kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ханталапай разработка для воспитателей

Нажмите, чтобы узнать подробности

ханталапай это интеллектуальная игра для детей7 с помощью воспитателей игра  очень стоновиться веселеее

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ханталапай разработка для воспитателей»

тәрбиеші: Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті, амандасып алып, шаттық шеңберін құрайық.



Көңіл күйлерің қалай?



Жақсы тілектерін айтқан балалар сары түсті шеңберді айналып шаңырақты, күнді бейнелейді. Шеңбердің ортасына жиналып бір үйдің, бір Отанның баласы екендерін көрсетеді.



Балалар ата мен әже ауылына саяхатқа барғыларың келе ме?



Саяхатқа қандай көлікпен барған жақсы?



Балалар, менде бір ой бар. Саяхатқа ертегілерде болатын ұшатын кілеммен барсақ, қалай ойлайсыңдар, сендерге ұнай ма?



Бұл – сиқырлы кілем, көзіңді жұмып-ашсаң қалаған жеріңе апарады.



Қане, кілемге отырып, көзімізді жұмып, 1-ден 5-ке дейін тура және кері санайық, көзімізді ашқанда ата мен әженің аулында боламыз. (Балалар көзін жұмып отырғанда, ұлттық нақышта безендірілген керегенің жанына төселген көрпеге аталар мен әжелер келіп жайғасады)



Ата: Балалар, қош келдіңдер!



Тәрбиеші: Ата, әже, балалар сіздерге арнайы өз өнерлерін көрсету үшін қыдырып келді, оларға батаңызды беріңіз.

Ата:



Жортқанда жолдарың болсын,



Қыдыр ата жолдасың болсын.



Осы тұрған балалар,



Мәңгілік елдің білімді ұрпақтары болсын!



Әумин!



Балалар, қарттарға өнерімізді көрсетіп «Ханталапай» ойынын ойнайық. Мен сендерді ойын ережесімен таныстырайын.

«Ханталапай» ойыны асықпен ойналады. Асық төрт түлік малдың асық жілігінде болады. Сиыр, қой, ешкі малдарының асық жілігінен алынады. Бірақ асық ойыны тек қана қойдың жілігінен алынған асықпен ойналады. Сиырдың асығы тым үлкен болса, ешкінің асығы кішкентай болады. Сондықтан біз ойынға қой малынан алынған асықтарды таңдап алдық. Асықтар түрлі-түсті. Осы асықтардың ішінде ерекше аспан түсті асық «Хан» асығы деп аталады. Қане, шеңбер жасап дөңгелене отырамыз. Мен «Талапай-ау, талапай, табылды ойын алақай» деп қоржындағы асықтарды ортаға шашамын. Сендер «Ханталапай» деп дауыстап, асықтарды таласып бөліп аласыңдар және жинаған асықтарыңды санайсыңдар.

Әр бала 5 асықтан тігіп, ойынға қатысады. «Хан» асығы қолына тиген бала ойынды алғашқы болып бастап, асықтарды атады. Тигізген асықтарын ұтып алады. Тигізе алмаған жағдайда тапсырмаларға жауап береді. Егер бала тапсырмаға жауап бере алмаса, басқа балалар көмектеседі.





Тапсырмалар:



Төрт түлік малды ата.



Қазақстанның рәміздерін білесің бе?



Астанамыз қай қала?



Түйе малының төлі қалай аталады?



Кереге, шаңырақ қандай үйлерде болады?





Тәрбиеші: «Ханталапай» ойынын ойнадық, енді мергендіктеріңді сынайтын кез келді. Қатарға тізілген асықтарды белгілі бір қашықтықтан көздеп атасыңдар. Көп асық атып құлатқан бала жеңіске жетіп, ата мен әженің сыйлығына ие болады.



Балалар, сендердің ойындарың ата мен әжеге, келген қонақтарға ұнады, ризашылықтарын білдіріп, қол шапалақтап жатыр. Ал сендердің өздеріңе ұнады ма?



Біздің ата-әжелеріміз сендер секілді теледидар қарап, телефон ұстаған жоқ. Олар балалық шақтарында асық, ақсүйек, арқан тартыспақ ойнап, алтыбақан тепті. Сендердің міндеттерің сол – ата-бабалардан қалған ұлттық ойындарды жаңғыртып, ұмытпай, өз кәделеріңе жарату. Таза ауада ойнау, жалаң аяқ жүгіру – денсаулықтарыңа өте пайдалы. Бүгінгі күндерің өздеріңе ұнаса, ата-әжемен, қонақтармен қоштасып, тобымызға қайтайық. Ол үшін ұшатын кілемімізге отырып, 1-ден 5-ке дейін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде санап, көзімізді жұмып отырсақ, көзімізді ашқанда тобымызда боламыз.



Балалар, бүгінгі ойындарыңа мен де өте ризамын. Ойынға бәрің де жақсы қатыстыңдар. Менің сендерге арнаған сыйлығым бар. Мына әдемі жұлдызшаларды сендерге тарту етемін. Ол ерекше жұлдызша, себебі ол тәтті.



Сау болыңыздар! Рахмет.



Жеткен нәтиже:



Ұлттық ойын түрлерімен, соның ішінде «Ханталапай» ойынымен танысып, ойнап үйренді. Кездескен қиындықтарды бірлесіп шешуге, ұйымшылдыққа ұмтылды. Шапшаңдыққа, мергендікке дағдыланып, ойлау қабілеттері дами түсті.

Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар балалар, қараңдаршы, мен сендерге мына қоржын толы асықты жинап әкелдім. Біз қазір «Ханталапай» деп аталатын қазақтың ұлттық ойынын ойнаймыз. Ол үшін бізге көп асық және бір қызыл түске боялған асық керек. Бұл қызыл асықты «хан асығы» деп атаймыз. Балалар, сендер асық атауларын білесіңдер ме?



Асық атауларын - бүк, шік, тәйке, алшы – деп атайды.



Ұл балалар асық ойындарын ойнаса, қыз балалар бестас ойындарын ойнаған.

Олай болса ойынымызды бастамас бұрын ұлдарымызға қыздарымыз сәттілік тілеп қазақтың ұлттық биін тарту етпекші. Қабыл алыңыздар!



Ойын шарты: «Талапай - ау, талапай, табылды ойын алақай» - деп, қоржындағы асықтарды отырған балалардың алдына шашады. Балалар жарыса «Ханталапай» деп дауыстап, асықтарды таласып, бөліп алады. Жинаған асықтардың ішінен әр бала ойынға бес асықтан тігеді. Хан асығы қолына түскен бала алғашқы болып ойынды бастайды. Сонымен бірге балалар бүк асықпен бүк асықты, шік асық пен шік асықты ату арқылы мергендік танытып, асық жинайды. Асықтарды бір - біріне тигізе алмаған жағдайда ойын жүргізушінің сұрақтарына жауап береді. Екінші рет тигізе алмаған жағдайда ойын кезегі келесі балаға беріледі. Ойын осылайша жалғаса береді. Ойын соңында хан асығын ұтып алған бала жеңімпаз атанады.



Тәрбиеші балаларға ойын шартын түсіндіріп, ойын алаңына шақырады

Балалар шеңбер сызып, асықтарын тізіп ойын ойнайды.

Ойыннан көріністер:



"Қазақты танимын десең дәстүріне қара "- демекші, бүгінгі "Ханталапай" ойынымызда өз мәресіне жетіп қалды.

Балалар ойынға қызығушылықпен қатысты. Ойын жеңімпаздарын анықтау үшін әділ - қазыларға сөз береміз.

Ойын жеңімпазы анықталған соң әділ - қазылар алқасы ептілігімен, шапшаңдығымен, білімімен, қырағылығымен көзге түскен балаларды - «Мерген бала», «Зерек бала», «Алғыр бала» деген номинациялары бойынша марапаттайды.

Марапатталған балалар:

Мерген бала: - Шаттықұлы Ербұлан

Зерек бала: - Асылғазы Шуақ

Алғыр бала: - Адилбек Мадияр.



Ата: Амансыңдарма, балаларым. Мен сендерге бір қоржын асық жинап қойдым. Бұл асық қой малының асық жілігінен алынады. Соның ішінде құнан қойдың асығы ірі болады. Сондықтан оны сақа асықдеп, асықтардан ерекшелеп қызыл түспен бояп қояды. (асықпен ойнату үшін тәрбиешіге бір қоржын асықты ұсынады).





Тәрбиеші: Рахмет, ата. Балалар қараңдаршы, бізге ата мына қоржын толы асықты жинап қойған екен. Біз қазір «Ханталапай» деп аталатын қазақтың ұлттық ойынын ойнаймыз. Ол үшін бізге көп асық және бір қызыл түске боялған асық керек. Бұл қызыл асықты «хан асығы» деп атаймыз. Балалар, сендер асық атауларын білесіңдер ме?

Жүргізуші: Салт – дәстүрім жарасса,

Қайта құрып жаңаша.

Жарасса өнер көрсетіп,

Той тойлайық тамаша

Жаңғырғаны сананың,

Ұмытады мұны кім?

Ата – салтын бабамның.

Алып келді Ұлыс күн.

Алдар көсе: Ол ойын «Ханталапай» деп аталады. Қанеки сендер шеңбер болып отыра қойыңдар.

Балалар шеңбер болып отырады.

Жұмбақ жасыру:



Екі ішекке бір тиекті қондыра,



Ойнаймыз біз қолымызды талдыра.



Білсең егер айта қойшы балақан ?



Бұл қай аспап,бұл кәдімге – (домбыра)

Балалар шеңбер құрып отырады.



Ал сендер қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?



Күрес, ақсүйек, қыз қуу, тоғызқұмалақ, орамал тастамақ, арқан тартыс, алтыбақан, ханталапай.



Тәрбиеші:- Балалар, қазір біздер ұлттық ойын «Ханталапай» ойынын ойнаймыз.



-Бұл асықтармен ойналатын ойын .Бұл мергендікті,ептілікті, төзімділікті, алғырлықты, зейінділікті талап ететін ойын. Сондықтанда ойын ережесін мұқият тыңдап алыңдар .



Ереже мынадай: Асықты сұқ саусақтың сырт жағымен ату, атқан қолмен асықты алмау, ойын үстінде сөйлемеу, артық қимыл жасамау керек. Ойынға бес асықтан тігіп ойнайсыңдар. Қазір мен «Талапай-ау,талапай,табылды ойын алақай» деп асықтарды сендерге қарай шашамын сендер асықтарды жинап аласыңдар, хан асығы кімде болса , сол бала ойынды бірінші болып асық атып бастайды.Тигізген асықтарын оң қолмен емес сол қолымен алады.Тигізе алмаса мен сұрақтар беремін егер де сол сұраққа жауап берсе ойынды жалғастырады ,жауап бере алмаса кім дұрыс жауа


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ханталапай разработка для воспитателей

Автор: Ермекбаева Анар

Дата: 14.04.2023

Номер свидетельства: 629607


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства