Просмотр содержимого документа
«Келді, міне, алтын күз»
«Келді, міне, Алтын күз!» аттыертеңгілік.
Мақсаттары:
Балаларды күз әлемімен таныстыруды жалғастыру.
Ойын, ән, билер арқылы балаларға күзгі мерекелік көңіл-күйлерін сыйлау.
Табиғатты сүйіп, қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Дауыс:
Міне, өлкемізге алуан түсті жапырақтарымен толқып, билеп күз мезгілі де жетті. Күздің келуін бәріміз де асыға күттік. Ал, алтын күз маусымы бізге жылдағыдай мол өнімдерін сыйға тартуда. Солай емес пе, балалар? Ата-аналарың бақшаларындағы көкөністері мен жемістерін жинауда болар?
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! «Айналайын» МД тобының «Келді, міне, Алтын күз!»мерекесін бізбен бірге өткізуге қош келіпсіздер!
Бүгін мейрам, бүгін той
Қуаныш күн, біліп қой
Күзгі бақта сыңғырлап
Алақанды ұрып қой.
Әуен ойналады
Жүргізуші:
Бүгінгі мерекенің басты кейіпкерлерін қарсы алыңыздар!
Әуенмен балалар залға кіріп, тізіліп тұра қалады
Жүргізуші:
Қонақтардың да көңіл-күйін көтеру үшін қолдарымызды бұлғап амандасайық,балалар!
Балалар қолдарын бұлғайды
Жарайсыңдар балалар!
Жүргізуші:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Қуандырып біздерді
Жемісті алтын күз
Өлкемізге күз келді
Кемелденсін халқымыз.
Көбейді құт береке
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Күзгі жаңбыр әуенімен Бағбаншы кіреді.
Жүргізуші: Сіз кімсіз? Қайдан келдіңіз?
Бағбаншы: Бақша, бақты күтетін бағбаншымын. Балаларды мейрамымен құттықтауға келдім. Ал сендер неге жалғызсыңдар? Күз ханшайымы қайда? Жүргізуші: Біз сізбен келеді деп ойладық. Бағбаншы:Мен күз ханшайымын көрген жоқпын, ол орманда адасып қалған шығар.
Жүргізуші:
Келіп қалатын шығар тосайық, оған дейін балалардың орындауында бір ән тыңдаңыз!
Ән: «Алтын күз»
Бағбаншы: Балалар мен бір ойын білемін , бірге ойнайық.
Ойынның аты: «Шалшықтардан өтейік»
Ойын шарты:
Зал ортасына обручтар тізіледі, олар – шалшықтар. Балалар музыка әуенімен шалшықтарды айналып өту керек. Қайта орнына барғанда келесі бала жүгіреді.
Жел мен жаңбырдын дауысы Күз бен жел кіреді:
Күз Ханшайымы:
Маған көмектесіңдер, көмектесіңдер. Жел:
Ахалай, махалай, суф !Күзді ұйықтатып тастайын, -деп қара бұлтымен күзді жауып тастайды.
Осы кезде сиқырлы әуен ойнап тұрады
Бағбаншы: Желдін артынан қуады.
Жүргізуші: Жел, сен неге күзді сиқырлап тастадын
Бағбаншы: Күз бізге керек, оны балалар тосып отыр.
Жел: Мен мықтымын, мен шапшаңмын, мен күзді сиқырлап тастадым. Жүргізуші: Біздің балалар да шапшаң!
Ойын: «Тауық пен әтеш»
Ойын шарты:
Балалардың бастарына тауық пен әтештің маскалары кигізіледі.
Екі баладан ортаға шығып, музыка әуені аяқталғанша тауық – қызыл бұршақ, ал әтеш –ақ бұршақ дәнін жинау керек. Қайсысы көп жинаса соның жеңіске жеткені болады.
Бағбаншы: Әне, көрдің бе, біздің балалар қандай шапшаң?
Жел: Жарайды, сендер мықтысыңдар,сендер шапшаңсыңдар, сендер жеңдіңдер. Мен кеттім,сау болыңдар! – деп кетіп қалады Жүргізуші: Күзді бізге қайтар, біздің балалар мерекеге күзді тосып отыр. Нәзік музыка әуенімен Күз оянады.
Күз Ханшайымы:
Мен қайдамын? Сендер кімсіңдер, балалар?
Балалар:
Біз - «Айналайын» тобының балаларымыз.
Күз Ханшайымы:
Бұл жерде не боп жатыр,а? Не деген әдемі балабақша!
Балалар:
Қош келдің, Күз Ханшайымы! Біз сені тостық!
Күз Ханшайымы:
Иә,мен - Күз ханшайымымын.
Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.
Жүргізуші:
Қош келдің,Күз ханшайымы! Төрлет! Бүгінгі мерекеміздің қонағы бол, балалардың өнерін тамашалайық.
Күз Ханшайымы:
Қош көрдік!
Жүргізуші:
Көкөністер мен жемістер өздерін таныстырсын
Ортаға жемістер мен көкөністер шығып, өздері туралы тақпақтар айтады
Өте жақсы, балалар, мені бір жыл тосқандарың үшін рахмет. Мен сендердің өнерлеріңе разымын.Олай болса, балалар, менің сиқырлы орамалыммен бір ойын ойнайықшы?!
Ойын: «Сиқырлы орамал»
Қане, шеңбер құрайық,
Билеп-билеп алайық.
Шыр көбелек айналып,
Теріс қарап отырайық.
Балалар теріс қарап тұрғанда Күз ханшайымы ортаға орамал жабылған себетті қояды. Ал балалар енді бұрылып қарайық.
Күз Ханшайымы:
Орамалды ашайық,
Астында не, қарайық?
Бұл не?
Балалар:
Себет қой!
Себеттің бетін жапырақтар жауып тұрады.
Бірінші себет бос қойылады.
Күз Ханшайымы:
Тағы бір рет ойнап жіберейік, балалар!
Қане, шеңбер құрайық,
Билеп-билеп алайық.
Шыр көбелек айналып,
Теріс қарап отырайық.
Екінші рет ойналғанда,
ол себеттің ішінде алмалар болады.
Күз ханшайымы:
Бұл - күздің сыйы, байлығы, дәм татыңдар! - деп алмаларды балаларға үлестіреді.
Байлығымды жинадым,
Барымды мен сыйладым.
Алға бастар жолым бар,
Аман –есен болыңдар.
1.Күз музыка әуенімен шығып кетеді
Осы кезде жүргізуші су өтпейтін киім киіп,кіріп келеді.Кіргенде жаңбыр мен желдің дыбыс жазбасы ойнап тұрады. Балалардың бастарына көгілдір тамшылардың шеңберлері кигізіледі.
2. «Жаңбыр мен тамшылар» биі.
Билейтін Жаңбыр – жүргізуші, тамшылар - ұлдар
Жүргізуші:Құрметті көрермендер!Біз сіздермен көңілді қоштасқымыз келген еді.Сондықтан осы биді сіздерге арнадық.
Осымен «Айналайын» тобының «Келді, міне, Алтын күз!» атты ертеңгілі аяқталды. Күзге айтарымыз берер сыйы жылдан жылға көп болсын. Елімізде тыныштық, береке болсын!
Көрермендерге арналған тосын сый:
Ал, енді , балалар, көрермендерге арналған тосын сыйымыз бар еді ғой.Ұмыттыңдар ма? Кәне, шарларды ұшырайық! Бұл шарлардың іші бос емес.
ҚР Білім және ғылым министрлігі ШҚО
«Ұлан ауданының білім бөлімі» ММ «Айгөлек» балабақшасы КМҚК