Просмотр содержимого документа
«Қош келдің жаңа жыл»
Қош қелдің, жаңа жыл!
Мақсаты:Жаңа жыл мерекесінің несімен қызықты екенін түсіну. Аяз атаның балаларға қуанышсыйлайтынын білуді. Әр мерекеде тәртіппен-тәрбиелеу керектігін.
Көрнекі-құралдар:түрлі шарлар, шырша, безендірген әр түрлі көрнекіліктер.
Би «Көңілді балақайлар»
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамаыққа бөеп алды маңайды.
Ақшақар: Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін.
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
1 бала:
2 бала:
Фиксиктер шығады.
1 Симка- Уа, мына жерде не болып жатыр?
2 Нолик-Мереке. Яғни жаңа жыл мерекесі.
1 Симка -Ол мереке не үшін керек
2 Нолик - Жаңа жыл мерекесінде Аяз атамен бірге балалар көңіл көтереді. Балалар Аяз атаға өздерінің дайындаған өнерлерін көрсетеді.
1 Симка - А, енді түсінікті. Ал ендеше бізге осы мерекеге Аяз ата керек ғой? Ал біздің шырщамыз көңілсіз. Ендеше шырша шамын жағайық (шырша шамы жанады)
Ақшақар: Дұрыс айтасыңдар қане Аяз ата келе жатырма қарасайық. Ендіше біріміз шыршаны жағайық. Ал қанекей, бәріміз бірге (осы кезде үйінен Түлкі шыға келеді.)
Түлкі-Ай,ай мында не болып жатыр, мынау қандай жарқыраған, әдемі балалар. Бұлар не үшін осылай сәнденіп алған?
Ақшақар: Түлкіжан бұл бүлдіршіндер Аяз атаны күтіп отыр.
Түлкі: А, енді түсінікті. Мен білемін Аяз атаның қандай екенін?
Ақшақар:сен оны білсең, бізге тез алып келсеңші?
Түлкі: Жақсы, мен кеттім алып келейін-деп кетіп қалады.
Ақшақар: Балалар Түлкіжан бізге Аяз атаны алып келемін деді: Бірақ Түлкіге сенуге болмайды, ол алдап кетуі мүмкін. Оданша өзіміз шақырып көрейік.
Барлығы бірге:-Аяз ата2(музыкамен Аяз ата кіреді)
Аяз ата: Армысыздар, бармысыздар балалар! Мені шақырдыңдарма?
Балалар: иә.
Аяз ата: Мен сендердің дауыстарыңды естіп, асығып келдім.
Ақшақар: Аяз ата қош келдіңіз! Жайғасыңыз! (отырады). Біз сізді тез алып келсін деп Түлкіні жібіргенбіз. ОЛ қайда өзі?
Аяз ата: Ой, рас Түлкіжан қайда? Ол маған келіп сізді балалар шақырып жатыр, жүріңіз деген. Сізге көмектесейін деп, балалар сендерге әкеле жатқан сыйлықтарымды алған. Ол не мнеі алдап кеттіме сонда?
Ақшақар: Ай, ай Аяз ата, Түлкінің бұнысы жарамайды. Енді не істейміз?
Аяз ата: Алаңдама Ақшақар қызым мен оны өзімнің аязыммен алып келем-деп « түлкіні қайтару» деп айқай салады да таяғымен жерді бір ұрады. ( осы кезде түлкі артымен ұшып Аяз атаның алдына келеді)
Түлк: Ой, Аяз ата сіз мындасыз ба? Мен сізді орманда жолғалтып алып, таба алмадым. Сондай уайымдадым.
Аяз ата: Ендіше Сыйлықтар қайда?
Түлкі: Сыйлықтар қайда екенін білем. Бірақ бермеймін. Балалар маған өз өнерін көрсетсе, мен айтам қайда екенін.
Ақшақар: Балалар естідіңдер ме? Түлкіжан аяз атаның сендерге әкеле жатқан сыйлықтарды тығып қойыпты, бірақ сенде өнерлеіңді көрсетпесеңдер ол бермейді.
Фиксиктер: Ал бабабар мерекемізді бастайық!!!
Хоровод
Тақпақ мини цетр
Би
Ән 0 «а»
Би қыздар
Тақпақ 0«а», 0«б»
Ән 0«а»
Ойын
Ақшақар:міне Аяз ата біздің бүлдіршіндер қандай өнерлі екенін көрдіңбе? Енді сыйлықтарды бер.
Түлкі: Жоқ мен білмеймін, бермеймін. Ешкімненде қорықпаймын.
Ақшақар: Онда біз осы жылдың, жыл басын шақырайық. Әтеш бізге көмектесіңдер.
Әтеш: Уа түлкіжан қалайсың? Көріспегелі көп болды ғой. Сенде сол баяғы әдетің қалмағанба? Сен неге Аяз атаны алдап кеттің, ол болама екен, сен қандай ақылды, әп-әдемісің. Ал сен болсан жаман қылық жасап жүрсің, солай боладыма екен?
Түлкі: неге мен ғана жаман қылық жасап жүрмінбе? Жоқ Әтешжан мына балаларда да сондай жаман қыылықтары бар. Олар үлкендердің тілін алмайды, айтқандарын орындамайды, төбелеседі, өй айтаберсең көп.
Әтеш: балалар түлкінің айтқаны распа?
Балалар: жоқ. Біз тәртіпті, ақылдымыз. Біз жақсы балалармыз.
Түлкі: Жарайды, қазір әкеліп берейін. Бірақ менің үйімді қар басып қалды, мен қалай үйге кірем?
Ақшақар:Симка мен Нолик саған көментеседі қазір. ( Түлкі, Симка, Нолик жүгіріп кетеді. Біраздан кейін сыйлықтарды әрең көтеріп келеді. ) Ақшақар: Ой, мыны сыйлықтар қатып қалыпты, енді не істейміз?
Фиксиктер: Біз білеміз, бізге ітеш көмектеседі.
Әтеш: Қазір деп айналып жүріп, ішінен сыйқырлы создерді айтады.
Аяз ата: Міне, керемет сыйлықтар табылды. Мен қазір аттарыңды айтамын сендер қолдарыңды қөтересіңдер, мен өзім апарып бремін. (не менің көмекшілерім апарып береді).Ал неді мен қайтайын, мені басқа балалар күтіп қалды. Оларда сендер сияқты өз сыйлықтарын күтіп отыр.
Ақшақар: Ал балалар барлықтарыңа мереке ұнадыма? Ендешебіріміз Аяз атаны шығарып салайық. Келесі кездешкенші Сау болыңыздар.