kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қош келдің жаңа жыл.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кыста өткізілетін мереке. Кыс туралы тақпақтар, өлеңдер. Аяз ата мен ақшақардың келуі. Жаңа жылдық тілектер. Силықтар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қош келдің жаңа жыл.»

Зал әсем безендірілген.

Балалар залға кіріп, қимылдар жасап, шапалақтайды.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар сіздерді келе жатқан жылқы жылымен құттықтаймыз.

Кел жаңа жыл, төрле, төрле жеріме,

Құт береке боп келгейсің еліме,

Үміт артып армандарға аяулы

Шаттығына бөлегейсің бізді де.

-Балалар, қараңдаршы қандай әдемі шырша тұр, шамдары жарқырап, әсем безендірілген, бәріміз қол ұстасып ән шырқайық.

Ән: «Кел, кел Жаңа жыл»

Жүргізуші: Аппақ, аппақ жапалақтап

Қар жауады тыңбастан.

Қалың орман қар жамылған,

Маужырайды түнгі аспан.

-Бүлдіршіндердің құттықтау сөздерің қабыл алыңыздар.

Р.Адия Нұрай

Жасыл шырша төрдегі Тамаша, тамаша,

Дейді бәрін көр мені Шыршамыз тұр жараса

Кеткен әсем құлпырып Басында әсем жұлдызы

Ойыншықтар тұр тұнып, Көз тоймайды қараса.

Той мереке салтанат Ойыншықты мұншама

Думандатты шартарап Кім ілді екен шыршыға

Келді міне Жаңа жыл, Бізге Жаңа жыл келді

Тартуларын арқалап. Аяз ата бірге енді.


Дильназ Н. Малика

Жүзімізде қуаныш Жүзімде күлкі ойнап

Әр көңілде жақсы үміт Қанаттанды жанымыз

Келе жатқан Жаңа жыл Жаңа жылды біз тойлап

Тау далаға жараса Шаттанамыз бәріміз

Әйнектердің сан түрлі Кел Жаңа жыл біздерге

Әшекейі тамаша Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл.


Алан Асанали

Асыл моншақ тағынған Жасыл шырша төрдегі

Міне сұлу шыршамыз Дейді бәрін көр мені

Ортада тұр жарқырап Кеткен әсем құлпырып

Көз тоймайды қараса. Ойыншықтар тұр тұнып.


Жүргізуші: -Ал енді балалар, бәріміз бірге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

(Балалар музыка әуенімен шақырады, залға мыстан кемпір кіреді)

Мыстан кемпір: -Сәлеметсіңдер ме балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын. Мені сендерге Аяз ата жіберді,сыйлықтарынды беріп жіберді. Бүгін мерекеге келе алмайды, міне сыйлықтарың алыңдар.

Жүргізуші: -Жоқ мыстан, біз саған сенбейміз. Аяз ата мен Ақшақар міндетті түрде келуі керек.

Мыстан: (ашуланып) Келмейді. Мені Жаңа жыл мерекесіне шақырған жоқсыңдар, ендеше мен шыршаның шамдарын өшіремін. (шыршаны айнала шамдарын өшіреді). Ал енді көрейін мерекені қалай тойлайтындарынды. (залдан шығып кетеді)

Осы кезде шыршаның артынан аюдың ақырған дыбысы шығады.


Аю: -Ой, бұл жерде не боп жатыр. Менің ұйқымды бұздыңдар ғой. Бұл қандай мереке?

Жүргізуші: -Сәлеметсіңбе қорбанбай аю. Біз мында Жаңа жыл мерекесін тойлап жатыр едік. Бірақ мыстан келіп «Аяз атадан сыйлықтарынды әкелдім мереке болмайды» деп шыршаның шамдарын сөндіріп кетті.

Аю: -Ой қиын болған екен. Кәне сыйлығы мынау ма? (қапты ашып көреді) Бұл Аяз ата дайындаған сыйлықтар емес қой. Мыстан алдаған екен. Кәне балалар, Аяз ата мен ақшақар алыстан келе жатқан шығар, оған дейін шыршамызды көңілдендіріп, шамдарын жағып көрейік.

Ойын: «Шам жағу» (шапалақтайды шам жанады, қатты үрлейді шам сөнеді)

Аю: -Балалар, шыршаның шамдары жанбады, енді жақсылап бір би билеп берейік, сонда жанатын шығар.

Би: «Вальс»

Аю: -Қап жанбады, енді не істейміз?

(Осы кезде залға қоян кіреді)

Қоян: -Сәлеметсіңдер ме балалар. Жаңа жылдарыңмен. Аю неге мұнайып тұрсын, не болды?

Аю: Мыстан шыршаның шамдарын сөндіріп кетіпті, қалай жағудың амалын іздеп тұрмын.

Қоян: -Балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер шешуін тапсандар, жанатын шығар.

Қолы жоқ сурет салады Қыста ғана болады

Тісі жоқ тістеп алады Ұстасаң қолын тоңады

(аяз) (қар)


Қоян: -Жарайсыңдар! Сендер менің жұмбағымды шештіңдер, бірақ шамдары жанбады. Кәне онда бәріміз шырша туралы ән айтып берейікші.

Ән: «Шырша»

Қоян: -Таптым, бұл шыршаның шамдарын жағатын адамды білемін. Ол Аяз ата. Кәне бәріміз қатты дауыстап шақырайық.

(Балалар Аяз ата мен Ақшақарды шақырады. Залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді.)

Аяз ата: -Амансындар ма балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын. Келе жатқан жылқы жылы құтты болсын.

Ақшақар: Аяз ата біздің шыршамыз жарқырамай тұр ғой.

Аяз ата: Иә, дұрыс айтасың.

Жүргізуші: Аяз ата мыстан кемпір бізге ренжіп шыршаның шамдарын сөндіріп кетті.

Аяз ата: Мұнысы дұрыс болмады. (сиқырлы таяқшасымен шыршаны айнала)

Кәне шырша балаларды таңырқат,

Шамдарынды жарқырат.

(шырша жарқырап шығады)

Жүргізуші: Хош келдіңіздер Аяз ата мен Ақшақар. Біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.

Касенов А С. Малика

Тамаша сый алып Тыңданыздар, тыңданыздар

Келді Аяз атамыз Таңырқап тек тұрмаңыздар

Шаттанып, қуанып Сәнді шырша шақырады

Шырқап ән айтамыз Келіңіздер, келіңіздер

Әкелсін жыл ырыс құт Қызығы мол Жаңа жылдың

Әлемде болсын тыныштық Тамашасын көріңіздер

Ән салайық жаңаша

Жаңа жылым тамаша.

Жасмина А. Малика

Ақ қыс келіп сән құрды Жаңа жылым мол болсын

Тау далаға жараса Басқан қадам оң болсын

Әйнектердің сан түрлі Төрле, төрле жаңа жыл

Әшекейі тамаша Бізге құтты жыл болсын.

З. Санжар Қасымбек А

Жаңа жылым Жаңа жыл, жаңа жыл

Жаңа жылым Тамаша тойымыз, алақай, алақай

Жаңа жылым Өседі бойымыз

Жаңа жылым Жаңа жылда жаңаша

Құтты болсын елім ау Тақпақ айтамыз, болсын риза балаша

Жаңа жылым. Аяз атамыз.

Дария Мирас

Көрдің бе аяз атаны Жаңа жылда барлық үйге

Аппақ екен сақалы Жаңа жылда сәбилерге

Аппақ екен мұрты да Аяз ата келеді

Қызыл ала шапаны Сыйлық әкеп береді.

Аяз ата мен Ақшақар: Жарайсыңдар , қандай тамаша.

Жүргізуші: Аяз ата балалардың биін тамашалаңыздар.

Би «Сыған биі»

Жүргізуші: Аяз ата біздің балалардың тағы құттықтау сөздері бар.

Дархан У. Меруерт

Сақалы аппақ күмістей Аралайды бақшаны

Тістері аппақ күріштей Үзілмейді жақсы әні

Қызыл ала шапаны Гүлденеді бақшалар

Сағындым Аяз атаны Жауса жаусын ақшақар

Әділхан Әмірхан

Мұздан моншақ тағынып Кел билейін сенімен

Күміс қырау жамылып Дедім тартып жеңінен

Ортада тұр Ақшақар Еріп кетпе Ақшақар

Көптен күткен сағынып Адамдардың демінен

А. Адия Ильяс

Бізге жаңа жыл келді Оралды өлкеме

Аяз ата бірге енді Жаңа жыл армысың

Алақай, алақай Оранды ақ көрпе

Би билейік балақай Асқар тау қарлы шың

Камила Нұрайым

Ойыншықты мұншама Тоғай да, баулар да

Кім ілді екен шыршаға Ақ күміс жамылды

Алақай, алақай Дала да, таулар да

Би билейік балақай Өзінді сағынды

Хақназар М. Санжар

Аспан жерге төгеді Шанасына мінеді

Ақ күмісін уыстап Мәз мейрам боп келеді

Жаңа жыл да келеді Жарысамыз бәріміз

Бізге қарай жылыстап Жарасып тұр сәніміз.

Б. Меруерт

Ақ күмісін уыстап Жаңа жыл да келеді

Бізге қарай жылыстап Шырқатайық өлеңді.

Ән: «Кішкентай шыршамыз»

Аяз ата: Жарайсыңдар балалар. Сендердің өнерлеріне өте ризамын. Сендерге сыйлық дайындап ем. Беремізбе Ақшақар?

Ақшақар: Әрине Аяз ата. Балалар өте тамаша дайындалған екен.

Аяз Ата: Иә, биыл балалар мен сыйлығымды арқалап келген жоқпын, оны сендерге биыл жылқы жылы болғандықтан жылқымыз әкелсін.

(Залға жылқы сыйлықтармен кіреді)

Аяз ата сыйлықтарын тапсырып бәрін құттықтайды.

Аяз ата: Ал енді балалар бізге кету керек. Өздерің сияқты басқа балалар да күтіп жатыр бізді. Келесі жаңа жылға дейін қош сау болыңдар!

Жүргізуші: Осымен біздің жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді тағы да жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, шаттық, молшылық тілейміз.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Қош келдің жаңа жыл.

Автор: Кенжибаева Сандыгуль Каировна

Дата: 21.02.2017

Номер свидетельства: 394465

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""?ош келді? жа?а жыл!" "
    ["seo_title"] => string(27) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl-9"
    ["file_id"] => string(6) "246209"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446310294"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) ""Қош келдің, Жаңа жыл!""
    ["seo_title"] => string(28) "k_osh_kieldin_zhan_a_zhyl_12"
    ["file_id"] => string(6) "448069"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1515170379"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "« Қош келдің Жаңа жыл!»"
    ["seo_title"] => string(24) "kosh_keldin_zhana_zhyl_3"
    ["file_id"] => string(6) "498077"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1549037543"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Жа?а жыл жарыл?асын""
    ["seo_title"] => string(20) "zhanazhylzharylkasyn"
    ["file_id"] => string(6) "275308"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452537938"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Жаңа жылдық ертеңгілік «Келді міне, Жаңа жыл!»"
    ["seo_title"] => string(46) "zhana_zhyldyk_ertengilik_keldi_mine_zhana_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "493003"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1545888027"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства