробности

разработка утренника Новый год в предшкольной группе с казахским языком обучения

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қош келдің, Жаңа жыл!»

«Қош келдің, Жаңа жыл!» атты «Айналайын» мектепалды даярлық тобының ертеңгілігі

1-Жүргізуші:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Айналайын» тобында!
1.«ЖАҢА ЖЫЛ» ӘНІМЕН БАЛАЛАР КІРІП ШЫРШАНЫ АЙНАЛЫП ТҰРАДЫ

2. СИҚЫРШЫНЫҢ МУЗЫКАСЫ

Сиқыршы:

Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар
Басталады Жаңа Жылдық карнавал
Маска да бар, би де бар, асығыңдар
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.
Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал
Карнавалдың иелерін қарсы алыңдар!
(қол соғып киінген ата - аналар кіреді)
Сиқыршы: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
3. «ТАУДА ТУЫП, ТАУДА ӨСКЕН» ӘНІ

Балалар: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
2-жүргізуші: Міне, керемет, олай болса бәріміз бірге қол ұстасып әнімізді шырқайық.
1-жүргізуші: Келесі кезекте шыршамызға арналған шумақтарымызды айтайық.

Айзере:

Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Аялы:
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той - маскарад басталды,
Сиқыршы оны басқарды.

2-жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы, жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)
2-жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Балалар: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 - рет
Балалар мен ата-аналары бірге:

Қоңырау үні сыңғырла
Аяз ата, Ақшақар
Біз Сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға
Аяз ата, Ақшақар 3 - рет
4. АЯЗ АТА, АҚШАҚАР КІРЕТІН МУЗЫКА

Аяз Ата:

Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: Аяз ата!
Ақшақар.-

Сәлеметсіңдер ме, балалар.

Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.


1-жүргізуші: ,

Шыршамыз да керемет
Ойыншықтар тағылған
Алыс жақтан келіп тұр
Аяз ата сағынған.
Әсем ән де, би де бар
Отыр ата, сәл дем ал.
5. «БҮГІН БІЗДЕ МЕРЕКЕ» ӘНІ

Ақтілек:
Ақ қырауға малынған
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.
Еркебұлан
Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем, Аяз атамыз.

Айзере:

Кел билейік сенімен
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар
Адамдардың демімен.

6.«ҰЛПАҚАРЛАР» БИІ.ҚЫЗДАР.

1-жүргізуші:

Аяз ата, Ақшақар! Біздің балалардың сіздерге арнаған қазақша, орысша және ағылшынша тақпақ жаттап келіпті. Қабыл алыңыздар!
Ақтілек ағылшынша:

Зэ сиңз ту си

Зэ сиңз ту хи

Нью сиңз ту ду

Ин зис Гләд Нью иэ

The things to see

The things o hear

The things to do

In this glad New Year

Алдияр:
Жаңа жыл, жаңа жыл
Сені күттім елеңдеп
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп

Рамиль:

Это кто в мешке принес

Шишки и хлопушки?

Это добрый Дед Мороз

Дарит нам игрушки!



Аялы ағылшынша.

Нью иэ дэй!

Нью иэ дэй!

Лэт аз сиң!

Энд лэт аз плэй!

New Year Day!

New Year Day!

Let us sing

And let us play




2-жүргізуші:
Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел одан да, халайық
Ойын ойнайық жаңа бір.
7. «БАЙПАҚ» ОЙЫНЫ
Ойын шарты
: Ортаға ата-аналар мен балалар жиналады. 2 ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі оң, біреуі сол аяғынікін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет.(алдымен ата - аналар, содан соң балалар)
Аяз ата: Ооо! Айналайын тобының балалары да, ата - аналар да мықты екен. Тағы қандай өнерлерің бар, кәне, көрейік!

8. ҰЛДАРДЫҢ ОРЫНДАУЫНДАҒЫ БИ

Рамиль:
Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
Жылтырап жатады.
Саят:
Аяз ата аппақ
Кәмпиттері тәтті - ақ
Маған кәмпит көп берсең
Тағы айтамын тақпақ.


1-жүргізуші

Осымен бізге берілген уақыт аяқталды

Ертеңгілігіміз бітуге таяп қалды

Жамылған ақ мамық, ұлпа қар
Нұрланар кең байтақ Отаным
Бала жоқ сыйлықтан құр қалар
Сыйлығы көп, Аяз атаның.

9.ТҮЛКІ КІРЕТІН МУЗЫКА

Түлкі.- о - о, мыналарды қара! Аяз атадан сыйлық алмақшы. Сендерден бұрын мен аламын. (Аяз атаға келіп) Хи - хи - хи, Аяз ата, мен сіздерге өлең айтып берейін бе?
Аяз ата: Айта ғой, түлкішек
Түлкі:

Ананы да, алдадым
Мынаны да алдадым
Мен түлкімін айлакер
Аяз ата сыйлық бер.

Түлкі қолын жаяды, Аяз ата оған сыйлық беруге асықпайды

10.ҚАСҚЫР КІРЕТІН МУЗЫКА

Қасқыр: Ах, түлкішек, сен жұрттың бәрін алдап, енді атаны да алдайсың ба? Кет әрі. Аяз атаға әнді мен айтып беремін.

11.ТҮЛКІ ҚАШАТЫН МУЗЫКА

Түлкі кетеді, кетерінде Аяз атаның дорбасын ұрлап кетеді.
Қасқыр гитарамен ән айтады

Мен қасқырмын, қасқырмын
Қозы ұрлаймын өрістен.
Ұйқым келмейді егерде
Қозы етін жемесем
Ахо - хо. Охо - хо.
12. ИТ ЖЫЛЫ КІРЕТІН МУЗЫКА

Ит жылы:
Ей, қасеке, қасеке
Сен де адал емессің.
Мен тұрғанда қозы, лақ
Оңайлықпен жемессің.
Аф - аф - аф
Жеті қазына бірімін
Қасқыр келсе үремін
Аяз ата, мен сізге
Тақпақ айтып беремін.
Аяз ата: Адамзаттың серігі, сен ит екенсің ғой. (ал сыйлығыңды), - дей беріп, жанын сипаласа, дорбасы жоқ боп шығады. Дорбаны Түлкі алып кеткен болатын

Ақшақар:Ата,ата, енді қайттік? Бір жыл күткен балалардан ұят болды-ау.Енді не істеуге болады?- деп ойланып, мұңайып қалады
Сиқыршы: Бүгін бізде мереке! Еш уайымға орын жоқ. Біз Түлкіден қулығымызды асырып, сиқырлы таяқшаның көмегімен жаңа жылдық сыйлық дорбаларды қайтарып аламыз!

Сим-салабим,ахалай-махалай!!! –деп сиқырлы таяқшасын сермейді

1-жүргізуші:

Кәне, балалар, сиқыршы дорбаларды сиқырлап қайтарғанша хороводта Аяз ата мен Ақшақарды, мамаларымызды шақырып, хороводта бір көңілді би билеп алайықшы!

13. ТАНЕЦ МАЛЕНЬКИХ УТЯТ

Осы кезде жылтырлармен жабылған қорап пайда болады.

Оның ішінен алып,Аяз ата мен Ақшақар сыйлық дорбаларын таратады
Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)

14. ШЫҒАРЫП САЛАТЫН МУЗЫКА
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!
ИТ жылы
Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.
2-жүргізуші: - Шыныменен, балалар, сендер бір жасқа үлкейдіңдер. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау бол, ИТ жылы, біз саған ризамыз!
Балалар: Қош, қош, Ескі жыл!
2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Қош келдің, Жаңа жыл!

Автор: Қазез Айша Қайратқызы

Дата: 20.01.2019

Номер свидетельства: 496302

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""?ош келді? жа?а жыл!" "
    ["seo_title"] => string(27) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl-9"
    ["file_id"] => string(6) "246209"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446310294"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) ""Қош келдің, Жаңа жыл!""
    ["seo_title"] => string(28) "k_osh_kieldin_zhan_a_zhyl_12"
    ["file_id"] => string(6) "448069"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1515170379"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "« Қош келдің Жаңа жыл!»"
    ["seo_title"] => string(24) "kosh_keldin_zhana_zhyl_3"
    ["file_id"] => string(6) "498077"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1549037543"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Жа?а жыл жарыл?асын""
    ["seo_title"] => string(20) "zhanazhylzharylkasyn"
    ["file_id"] => string(6) "275308"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452537938"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Жаңа жылдық ертеңгілік «Келді міне, Жаңа жыл!»"
    ["seo_title"] => string(46) "zhana_zhyldyk_ertengilik_keldi_mine_zhana_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "493003"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1545888027"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства