kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Қош келдің, Жаңа 2023-жыл!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау,қызығушылықтарын арттыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Қош келдің, Жаңа 2023-жыл!»»

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ









«Қош келдің, Жаңа 2023-жыл!»

(Мектепалды даярлық сыныбы)

























Тәрбиеші: Н.Нуктенова









2022 оқу жылы

«Қош келдің, Жаңа 2023-жыл!»



Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Балапан» тобында! (балалар келіп шыршаны айналып тұрады)

Музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді)
Сиқыршы: Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар
Басталады Жаңа Жылдық карнавал
Маска да бар, би де бар, асығыңдар
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.
Басталады, басталады Жаңа жылдық мереке
Кейіпкерлерімізді қарсы алыңдар! (қол соғып киінген персонаждар кіреді)

Сиқыршы: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» барлығы қол соғады)
Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.
Ән: «Шырша жыры»
Жүргізуші: Ендеше, шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.

Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді? (Балалардың жауабы)
Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 - рет
Мыстан: - Сәлеметсіңдер ме,Жаңа жыл болмайды.Мен ,Аяз атамен Ақшақарды қамап тастадым.
Жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл кім?Мыстан ба?
Жүргізуші:Мыстан,сен аяз атамен Ақшақарды босатуын керек.
Жүргізуші: Тоқтаңыздар,кетпеңіздер,бізбен бірге болыңыздар!
- Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді.
Бәрі:Қоңырау үні сыңғырла
Аяз ата, Ақшақар
Біз Сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға
Аяз ата, ақшақар 3 – рет (әуенмен бірге Аяз ата, Ақшақар келеді)
Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ақшақар:.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Қоян: Сәлеметсіздер ме, балалар
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп
Бір жыл бойы сіздермен
Дос болайық шаттанып.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.
Би: «Кішкентай жұлдыздар»

Балалардың тақпақтары:

Медина:

Оралдың өлкеме
Жаңа жыл армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың!


Жанали:

Тоғай да, баулар да,
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.





Еркежан

Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылға жаңа жыр!

Жасыл шырша жанында,

Билеп барлық бала жүр

Талшын:

Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.

Аяна:

Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап,
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.

Қуаныш:

Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.

Бағжан:

Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жап - жалтар боп жатады.

Көзайым:

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Айғаным:

Безендіріп шыршаны,

Жыл қуантты баршаны,

Той маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.



Рамазан:

Келді тағы жаңа жыл,

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын Жаңа жыл,









Диас:

Мұздан моншақ тағынып,
Күміс қырау жамылып.
Ортада тұр Ақшақар,
Көптен күтіп сағынып.

Ерасыл:

Жаңа жыл, Жаңа жыл,
Жаңа жылға жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр!

Айару:

Дала нұр,қала нұр,

Құтты болсын Жаңа жыл!

Марлан:

Жаңа жылда балалар,

Тек қуаныш көріндер.

Ауырмандар ешқашан.

Мықты болу өзінен.

Сафинур:

Бүгін біз көңілдіміз,

Жаңа жылды қарсы алып.

Мерекеге келгендерді,

Құттықтаймыз қарсы алып.

Мадина:

Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрле,төрле Жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын.

Нұрым:

Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күмістей.

Нұр жайнаған ажары,

Сағындым аяз атаны.

Сырым:

Ақ қырауға малынған,

Сақалы да,мұрты да,

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына.









Жүргізуші: Міне, балалар аңдар да өнерлерін көрсетті.Аяз ата Ақшақар

сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой - буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір....
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)
Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық.Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!
Бәрі:
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар,балалар!

« Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!
























































































































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Қош келдің, Жаңа 2023-жыл!»

Автор: Нуктенова Нургуль Айтказыновна

Дата: 19.02.2023

Номер свидетельства: 626034

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""?ош келді? жа?а жыл!" "
    ["seo_title"] => string(27) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl-9"
    ["file_id"] => string(6) "246209"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446310294"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) ""Қош келдің, Жаңа жыл!""
    ["seo_title"] => string(28) "k_osh_kieldin_zhan_a_zhyl_12"
    ["file_id"] => string(6) "448069"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1515170379"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "« Қош келдің Жаңа жыл!»"
    ["seo_title"] => string(24) "kosh_keldin_zhana_zhyl_3"
    ["file_id"] => string(6) "498077"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1549037543"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Жа?а жыл жарыл?асын""
    ["seo_title"] => string(20) "zhanazhylzharylkasyn"
    ["file_id"] => string(6) "275308"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452537938"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Жаңа жылдық ертеңгілік «Келді міне, Жаңа жыл!»"
    ["seo_title"] => string(46) "zhana_zhyldyk_ertengilik_keldi_mine_zhana_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "493003"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1545888027"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства