Просмотр содержимого документа
««?арттарым - асыл ?азынам» (Халы?аралы? ?арттар к?ніне орай ?йымдастырыл?ан концерттік ба?дарлама)»
Тасқала аудандық білім бөлімінің психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті
«Қарттарым - асыл қазынам»
(Халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылған концерттік бағдарлама)
Өткізген: Дефектолог
Кушанов Д.З.
Музыка жетекшісі
Ахметова М.И.
Әлеуметтік педагог
Исламгалиев А.М.
2015-16 оқу жылы
Жүргізуші:
Мерекелеріңіз құтты болсын ата - апа! Көкіректен жыр төгілмей жата ма! Зейнетіне жеттіңіздер өмірдің, Кенеліп бір ілтипатты батаға. Қадірлі ата - әжелер бүгінгі күні біз сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер.Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Бүгінгі салтанатты мерекелеріңізбен құттықтап Тасқала аудандық психологиялық педагогикалық түзету кабинеті мамандары мен тәрбиеленушілері өз өнерлерін алып келді.
Жүргізуші:
Асыл әжем, мақтанышым менің де Қонақ болып отыр міне төрімде. Өзіңе арнап былай тәтті үніммен Ән салатын кезім келді менің де. Асанова Айслудың орындауында «Әжем» әнін қабыл алыңыз. Жүргізуші:
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп, Өз өнерін сіздерге табыстайды.
Билеуді кім сүймеген -дей отырып келесі кезекте Би: «Бескозырка белая» орындайтын Щербинин Ролан Жүргізуші: Гүл - гүл жайнап бәріміз Кірді біздің сәніміз Қарттарымызды тойымен Құттықтаймыз бәріміз. Олай болса «Гномики» балалардың музыкалық аспаптарда ойнайтын өнерін тамашалайық.
Жүргізуші:
Күлімдеген көзіңнен, Айналайын атажан. Не үлкен сый бар бізге, Өзің берген батадан.
Келесі тамашалайтыныңыз Ұлы отан соғысының 70 жылдық мерей тойына арналған ән « Продедушка» Жүргізуші:
Міне біздің балалар ,
Ән салады, би-билеп.
Өнерлерін ортаға,
Алып шықты тағы да.
Сонымен « Плохой хвостик» қуыршақ театырын тамашалаймыз.
Жүргізуші:
Күн нөсерін төгейік, Жырдан моншақ өрейік. Уа, жамағат ал енді, Әнге кезек берейік.
Асанова Айслудың орындауында ән: «Көңілді күн».
Жүргізуші:
Біздің балалар, қандай өнерлі! Рахмет сендерге! Мерекелік шараны аяқтай отырып, «Батамен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» демекші ата - әжелер бата, ізгі ниет - тілектеріңіз болса, сөз кезегін өздеріңізге береміз.