Просмотр содержимого документа
«"Кел, Жаңа жыл біздерге" атты ертеңгілігі»
Тәрбиеші: Сәлем жолдап жерімізге,
Жақсылық тілеп елімізге
Келді бүгін қонақтар
Жаңа жылдық мерекеге, - дей келе бүгінгі жасыл шырша ертеңгілігімізді бастаймыз
Аққала: Балалар, балалар.
Тәрбиеші: Бұл кім екен балалар.? Не болды сонша аптығып, асықпай айтшы
Аққала: Мені Аяз ата жіберді. Сіздерден сүйінші сұрай келдім. Аяз аталарың келе жатыр.Аяз ата келгенше мен сендермен әдемі шыршаны айналып ән айтып алсам қалай қарайсыздар.
Тәрбиеші:Ән айтпастан бұрын біз әдемі шыршамыздың шамдарын жағайық.Кәнекей бәріміз бірге.
Қуант бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат
Қуанышты хабар әкелген екенсің ғой Аққала ендеше біз сенімен бірге әдемі шыршамызды айналып ән айтсақ.
Ән: «Шырша жыры»
Аққала: Жарайсындар балалар әнді жақсы айтады екенсіңдер. Ал енді мен сендермен Аяз ата келіп қалмай тұрғанда ойын ойнағым келіп тұр. Ойынды қалай ойнайды екенсіңдер көрелік.
Ойын: «Аққала» жинау.
Шарты: Тек қана ер балалар шығады ортаға. Аққала қарды лақтырады балалар жерде жатқан аққаланы жинайды.
Тәрбиеші: Аққала біздің бүлдіршіндеріміз әнді де ойынды да жақсы ойнады. Әрі қарай дайындаған тағы өнерлеріміз көп бізбен бірге тамашалағың келеме.
Аққала: Жоқ мына жер ыстық болып кетті еріп кетпей тұрғанда салқын жаққа оралайын. Сау болыңдар балалар жаңа жылдарың құтты болсын.
Тәрбиеші: Енді қарап тұрмайық
Бәріміз бірге дауыспен
Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық
Балалар барлығы айқайлап Аяз ата мен Ақшақарды шақырады.
Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым,
Амансың ба, қыздарым,
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан,
Аталарың сіздерге
Шаршап келді-ау алыстан.
Ақшақар: Алыс-алыс, алыстан,
Көз жетпейтін ғарыштан
Жұлдыздардан самғаған,
Армандардан аңсаған,
Мұхиттардан шулаған,
Дауылдардан тынбаған,
Қырдан дара-қиырдан
Ақшақар келді асығып.
Амансыңдар ма, балалар?!
Тәрбиеші: Аяз ата Ақшақар алыс жолдан шаршап келген шығарсыздар. Демалып отырып біздің бүлдіршіндеріміздің өнерлерін тамашалаңыздар. Ендеше кезекті Аяз атаның кішкентай достарының биін бірге тамашаласақ.
Би: «Санта»
Тәрбиеші: Аяз ата мен Ақшақарға арналған жаңа жылдық тақпақтарына кезек берелік.
Айзере, Жәдігер,Айару, Аяжан, Мадина,Дина.
Айару:Төрімізге ол шыққан
Бақыттымыз сәндіміз.
Жаңа жалды сондықтан
Құттықтаймыз бәріміз.
Жәдігер: Қуант бізді таңырқа
Шамдарыңды жарқырат.
Енжарлықты тастайық,
Жаңа жылды бастайық.
Айзере:Аппақ қыстың бояуы
Аппақ қыстың бораны
Ақ көрпеге орайды
Ақ қар байтақ даланы.
Аяжан: Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап
Мадина: Дед мороз сидит у елки
Прячет голову в мешок
Не томи нас слишком долго
Развяжи скорей мешок
Дина: Дед мороз несет игрушки
И гирлянды и хлопушки
Хороши подарки
Будет праздник ярким
Тәрбиеші: Көз салыңдар әуелі
Шыршамызға мәуелі.
Ал, канеки шырқалсын
Жаңа жылдың әуені!
Ән: «Елочка, не холодно зимой»
Тәрбиеші: Дарытқан бар асылды өз елінен,
Қыз сұлу көрінеді өнерімен.
Құлпырып қазағымның арулары
Өткендей сұлулықтың елегінен.
Би: «Жұлдыз»
Тәрбиеші: Тағы да бүлдіршіндеріміздің Аяз атамызға арналған жаңа жылдық тақпақтарын тамашалайық.
Дияр, Ералы, Эльдина,Дастан,Жанбатыр, Жансая.
Дияр:Жаңа жал, жаңа жыл,
Жаңа жалда, жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.
Ералы:Аяз ата келіңіз,
Тамашаны көріңіз,
Балаларға арналған
Сыйлықтарды беріңіз.
Эльдина: Добрый дедушка мороз
Елку из лесу принес
Мы поднимаем ручки ввысь
Скажем: «Елочка зажгись»
Приходи в наш хоровод
Поскорее Новый год
Дастан: Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде жақсылық
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық
Жанбатыр:
Жүзімде күлкі ойнаған,
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанайық бәріміз.
Жансая: Нью е дэй хапи дэй
Уиа ол глэд эн вери дэй
Уиол дэнс эн син эн сэй
Уэлком! Уэлком! Нью е дэй
Тәрбиеші: Қош келдің, Жаңа жыл!
Қуаныш пен шаттыққа кенелейік,
Жадырап ән шырқап тербелейік.
Төрлет, төрлет халқымның құтты жылы,
Бәріміз дөңгелене би билейік!
Жаңа жыл Ескі жыл келеді ортаға (Доңыз, Ит): Халқым менің!
Жаңа жылмын мен,
Елді шарлап самғаймын.
Бір күн қызық бір күннен
Бола берсін әрдайым!
Жаңа жылдың бастауын
Сендерменен тойлаймын.
Аман болсын халқымыз,
Арта берсін даңқымыз.
Дами берсін үздіксіз
Жақсы дәстүр салтымыз.
Жылып Ит келеді: Халқыма ырыс қондырған,
Түлекке сәтті жыл болған
Мен – ескі жыл Итпін
Ал, Жаңа жыл, қош келдің,
Төрден орын ала біл.
Басқан қадамың құтты болсын,
Ырысың мықты болсын.
Қош, сау болыңдар балалар, ата-аналар.
Барлығы: Қош, сау бол, Ескі жыл!
Тәрбиеші: Ит жылын шығарып,
Доңыз жылын қарсы алар.
Кәне, менің достарым,
Әсем бимен ырғалар.
Кәне, менің кішкентай достарым, келіңдер, тұрмайық, би-билейік, дөңгелене зырлайық.
Тәрбиеші: Қане, балалар, бәріміз Аяз ата Ақшақармен қосылып, шыршаны айнала жүріп ән
айтайық.
Ән: «Кел, кел, Жаңа жыл»
Ақшақар: Жарайсыңдар бүлдіршіндер өнерлерің көп екен. Мен енді әдемі сұлу қыздарыммен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: «Шырша» безендіру.
Тәрбиеші: Тағы да бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына кезек берейік.Адилия,Амира, Даниал, Ерасыл, Дильназ,Мадияр, Айнара
Адиля: Жас ұланмын шыныққан
Жасқанбаймын суықтан
Қардан жасап аққала
Сырғанаймын шаттана
Амира:
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген.
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқаймыз бәріміз
Дилназ:Тамаша,тамаш
Шыршамыз тұр жараса,
Басында әсем жұлдызы.
Көз тоймайды қараса.
Мадияр: Жаңа жылға сәніміз-
Біздің айтар әніміз.
Келдің бе, аман алыстан
Сәлем, Аяз атамыз!
Айнара: Жаз күніндей шуақты
Жыл пейілі қуатты
Ойыншығы тәттісі
Таусылмайтын сияқты
Ерасыл: За окошкам снег идет
Значит скоро новый год
Дед Мороз уже в пути
Принесет он елочку
С Новым годом нас поздравит
И подарки нам оставит
Даниал: Жылдың әнін бастайық
Аяз Ата кеп қалды
Майысады жас қайың
Көтере алмай көп қарды.
Тәрбиеші: Аяз Ата мен Ақшақарға арнап әдемі сұлу қыздарымыз өздерінің өнерлерін көрсетпекші. Ендеше қарсы алып тамашалайық.
Би «Испан»
Тәрбиеші: Аяз ата сізге біздің бүлдіршіндеріміздің дайындаған өнерлері ұнап жатырма. Біздің бүлдіршіндеріміз үш тілде тақпақтарын айтып берді және үш тілде ән де айтады. Барлығымыз бірге Ағылшын тілінде ән орындап берейік.
Ән: «Джингл бэнс»
Аяз ата: Жарайсыңдар балалар өнерлерің көп екен. Маған сендердің өнерлерің қатты ұнады. Мен де сендерге құр қол келмедім сендерге сыйлықтарым бар.
Тәрбиеші: Балалар, Аяз ата бармаған әлі талай асулар бар. Біз сияқты балалар күтіп
отыр. Аяз атаны жіберейік.
Аяз ата: Иә, Ақшақар екеумізді қалада да, далада да өздеріңдей бүлдіршіндер тағатсыздана күтіп
отыр. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Көріскенше күн жақсы!
Ақшақар: Жаңа жыл болсын қуаныш,
Жаңа жыл болсын мереке.
Алдымызда тұрған іс
Өмірге берсін береке!
Бұл күн біздің бәріміз
Қуанатын шағымыз.
Шырша бітті, келер жыл
Кездесерміз тағы біз.
Аяз ата: Қош, сау болыңдар, балалар!
Ақшақар: Сау-саламат болыңдар, достарым менің!
(Әдемі әуен ойналады. Қол бұлғап Аяз ата мен Ақшақар кетеді.)
Тәрбиеші: Мерекеміз Жаңа жыл
Тойында қызық думан бар!
Жаңа жыл – бұл Жаңа өмір,
Сайранда туыс-туғандар
Бақытты болып жыл сайын-
Осылай басты қосайық.
Ашық боп аспан әрдайым
Тыныштық тойын жасайық!
Құрметті ұстаздар, ата-аналар және балалар! Келер жыл әрқайсыңызға жаңа бақыт, жаңа жыр, жаңа табыс, жаңа нұр әкелсін! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!