Просмотр содержимого документа
«"Қош келдің жаңа жыл"»
Қош келдің жаңа жыл!
Мақсаты: Балаларды одан әрі қарай қыс мезгілінің белгілерінің таныстыруда отырып, мерекелік көңіл-күй сыйлау, музыка әуенін тыңдай біліп, соған сай қимыл қозғалыстар жасай білуге баулу, бірлікке, достық қарым – қатынасқа, ептілікке, шапшандыққа тәрбиелеу, танымдылықтарын кеңейту.
Қажетті құралдар: Ағаш үй, шаңғы, қапшық, қағаздан қиылып жасалған аққала дене мүшелері, хат.
Ойын – сауық барысы:
Музыка бөлмесі мерекеге сай безендірілген. Бір бұрышта ағаш үй, оның төбесі ақ мақтамен жабылған жаңа жыл шырақтары ілінген және қоңырау. Үйдің ішінде Қаршақыз отырады. Жүргізуші баларымен көңілді музыка әуенімен залға кіреді.
Жүргізуші:
Қыс келді, қыс иықтап
Қалды аюлар ұықтап
Қыс келді, қыс-мұз қарлы
Қыраулы да ызғарлы
Қыс келді, қыс боранды
Қырат көрпе оранды.
Тақпақтар:
Адия
Жалғасбек
ӘН « Қыс қызығы»
Көңілді музыка ойнап Күлдіргіш кіреді.
Күлдіргіш:( Клоун) Мәс саған! ( Таңырқап, жан – жағына қарап)
Жүргізуші: Сен кімсің өзің киімің қандай тамаша.
Күлдіргіш: Таңысып қоюға рұқсат етіңіз, менің атым Күлдіргіш Клепа ( балалармен қол алысып амандасады)
Жүргізуші: Қарашы Клепа, мына бөлмеде қаншама қыздар мен ұлдар.
Күлдіргіш: Иә, қыздар көп екен, бірақ ұлдар одан да көп! ( жүргізуші екеуі айтысады жүргізуші қыздар көп, ал Клепа ұлдар көп деп).
Жүргізуші: Клепа былай біз ештеңе бітірмейміз, одан да былай жасайық. Мен қыздармен амандасамын сен ұлдармен, кімдердің дауысы қатты шықса солар көп болады. Келісесің бе (иә).
Жүргізуші: Сәлеметсіңдерме қыздар! Көрдің бе қыздар көп.
Күлдіргіш: Қане ұлдар көрсетіңдер өздеріңді. Сәлеметсіңдерме ұлдар! Міне естідің бе енді сіздер естідіңіздерме? (қонақтарға қарап).
Жүргізуші: Жарайды, енді қане қонақтармен де амандасайық бәріміз.
(Сәлеметсіңдер ме құрметті қонақтар).
Күлдіргіш: Ух, балалар, бір жұмыс бітті.
Жүргізуші: Ендеше, жүр бізбен мына бөлме қандай тамаша, соны аралап шығайық, тағы келер бар екен, жақын барып шыршаны көрейік.
( балалар жүргізушінің соңынан еріп шыршаға жақындап, тамашалайықшы).
Жүргізуші: Балалар, жүріңдер тағы не бар екен бұл бөлмеде, аралап көрейік.
( бұрышта тұрған үйге келеді)
Қараңдар, мына жерде бір тамаша үй тұрған кім тұрады екен, қане есік қағып көрейік. ( 1-2 бала есік қағады үйден Қаршақыз шығып).
Қаршақыз: Сәлеметсіздерме!
ӘН « Ақшақар»
Жүргізуші: Қаршақыз, біз бүгін мында Жаңа жыл мерекесін тойлауға келдік. Аяз Атамыз қайда? Сіз не жалғыз ба?
Қаршақыз: Жоқ, мен жалғыз емеспін. Менің досым Аққала, Аяз ата тұрады менімен бірге бұл үйде.
Жүргізуші: Енді олар қайда?
Қаршақыз: Аяз ата сендерге келеді ден естіп, сыйлықтарын әкелуге кетіп еді, аққала соны іздеп кеткен, содан жоқ, адасып, балабақшаны таба алмай жүрген болар.
Күлдіргіш: Қаршақыз оған сен мұнайма. Қазір біз оны тауып аламыз. Қане балалар, Аққала, Аққала, Аққала-ау – деп шақырайық. (балалар шақырады).
Музыка әуенімен Аққала келеді.
Аққала: Кешір Қаршақыз, кешір мені Сәлеметсіңдер ме балалар.
Қаршақыз: Аққаламерекеге қонақтар келіп қалды, сен жоқсың, Аяз атамыз жоқ, ұят болды ғой!
Аққала: Мен Аяз атаны таба алмадым, қайда жүргенін.
Күлдіргіш: Ту! Мен сендерді мына шыршаны көргесін өзімнің осында неге келгенімді таза ұмытып кеттім ғой кешірерсіңдер, бәріне мен кінәлімін. Мен сендерге хат әкелдім ғой, бір ұзын сақалы бар шалдан мен түсінбедім, ол өзін қар атамын әлде мұз атамын деді ме ұмытып қалдым.
Жүргізуші: Әкел хатты тезірек, біз соны күтіп жүрміз ғой. Распа, балалар! Аяз ата ғой ол, Аяз атамыз қандай Жаңа жыл.
( хатты оқиды )
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көруге асығудамын. Сендермен би билеп өлең айтуға, сендердің тақпақтарыңды тыңдауға асуғадамын. Бірақ, менің бір шартым бар сендерге қоятын. Мерекеге ата – аналарды шақырмаңыздар!
Аяз ата.
Енді не істедік, балалар!Аналарды - әкелерді, әже, аталарды шақырып қойдық.
Күлдіргіш: Далаға шығарып жіберейік. Жоқ –ұят қой!
Топқа жіберейік ренжіді ғой. Оларда жаңа жылды тойлағылары келеді ғой. Енді не істейміз.
Жүргізуші: Бәрінде мында жиналыңдар, қазір ақылдасамыз.
( осы кезде ақырын музыка ойнайды балалар, жүргізуші, күлдіршін, бәрі ақылдасуды).
Жүргізуші: Жарайды, құрметті қонақтар Аяз ата білмеу үшін біз сіздерді ұлдар мен қыздарға айналдырамыз. Музыка ойнаған кезде сіздер ұлдар мен қыздарға айналасыздар.
Музыка Қонақтар көздеріне жаңа жылдық беттеріне, маскарадтық көзілдірік бастарына бантик таға бастайды.
Осы кезде қоңыраудың дауысы естіледі.
Жүргізуші: Естідіңдер ме, балалар. Бұл Аяз ата шанамен келе жатқан қане айғайлап шақырайық, тезірек келсін.
Балалар: Аяз ата , Аяз ата.
Музыка ойнап, есіктен инопланетянен келеді.
Инопланетянен: С- С –С Сәлеметсіңдер ме!
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе? Сіз кімсіз.
Инопл. Қалай кімсіз. Мен Аяз Атамын!
Сендер мені жаңа жыл шақырдыңдар ғой, сосын келдім. У- У ақытында ке-келдім бе, балалар!
Оң-ға - солға, оң- ға - солға
Жүргізуші: Балалар, бұл қалай? Сонда ... Сендер бірде ме түсіндіңдер ме! Мен түсін бедім түкте, сонда біздің күткен Аяз Атамыз осы ма?
Инопл. Жарайды, көп сөзді қояйық мерекені бастайық. Менің уақытым жоқ, әлі басқа балабақшаға баруым керек. Қане маған дайындаған сыйлықтарың қайда, әкеліңдер!
Жүргізуші: Сіз өзінің кімсіз, қандай сыйлық?
Инопл. Өздерің түк білмейсіңдер ғой, мен аспаннан келген Аяз Атамын.
Жүргізуші: А, солай ма! Біздің сізге сыйлығымыз, әндер, билер, тақпақтар.
Инопл. Менің билегім келіп тұр.
ӘН « Шырша әні»
Инопл. Шыршаға жақын келіп, шырша дегеніміз ол не, көрсетіңдерші маған. Мынау не?
(қолымен ұстап ойбай салады, аузына салып, жеуге болады ма дейді)
Жүргізуші: Шыршаны жемейді, оны айналып ән айтады, би билейді, тақпақ айтады.
Тақпақтар:
«Цыған биі»
Инопл: Бәрі тамаша екен, одан да үйге барып ұйықтайық балалар! (Жоқ)
Жүргізуші: Не сізге, біздің мереке ұнамайды ма, бірде күлген жоқсыз әлі!
Инопл.: Күлу деген не ол мен білмеймін? Бәрі көрсетеді.
Инопл.:Болды, болды шегім –ау, Мынау қызық екен, балалар осының бәрін ұмытпай тұрғанда өзімнің балалары ма үйретейін, тезірек барып, мен кеттім сау болықдар . Кетеді.
Жүргізуші: Ух, мынау қызық болды ғой балалар!
Сонда өзіміздің Аяз Атамыз қайда. Жүр осы уақытта дейін қане тағы бір дауыстап шақырайықшы!
Аяз ата, Аяз Ата, Аяз Ата.
Аяз ата: Сәлеметсіздерме балалар!
Қаршақыз: Аяз ата, мына қонақтар сізді көп күтіп қалды ғой, қайда жүрсіз.
Аяз ата: Ой, қызым. Мен мерекеге ормандағы аңдар шақырған. Соларға бардым. Жол жоқ, орманға такси бармайды, мына шаңғымен барып келдім, кешіріңдер.
Мына шыршаны танымай қалдым, қандай тамаша етіп қылғансыңдар!
Мұны мен жаздай өсіріп, сендерге беріп жібердім ғой. Неге шамдары жанбай тұр?
Күлдіргін: Сізді күттік Аяз Ата! Қазір жағамыз. Қане балалар, шыршаны жағу үшін бәріміз былай істеуіміз керек.
Жүргізуші: Аяз ата, біз сізді бір жыл күттік, бірақ бос күткен жоқпыз. Сізге арнап ән, тақпақ жаттадық.
Тақпақтар:
Аяз ата: Мен де сендерге құр келген жоқпын. Мен сендерге ойын әкелдім.
Ойын аяқталған соң шамдар сөніп есік жақтан ысқырып, мыстан кемпір келеді, Қарқ – қарқ – қарқ..
Жүргізуші: Бұл кім өзі, біздің мерекелі бұзған.
Мыстан: Мен, мен
Жүргізуші: Бұл не істегенің біз жаңа жылды қарсы аламын деп жатырмыз!
Сен не істедің?
Мыстан: Мені неге мерекеге шақырмадыңдар, бәрінде шақырыпсыңдар, ата – аналар, Аяз ата, қаршақыз, күлдіргін.
Жүргізуші: Сен мыстан кемпір, ән тақпақ, айталмайсың, би билеймейсің, ал біздің балалар бәрі біледі.
Тақпақтар:
Мыстан: Мен де білемін (былдырлап тақпақ айтқан болады, ұмытып қалады, қазір-қазір, билеп беремін )
Жүргізуші:Көрдің бе, түкте білмейсің. Біздің балалар, би билейді.
Мыстан: Енді жақсы әже боламын деп шыршаны бір айналып шығып, әдемі орамал тартып, мұрнын алып тастайды. Мен сендерге құр келген жоқпын, ойын әкелдім.
Ойын : Қапшықпен жарыс.
Жүргізуші:Аяз Ата сіз шаршаған шығарсыз мына орынға отырып балалардың тақпақтарын тыңдаңыз.
Тақпақтар:
ӘН « Аяз ата»
Әннен кейін 12 соққан сағаттық дауысы естіледі.
Жүргізуші: Балалар, тыңдаңдар жаңа жыл келіп қалды.
Есіктен доңыз бен тышқан келеді, балалармен қонақтармен сәлемдеседі.
Доңыз: Құрметті қонақтар, балалар мен сендермен қоштасуға келдім осы доңыз жылы бәрі жақсы болды, мол егін шықты, сендер өсіп мектепке дайындалудасыңдар, жарайсыңдар. Енді сендермен мына тышқан жылы болады.
Тышқан: Сәлеметсіздер ме қонақтар, балалар
Жаңа жыл боп келдім мен
Жақсылықпен недім мен
Тыныш болып еліміз
Жайна жарқын еліміз
Жаңа жылдарымыз құтты болсын.
ӘН « Жаңа жыл»
Жүргізуші: Аяз ата, біздің балалар бүгін қаншама ән, тақпақ айтып, би биледі, соған сіздің сыйлығыңыз бар ма?
Аяз Ата: Әрине бар сыйлығым үлкен, ауыр болды, сосын әкелк алмадым.Қане ,кім маған көмектеседі.
Сыйлықтарды таратып беріп, хош айтысып тілектер айтады.