Просмотр содержимого документа
«?келер бізде ?она?та (круглый стол)»
Тақырыбы: «Әкелер бізде қонақта».
Мақсаты: Балабақшамен ата – ананың арасындағы қарым – қатынасты, ата – анаға деген құрмет сезімін нығайту,ата – ананың бала тәрбиесіне , оның тәртібіне ықпал етуіне көмектесу, ата – ана белсенділігін арттыру.
Түрі: дөңгелек үстел
Қатысушылар: әкелер
Көрнекіліктер: ақ шар, акварель бояу, қалам.
Кіріспе:
Жүргізуші: Құрметті әкелер сіздерге арналған «Әкелер бізде қонақта» атты кездесуімізді бастаймыз.Әр шаңырақта әкенің орны ерекше , әке отбасының асыраусшысы , отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез құлқы , өзгелермен қарым – қатынасы, өнерімен білімі баланың көз алдындағы үлгі өнеге алатын оған қарап өсетін нысанасы . Отбасының пейіл береке ,ынтымағы үшін отағасының әділ болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік мәні де зор. Ер бала әкесімен сырлас , жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады . Ер баланың осіп жетілуі , өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына , қоғамдағы өз орынын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Отбасының ұйытытқысы , берекесі , мейір – шапағат көзі – әке .
Құрметті әкелерімізге зор денсаулық , жанұяларыңа мол бақыт , еңбектеріңе жеңіс тілеймін.
Жүргізуші: Бүгінгі кездесуіміздің жоспарымен таныстырып өтейін .
1). Тренинг – сабақ
2).Бүлдіршіндердің тақпағы мен әні .
3).Үй тапсырмасы шығарма
4).Сұрақтар
5).Балабақша өмірі туралы слайдтан көрсету .
6).Ата – ананың өз өнері .
Жүргізуші: I Танысу тренингін бастаймыз .
« Ол үй » - деп аталады.
Қажетті құралдары А4 парағы , бояуы.
Ата – аналар мен сіздерге ақ парақпен бояуды беремін .Ақ параққа үйдің суретін салу керек, салған үйіңіздің бірнеше терезесі болуы шарт, үйді салып болғаннан кейін , сол терезелерге отбасы мүшелерінің аттарын жазыңдар. Өз отбасыларыңмен таныстыруды сұраймыз .
Психолог: Сіздердің өз отбасыларыңызбен толық таныстық.
II ойын: Ол « ата – ана мейірімі » - деп аталады.
Енді ақ параққа гүлдің суретін акварель бояуымен саламыз. Осы гүлдерге балаңызға деген сүйіспеншіліктеріңді жазып, өз пікірлеріңізді білдіру керек.
III жағдайат: Ата – аналар үш топқа бөлінеді .
1 сұрақ . Балаларыңыздың өнері қандай да бір іске қызығушылығы , бейімділігі байқалса , не істер едіңіз?
2 сұрақ . Баламен сөйлесе білуде улкен өнер. 4 – 6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қояды. Сіздің балаңыз осындай сауалдарды көп қойса жауап беруге тырысасызба, жоқ әлде елеусіз қалдырасызба?
3 сұрақ . Кейбір ата – аналардың баласының әрбір істеген іс – әрекетіне көңілі толмай « сен сала алмайсың , сен істей алмайсың » - деп айтып жататынын байқаймыз . Бала іс – әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
IV тілек: отбасы туралы тілек айту.
Жүргізуші: Енді кезекті бүлдіршіндердің тақпағымен әніне берейік .
Айгөлек тобының булдіршіні:
Рахман: Әкем менің асқар тауым тірегім,
Бәрінен де сен қымбатсың білемін .
Қанат қағып кетсем алыс қияға,
Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім.
Ақбота: Сәулелі сөз сөне ме,
Орыны бөлек батаның.
Бізге тәлім өнеге,
Ақ тілеуі әкенің.
Ақмоншақ: Асқар тауым аман жүр, аяулы әкем
Жақсы өнеге бердіңіз мақтан етем.
Кіп – кішкентай жүрегім сендіреді,
Мен өзіңді әкетай бақытты етем.
Жүргізуші: Жауқазын тобының бүлдіршіні.
Мәди: Сізсіз әке – ең ақылды ең шыншыл
Сізсіз әке – ең жақыным ең сыршыл,
Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің .
Жанымдасың қамқорымсың білемін ,
Қабыл алғын бала жүрек тілегін.
Айқынбек: Шаршаса да сыр бермеген әкешім,
Сен мен үшін еңбек сүйгіш әкесін.
Өзіңде үлгі, ісіңде үлгі ұлыңа,
Кім суймейді болса өзіңдей әкесін.
Жүргізуші: Бүлдіршіндердің орындауында « Әке – ана » атты әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Ата – аналарға Отбасы туралы шығарма жазып келу тапсырылған еді .Сол шығармаларды оқып шығайық.
Ата – аналар өз шығармаларын оқиды.
Жүргізуші: Менің дайындаған бірнеше сұрақтарым бар соған жауап берейік.
1 сұрақ . Мақал – мәтелді жалғастыр.
( Ата – баланың қорғаны )
( Атаға баланың алалығы жоқ )
( Бала – балым,баланың баласы жаным )
2 сұрақ . Мақалды жалғастыр.
( Ағайында өкпе бар, кек жоқ )
( Ағайын тума кімде жоқ, сыйласпаса одан жат жуық )