Мотива-циялық - қозғаушы | Педагог өлең оқиды: Табиғат егіз адаммен, Ұқсастық табам содан мен, Мәңгілік болсын егіздер Жер – Ана, көл, теңіздер. -Әр адамның өз үйі бар. Әр жануардың да өз үйі бар. Жәндіктер, гүлдер, ағаштардың да өз үйі бар. Балалар , осылардың бәріне ортақ үйді қалай атайды? | -Бәріне ортақ үй «Жер» деп аталады. |
Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік | Балаларға жұмбақ жасыру: Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр, Дабылдатып дабылын ол қағып тұр, От жағып, дабыл қағып тұрғанында, Сабалап төмен қарай су ағып тұр. -Ол не екен балалар? -Балалар жаңбыр, найзағай – олар табиғи құбылыстарға жатады екен. Табиғи құбылыстар әр түрлі болып келеді. Жайбыр жауса жерге шөптер шығады, шаң – тозаң болмайды. Алайда жаңбыр көп жауса, адамға келтірер зияны көп болмақ. Балалар бүгін біз осы табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы әңгімелеспекпіз. Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеп соғатын немесе денсаулығына, қоршаған орта мен шаруашылыққа зиянын келтіретін жағдайды айтамыз. Төтенше жағдай екі түрлі себептермен болуы мүмкін: табиғи сипаттағы немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және тағы басқалар табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары). Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар: өнеркәсіп, көлік авариялары, өрт (жарылыс), үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыста-рындағы авария туғызған төтенше жағдайлар. Бүгін балалар мен сендерге осы төтенше жағдайлар кезінде қандай сақтық шараларды қолдану керектігі туралы айтып өтемін. Солардың бірі – өрт. Өртке елді мекендердегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр желілері мен ағаш бағаналардағы байланыстар, мұнай өнімдері қойма-ларында және басқа материалдар мен адамдар, ауылшаруашылық малдары өртке шалдығуы мүмкін. Орман алқабындағы шөптерден, бұталардан, ағаш түбіртектерінен, шырпылардан өрт шалады. Ауа райы құрғақ болған жылдары жоғарғы өрт желдің есебінен, ағаштарды өрт шалады. Төменгі өрт тарау жылдам-дығы минутына 0. 1 - ден 3 метрге дейін, ал жоғарғы өрт желдің бағытына қарай 100 метрге дейін жетеді. -Отпен жұмыс істегенде абай болу керек; Қоқысты үйге, аулаға, орманды жерлерге өртеуге болмайды; өрт болған жағдайда телефон арқылы 101 нөміріне қоңырау шалу керек. төтенше жағдайдың бірі – су тасқыны, сел. Су тасқынының негізгі үш себебі бар: жаңбырдың өте көп жаууы, қардың тез еруі мен тұрып қалған мұздардың жылжуы, теңіз суының жағаға ұруы, өзенге судың көп құйылуы. Әсіресе қар еруі ұзаққа созылғанда өте қауіпті. Су тасқыны кезінде: - Үйдегі газды, суды, жарықты сөндіру; - Пештегі жанып жатқан отты өшіру; - Үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне не жоғары қабатқа шығару; - Бірінші қабаттағы есік пен терезелерді тақтаймен не фанермен қағып тастау; - Мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін ашып тастау керек. Кездейсоқ су тасқынында өзіңізбен бірге жылы киім, мүмкіндігінше су өткізбейтін киім, жамылғы, тамақ және басқа нәрселерді алып, рельфтің ең биік жеріне көтеріліңіз, ол жерді ешқашан су баспайды. Егер ол болмаса қайық және т. б. дайындау қажет. Су кеткеннен кейін электр сымдары-нан, зақымданған газ магистралдан сақ болу қажет. Үйге кірер алдында су тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет. Судан табылған заттардан тамақ әзірлеуге болмайды. Сергіту сәті. Қане, қызық ойындар Қатарласа қойыңдар. Отырыңдар, тұрыңдар. Маған мойын бұрыңдар. Қолымызды жаяйық Құстай қанат қағайық Аяқты бір басыңдар. Қане, тағы, тағы да Қол соғайық жабыла Қане, тағы, тағы да Төтенше жағдайдың тағы бір түріне жер сілкінісі жатады. Жер сілкінісін алдын ала болжап хабарлайды, алдын ала дайындап қою керек: - рюкзак немесе сөмкеңізді, құжаттарды; - үш күнге жететін тамақ пен суды; - жылжымалы электр фонары мен сөмкені; - алғашқы медициналық дәріханасы мен медикаменттерді; - жылы киім мен аяқ киімді; Есте сақтаңыз: жер сілкінісі басталған кезде үрейленбей және басқалардың үрейленуіне жол бермеу керек; - Газ, су және жарықты сөндіру керек; - Жер сілкіну төменгі баллмен жай болса, онда сол жерде тұрыңыз, қорықпаңыз, күтіңіз; егер күшті жер сілкінісі болған кезде үй ішінде болсаңыз: - Ішкі қабырғаның қауіпсіз жеріне, бұрышқа, есіктің жақтауына, ваннаға жату керек; - Екінші не одан жоғары қабатта болсаңыз ол жерден ешқайда кетуге болмайды; - Кереуеттің, столдың астына кіру керек, себебі бұлар құлайтын заттар мен сынықтардан қорғайды. Ауыр жиһаздар мен терезелерден аулақ ұстау керек, лифтіні пайдалануға болмайды екен. Жер сілкінісінен кейін: - Қажет адамдарға алғашқы жәрдем көмегін көрсету керек; - Зардап шеккендерді үйіндіден шығаруға көмектесу керек; Жол жүргенде, жай уақыттың өзінде адамдар теледидар мен радиодан берілген ақпараттарға құлақ түре жүргені дұрыс. Гидрометорталығы бұқаралық ақпарат орталығы арқылы қар көшкіні, сел, су тасқыны, жер сілкіну қауіп қатері туралы тұрақты алдын ала ескертіп отырады. Ондай жағдайларда алдын алу шаралары жүргізіледі. -Балалар, біз күннің екінші жартысында от пен су туралы мақалдар жаттаған болатынбыз. Қане кім тақпақтар айтады. | -Жаңбыр, Найзағай.
Балалар төтенше жағдайлар туралы түсінік алады.
Балалар өрттің адамға келтірер зияны туралы әңгімені тыңдайды.
Балалар су тасқыны туралы түсінік алады, олардың қалай пайда болатынын, сақтық шараларын тыңдайды.
Балалар өлең жолдарына сәйкес қимыл – әрекет жасайды.
Балалар жер сілкінісі туралы әңгімені тыңдайды, сақтық шараларын естеріне сақтады.
Балалар тақпақтар айтады. Райымбек: От басына өрт салма Ойын түбі – от Нұр: От жақпа пісерсің, Ор қазба түсерсің. Уізипа: Отпен ойнама,күйерсің. Зұлқарнай: Ойын түбі–от. Аққу: Отын деген шөп болар, Жинай берсең көп болар. Дінмұхаммед: От жақпа-пісерсің, Ор қазба түсерсің. Мерей: Сумен ойнама –батарсың, Отпен ойнама –күйерсің. Жұбаныш: От пен су –тілсіз жау. |