Просмотр содержимого документа
«Қош келдің,Наурыз!»
Тақырыбы: Қощ келдің, Әз Наурыз!
Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу.
Наурыздың 22-сінде күн мен түннің тенелетінін, одан кейін күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру.
Наурыз мерекесін қалай атап өтуді таныстыру.
Ұлттық салт – дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Армысыздар үлкен – кіші ағайын,
Наурызды қарсы алуға біз дайын.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын,
Жүздерініңіз әрқашан нұрға толсын.
Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мерекелері бар. Ал Наурыз – қазақ халқының шын мәніндегі ұлттық мейрамы. Бұл күн мен түннің теңесетін күні. Сондықтан халқымыздың Наурызды «Жыл басы», «Ұлыстың ұлы күні» дейді.
Ұлыстың ұлы күнін мейрамымызды «Наурыз» әнімен ашайық.
-Балалар: Қыс мезгілі айтпақшы,
Жолымызды мақұл берейін.
Өз жөніме кетейін деп,
Көктемге жол берді.
Сондықтан да қазір біз аластау рәсімін жасайық. (жаулық тағынған қыз бала арша жағып)
-Тамаша балалар «Ақ лақ – ақымақ» дегеннің өзі ақымақ болып қалды.
-Енді, Наурыз туралы тақпақтарымызды айтып берейік.
Ән қошақан
1-бала: Құтты болсын Наурыз
Жалқаулық жауымыз
Дала толсын егіске
Малға толсын тауымыз.
2-бала: Наурыз тойы әдемі
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдемі
Наурыз көже пісірді.
3-бала: Кел, балалар ойнайық
Наурыз тойын толайық
Баянды боп мереке
Қыр гүліндей жайнайық
4-бала: Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз
- Ал, балалар жарайсыңдар. Осындай мереке күні әр үйде дастархан жасалады, үйге кіріп әжелерді ұлыстың ұлы күнімен құттықтап шығайық. Үйде дастархан басында әже отырады. Балаларға Наурыз көже ұсынады.
- Наурыз көже өте дәмдә екен. Оны қалай дайындадыңыз?
-Әже: Наурыз көже, қарақтарым Наурыз мерекесінің негізгі тағамы. Оған 7 түрлі тағам қосылады: олар қыстан қалған сүр, айран, сүт, тұз, құрт, тары, бидай. 7 саны киелі сан, ал Наурыз көже туралы толықшылық белгісі.
-Рахмет әже, балалар сізге Наурыз көже туралы тақпақтар айтып береді.
1-бала: Арпа, бидай, тары бар
Қатық, майлар тағы бар
Ішілетін жейтіннің
Бұл көжеде бәрі бар
2-бала: Құрт, бауырсақ шашылып
Наурыз тойы ашылсын.
Бір – бірімен мына жұрт
Көрімдігін асырсын
3-бала: Бата беріп атамыз
Бата беріп әжеміз
Тәтті болып жасалған
Көжеден дәм татамыз
Барлық қатысушы балалар:
Ұлыс күні қазан болса,
Ол жылы ақ мол болар
Ұлы кісіден бата алса
Сонда ол жалы болар, демекші енді бата тілейік. (ата болып киінген бала)