Просмотр содержимого документа
««Қош бол, балабақша!»»
«Қош бол, балабақша!»
Тәрбиеші: - Армысыздар, жиналған ата-ана, қонақтар! Той жиынсыз өмірдің мәні болмас. Арамыздан талпынып қанат қақты, Мінекей,оң-солын таныған жас.
Алдарыңда сан тару жолдары тұр, Бәрі ертеңгі азамат бағалы тұр. Мектеп- кеме есігін ашпақ мәне, Келген қауым, кел соғып қолдаушы бір.
-Құрметті ата-аналар, қадірлі болғын түлектер! «Қош бол, балабақша» атты қоштасу салтанатына қощ келдіңіздер! - Алтын ұя балабақша табалдырығынан ұшқалы тұрған. «Қарлығаш» ересектер тобының түлектерін құрметпен ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар! Залға балалар шар ұстап музыка әуенімен кіреді. Барлығы: Жақсылыққа құмармыз, Жақсы адам боп шығамыз. Таза сәби жүректен, Қабылдаңыз мың алғыс! (шарларын жібереді) Тәрбиеші: Бойы да өскен, ойы да өскен, шат бәрі, Барлығы да балабақшамыздың мақтаны. Еркелеген кешегі ұяң балдырған. Ұл-қыз болды талап отын жандырған – дей отырып бүгінгі түлектермен таныс болайық. Мақтанышы балабақшамыздың Мөлтен Ақырын басып, ізетпен сөйлеген. Өзі әртіс, тумысынан дарынды, Ауданымызда өнерімен танылды. Жолың болсын жас өркен, Жүрсең сен қайда да!
Қандай да болсын игі іс, Онсыз сірә бітпейді. Гүл жайнаған Мерейді Жауқазын гүлге теңейді.
Қабілетті, сымбатты, Дарынды біз де бар жігіт Ақылмен іс тындырар Нұртөре нағыз нар жігіт.
Биязды біздің Дидар деп, Мақтан еттік бәріміз Инабатын, ізетін, Үлгі етеміз бәріміз. Салмақты бізде бар ұлан, Мінезі жайлы, жас қыран. Ата-ана қойған әлпештеп, Есімі оның- Сабырхан.
Армысыздар, жас достар! Армысыздар, ата-ана! Болашаққа жол бастар, Алина келеді ортаға.
Құтты болсын, нұрлы таңда Қадамың сенің Мадияр Сен туғанда той-думанға, Бөленіпті ауылың.
Ән салудан жалықпайды, Шаршамайды сірә бір. Жәмиланың өнері көп Сырын терең ұға біл.
Балдырған ғана болса да, Елді аузына қаратар, Бексұлтан бала сүйкімді. Сымбаты оның көз тартар,
Мың бұрала билеген, Аруды кім сүймеген. Аружан біздің қалықтап, «Ұлттық биді» билеген.
Білімді бала Данияр, Әрқашан жүрер күлімдеп, Жамандыққа жаны қас. Адалдықпен алға бас!
Бойыңда от бар екен, Жүрегіңде шоқ бар екен. Ернар осы шақты өшірмей. Жалындап, лаула сен ертең.
Тілі балдай баланың Талабына жарық бер. Әміржан біздің сөйлесін, Сенің нұрың сөнбесін.
Ақ көйлегі үстінде, Би билейді «Айгөлек» Мың бұралып Айкөркем Шаршамайды дөңгелеп.
Бақ болар бәлкім, қазаққа, Жанында жалау алау бар. Біздің ересек тобында, Иманғалидың орны даралау.
Көңіл –күйін, мінезін, Келгенде байқап білеміз. Айтарымыз Сандуғаш Еркесі ғой үйінің .
Әкеден ұлы ұғыпты, Әкеден әдеп, қуаныш, Еркебұлан ұяң, ұқыпты. Білімді бала мақтаныш.
Айтқанда әнді әуелеп, Ерекше шығар әуені. Кәусарымыз- әнші қыз Мақтанышымыз бәріміз.
Білімсіз ойы толмасын, Біледі өршіл ол ғана. Есімі Нұрқанат болғасын Жігерлі, өткір бұл бала.
Терең ойдың шыңы мен. Түбіне бір жетердей. Бекхан біздің оқиды. Тіпті басын көтермей.
Томпиған тойған қозыдай, Сабақты тез меңгерген. Жақсылықты жөн көрген, Ата-анасы Ажарға Жақсы есім теңгерген.
Тәрбиеші: Есейіп міне, балалар, Мектепке кетіп барады. Тақпақ айтып бір-бірден, Қимай кетіп барады,-дей отырып, балаларды ортаға шақырамыз.
Сабырхан: Қуанамыз, сыйлаймыз, Қуаныштың мың гүлін. Бақшамызбен қимай біз. Қоштасатын күн бүгін. Айкөркем: Балабақша базарлы үй, Көшедегі ажарлы үй. Шаттығы бар шуақты, Өз үйіміз сиақты. Мадияр: Балабақша есігін, Үшке тола ашқанбыз. Едік аппақ нәресте. Көп-көп бөбек көргенде, Жұбанғаным есімде. Ажар: Балабақша, балабақша. Шаңырағы шаттықтың Балабақша қорғанышы, Балғын сәби жастықтың. Еркебұлан: Оқимыз, білім аламыз. Болашақ жолын саламыз. Бақшаменен қоштасып, Мектепке біз барамыз. Жәмила: Жүзің жылы, шуағың кең, Сенен түлеп ұшамын мен, Өзің берген білімменен Биіктерге шығамын мен. Бекхан: Өсті міне бойымыз. Өсті міне ойымыз. Қуанышқа ортақпыз, Құтты болсын тойымыз. Сандуғаш: Бұл қуаныш себебін, Бізге қарап ұғарсың. Ержетті деп бөбегің, Туған Отан қуансын. Ортаға «Білгішбек» келеді. Білгішбек: - Балалар,сәлеметсіңдер ме! Мен сендерге ақ жол тілегелі келіп, мерекелеріңе арнайы келдім. Барлықтарыңды өз әлемі ме шақырамын. Менің достарым боласыңдар! Бізді алда биік асулар күтіп тұр, келісесіңдер ме? Балалар: -Ия Сол кезде велосипедпен Жалқаубек келеді. Жалқаубек: -Ой, мұнда не болып жатыр? Кеттік, балалар, ойнауға, далада қызық болып жатыр, кеттік. Тәрбиеші:- Жалқаубек, сенің мұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе? Сенде биыл мектепке барасың ғой, Қарашы, мына Білгішбек қандай бал болғанын, сенде талпынуың керек емес пе? Жалқаубек: -Ой, мына Білгішбек мұнда не істеп жүр, бар өзіңнің мектебіңе. Балалар менің досым болады. Біз мектепке бармаймыз, аналарымыз, әжелеріміз оқиды, басымызды ауыртпаймыз. Тәрбиеші:- Қой, Жалқаубек біздің балалар мектепке әзір, бүгін балабақшамен қоштасып жатыр, сен апаңнан қалмай жылап, балабақшаға келмей жүргенде біздің балалар бәрін оқып,біліп алған. Кәне , отыршы көресің. Білгішбек: -Апай, мен балалармен «Ия,ия», «Жоқ,жоқ»ойынын ойнап көрейінші, балалар мектепке дайын ба? Кілең бестік аламыз ба? Мектепке біз барамыз ба? Ақылды бала боламыз ба? Нан жеймін деп жылаймыз ба? Ертеменен тұрамыз ба? Сабақта отырып ұйықтаймыз ба? Ойыншықтармен ойнаймыз ба? Екі алған да жылаймыз ба? Жақсы оқушы боламыз ба? Жалқаубек: -Ой, балалар, апаларың да, мамаларың да шаршамайды ғой, бармаңдар мектепке. Тәрбиеші: -Олай болса, ата-аналармен мен де «Ия, ия » «Жоқ, жоқ» ойынын ойнап көрейін. Балаңызға әрқашан тірексіз бе? Тамағын уақытылы бересіз бе? Сабақ оқып, есепке жүйріксіз бе? Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба? Оқыту мұғалімнің жұмысы деп кері тартпа сөзді айтасыз ба? Сериал көріп жатасыз ба? Сен оқыт, мен оқыт, шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба? Бала үшін асулардан асасыз ба? Тәрбиеші: Рахмет, көп-көп. Балаларымыз көңілді, Шақырамыз ортаға , Тойымызға сән берген Тобымыздың қыздарын. Би: «Гүлдер биі»
Тәрбиеші: Өтті қызық көп күндер, Алты жасқа жеттіңдер, Барасыңдар мектепке, Бір белестен өттіңдер. –деп келесі келесі кезекте бүлдіршіндеріміздің ыстық лебіздерін тыңдаймыз. Иманғали: Шаттанамын, бүгін мен шаттанамын, Білім сырын түсініп, мақтанамын. Осы сырды үйреткен «Күншуағым» Түстей болып, бүгін міне, артта қалдың! Мерей: Біз енді балабақшамен қоштасамыз. Жолына гүл мен қоса жыр шашамыз. Білімнің бұлағымен сусындаған Көптеген кітаптармен достасамыз. Ернар: Бақшамен қош айтысып қаламыз. Енді қолға басқа кітап аламыз. Ата-ана! Қуанышқа ортақ боп, Сауатты боп шықты міне, балаңыз! Кәусар: Детский сад! Детский сад! Да, уходят дети. Детский сад слезы льет- Что держать в секрете. Нұртөре: Енді міне, сағымдай боп өте шықты, Үш жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті?! Тәрбиеші апайлар мына бізден Жасады азамат бір-бір мықты. Амина: Балабақша, балбұлағым, Алдым сенен білім нәрін. Тақпақ жаттап, ән айтып, Алғысымды жаудырамын. Аружан: До свиданье, Детский сад! - Все сегодня говорят И родители, и дети. Трудно всем в минуты эти. Нұрқанат: Болдық кіп-кішкентай балдырған, Еркелікпен талай есті тандырған. Сәби қылық бойымызға жарасқан. Сол нәрсеге төбелескен таласқан. Тәрбиеші: -Міне, балалар, сендер көптен күткен қимастығы мен қуанышы бірдей мерекелерің болып жатыр. Осы қуанышты күндеріңді құттықтауға өздеріңнен бір жас кіші құрбыларың келіп тұр. Нұрдәулет: Мектепке енді барыңдар Кілең бестік алыңдар. Жақсы оқып сабақты, Кілең бестік алыңдар. Кәусар: Тауды бұзып, тас жарып, Мұхиттарды жалғаңдар, Күллі әлемді шарлаңдар. Ғарышқа да самғаңдар. Ән: «Біз мектепке барамыз» Тәрбиеші: Бізден ұшып, талмай қанат қағыңдар, Жүректерден арман отын жағыңдар. Жақсы оқып, алтын ұя мектепте, Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар. Би: «Буратино» Тәрбиеші: Ұшырса да өмірдің сан түлегін, Ұстаз-ғалым, таластамас мәңгі сын, Тыншымайтын асыл жандар аяулы. Тыңдаңыздар түлектердің алғысын! –деп балғындарға сөз кезегін береміз. Данияр: Ұстаздардың ұстазы, Тәрбиенің ұстасы Директор апайға, Ырза ата-анада Қамымызды ойлаған Жамал апайға мың алғыс! Мерей: Жайдары жүз ай қабақ, Жүреді бізді аймалап, Тобымызға жиі келіп Білгеніңді сұрайтын, Ақыл айтып тұратын Анар апайға көп рахмет! Әміржан: Еңбек етсең еңселі, Сырты менен ішіне, Балабақша қызметін, Иығына көтерген, Қоймашы Бисен ағайға көп рахмет! Мөлтен: Жазу жазып үйреткен, Әріптерді оқытқан Санамақты жаттатып, Санауды бізге үйреткен Жақсы болсақ қуанған Дидар: Денсаулыққа болаттай, Ауруларды жолатпай, Күндей болған әбігер, Қамқоршымыз дәрігер, Дәрігер Гүлжанат апайға мың алғыс. Жәмила: Өнерді біз сүйеміз. Шетімізден шеберміз. Бал татыған әндерді Мың бұралған билерді Үйреткен Азима апайға мың алғыс. Еркебұлан: Бізді баптап қараған Күлімдеген жақсы адам, Ақ төсекке жатқызған Басымыздан сипаға. Күтуші Камила апайға көп рахмет. Бексұлтан Дене шынықтыру сабағын, Асыға күтіп тұрамыз. Топ ішінде далада, Бірге ойнап жүреміз. Үйреткен Жамбыл ағайға Рахмет бізден айтамыз. Ән: «Үйретеді» Тәрбиеші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде, Бишілер билеп кетер тербетіле, Аққудай қалықтаған теңіздегі , Балғындар өнерлерін көрсетеді. Би: «Вальс» Тәрбиеші: Бақшамыз өркендесін, өссін деп, Асқар таудың шыңдарынан өтсін деп, Ерінбей еңбек еттіңіздер, «Ана» болып кеттіңіздер, Алғысы шексіз түлектің Бас иіп сізге келеміз. Ақ ниет арнап жүрекпен Сәт-сапар бізге тілеңіз. –деп ортаға балабақша әдіскері Турбекова Анар Бақытқызын шақырамын. Келесі сөз кезегі ата-аналарға беріледі. Ата-аналар тілегі тыңдалады. Тәрбиеші: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді, Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды, Бізден ұшып қанат қағып есейіп, Өздеріңмен қоштасатын күн туды. Бәріңді де сәбиім деп сүйетін, Өздеріңді сағынып біз жүрейік. Құтты болсын қадамдарың аттаған, Біз сендерге сәтті сапар тілейік! «Қош бол, балабақша!» атты ертеңгілігімді аяқтаймыз. Сәт сапар, Жас түлек. Сау болоыңыздар, Жолдарың болсын!